«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
«КЕЛІСІЛДІ:»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
__________ Ж. Жарқынбаев
2013 жылғы 28 шілде
«КЕЛІСІЛДІ:»
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
_____________ Е. Досаев
2013 жылғы 29 шілде
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 213-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және
тарифтік сметаларды бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъект) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту тәртібін айқындайды.
3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларында көзделетін параметрлерін (көрсеткіштерін) ескере отырып қалыптастырады.
4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық тарифтiк смета – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъекті тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілген бірінші жылға тарифтiк смета;
2) болжанатын тарифтiк смета – Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған ұзақ мерзімді кезеңнiң кейінгі жылдарына арналған тарифтiк смета;
3) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) тарифтiк кіріс – уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi бойынша Субъекті реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алатын кіріс;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;
7) тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету – тарифтің бекітілген шекті деңгейін өсірусіз тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету;
8) стратегиялық тауарлар табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
7. Тарифтік сметаның болжанатын көрсеткіштері Субъектінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.
Тарифтік кіріс ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Бүкіл кезеңге арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) есептеледі.
Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанатын көлемдерінің, кезең шығыстарының, сондай-ақ пайданың жол берілетін деңгейінің негізінде айқындалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін төтенше шара түрінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 22, 23, 26, 29-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субьекті «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша ақпарат ұсынады және оны осы Қағидалардың 40-тармағында айқындалған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде уәкілетті органның ведомствосы, егер Субъекті тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің шығын бөлігін төмендетсе, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъекті аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндiрiстiк активтердi жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Тарифтердің шекті деңгейлерін әр жылға бекітуге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтінімді ұсыну мен
қабылдау тәртібі
13. Субъект уәкiлеттi органға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге өтiнiмді олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын береді, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.
14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге:
1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
2) бес жылдық және одан да көп мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) не инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді бір мезгілде ұсынған жағдайда, бес жылдық және одан да көп мерзімге арналған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен ұсынылады;
3) салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасы;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім (бұдан әрі - бухгалтерлік теңгерім);
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі - кірістер мен залалдар туралы есеп);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішінде капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі - капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9910 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі инвестициялық қызмет туралы есеп;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп (1-е нысаны);
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы есеп (2-Е кәсіп);
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 тіркелген) нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп;
13) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтік сметасының жобасы;
14) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы;
15) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өзге және басқа да шығыстардың таратылып жазылуы;
16) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептері және техникалық ысыраптардың есептері;
17) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
18) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);
19) алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;
20) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі;
21) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және ұзақ мерзімді кезеңге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың жылдарға бөлінген есебі;
22) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);
23) басшыларға, олардың орынбасарларына, бас (аға) бухгалтерлерге еңбекақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекеттік кәсіпорындар не мемлекет қатысуының басым үлесі бар кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі;
24) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
25) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектісінің жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндетіне және мүмкіндіктеріне, тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейін қолдау немесе өсуі мақсатында көлемдерін төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып, тауарларды өндіру көлемдерінің есептері), маркетингтік зерттеулердің, тұтыну сұраныстарының материалдары қоса беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Табиғи монополия субъектісі есепке алу аспаптарынсыз тұтынушылар санының азаюына байланысты көрсетілген қызметтер көлемі өзгерген кезде жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекітуге мына негіздейтін материалдарды:
1) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбаны;
2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есебін;
3) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;
4) басқа да тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;
5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде тұрып жатқан немесе орналасқан тұтынушылардың (оның ішінде жеке тұлғаларға және басқа тұтынушыларға бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;
6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайлардың, барак үлгідегі үйлердің тізбесін қоса бере отырып өтінім ұсынады.
16. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.
17. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай рәсімдер сақталып ұсынылады:
1) өтiнiм материалдары тігіледі, нөмірленеді және Субъекті мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады.
2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм берудің адындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
3) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) болдырмау мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады;
4) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері бірінші жылға және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдері – Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, кейінгі жоспарланатын жылдарға алынады;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздейтін және растайтын материалдар ұсынылады;
6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:
1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі;
3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептері, құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің шекті деңгейін бекітуге себеп болып табылатын стратегиялық тауар шығысының нормалары қоса беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіткен жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосы өтінім алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімдерді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас тарту себептерін келтіре отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
20. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:
1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;
2) Субъектінің осы Қағидалардың 14 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі болып табылады;
4) ұсынылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі болып табылады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті
деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасын бекіту тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің тарифтерінiң (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметаларының жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.
Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобаларын төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін күнтізбелік жиырма күннің ішінде қарайды.
Егер тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны Субъектіден бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп жазбаша түрде сұратуға құқылы.
22. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің және тарифтік сметалардың жобасына:
1) Субъекті өтінішпен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;
2) ол үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
23. Уәкілетті органның ведомствосы Субъект ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.
24. Уәкілетті органның ведомствосы жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмді оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып қабылдайды.
Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңінен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
Егер Субъекті тарифтің шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) тиісті шекті деңгейін бекітуге өтінім бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды инвестициялық құрамдастарды (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу амортизациялық аударымдар қаражатының есебінен жүргізілетін жағдайларды қоспағанда) ескерместен қайта қарайды.
25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Субъектіге жолдайды.
Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды.
26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін төтенше реттеуші шара ретінде енгізу уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын күннен бастап жүзеге асырылады.
27. Субъекті тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткiзедi.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген жағдайда, олардың өзгергені туралы ақпаратты табиғи монополия субъектісі тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы жеткізеді.
28. Субъекті уәкiлеттi органның ведомствосына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейi енгiзілетіні туралы тұтынушыларға хабар берілгені жөніндегі факт туралы ақпаратты күнтізбелік бес күн iшiнде ұсынады.
29. Егер субъекті тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі уәкілетті орган ведомствосының шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) бекітілген деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.».
30. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітілген тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін көтерместен оның шекті деңгейін түзету үшін табиғи монополия субъектісі табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылдың аяғына дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш жолдайды.
Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулерді ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтермей оның және тарифтік сметаның жобасын және түзетулерді енгізуді негіздейтін материалдарды ұсынады.
Тарифтік сметаның және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің ұсынылған жобасы және материалдар Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
31. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету бойынша құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
32. Егер тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қосымша құжаттар (ақпарат) қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы құжаттарды ұсыну бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілеп, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде хабар беріледі.
Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.
33. Егер осындай түзету табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің көтерілуіне алып келетін жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін түзетуден бас тартады.
34. Инвестициялық бағдарламаны қысқартуға оған қарай түзетулер енгізілген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін оны төмендетуге қарай түзетеді.
35. Тарифтік сметада көзделген, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктері ескеріле отырып айқындалған шығындар баптарын түзету аталған шығыстарды асырған жағдайда не еңсерілмес күш мән-жайларын және төтенше жағдайларды қоспағанда, шығыс нормаларын бес пайыздан астам төмендеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектiсi табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырады.
Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды тарифтік сметаны орындау барысы туралы есепті кезеңнің жарты жылында бір рет тиісті ақпаратты «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-7) тармақшасының негізінде уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: ТСО-1
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынады: өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Көрсеткіштердің атауы* |
Өлшем бірлігі |
Бекітілген тарифтік сметада көзделген |
Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері |
% ауытқу |
ауытқудың себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде |
мың теңге |
||||
Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Шикізат және материалдар |
- " - |
||||
сатып алынатын бұйымдар |
- " - |
||||
жанар-жағармай материалдары |
- " - |
||||
отын |
- " - |
||||
Энергия |
- " - |
||||
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
өндірістік персоналдың жалақысы |
- " - |
||||
әлеуметтік салық |
- " - |
||||
Амортизация |
- " - |
||||
Жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
- " - |
||||
Өзге шығындар (таратып жазу) |
- " - |
||||
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: |
- " - |
||||
Әкімшілік персоналдың жалақысы |
- " - |
||||
әлеуметтік салық |
- " - |
||||
Салықтар |
- " - |
||||
Өзге шығыстар (таратып жазу) |
- " - |
||||
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар |
- " - |
||||
Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар |
- " - |
||||
Кіріс (АРБ*ПС) |
- " - |
||||
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ) |
- " - |
||||
Барлық кіріс |
- " - |
||||
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
заттай көрсеткіштерде |
||||
Нормативтік техникалық ысыраптар |
% |
||||
Тариф |
теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған |
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін
Ұйымның атауы _________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почтаның мекен-жайы _______________________________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________________
Басшысы _______________________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Күні 20 жылғы « » ______________
М.О.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы
туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық
Осы түсіндірме өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау туралы есепті дайындауына арналған. Тарифтік смета – бұл уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері.
Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларын, оның ішінде сараланған тарифтерді бекіту туралы өтінімді беру және олар бойынша шешім қабылдау, сондай-ақ тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы және табиғи монополия субъектілері Ерекше тәртіпті, тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің салалық әдістемелерін қоса алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті қарау кезінде бухгалтерлік есеп, салық заңнамасы стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекіту және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектісі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес тарифтік сметаны орындау туралы есепті қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіре отырып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырдан кешіктірмей жыл сайын ұсынуға міндетті.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекітетін нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштері және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштерінен тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.
Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы ақпарат
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: ҚНТ-1
Кезең: тоқсан сайын
Ұсынатын: инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
Ұсынатын мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірлігі |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
... |
Төлем бойынша міндеттемелер: |
мың $* |
|||||
млн. теңге* |
||||||
Кредиттер үшін пайыздар |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
||||||
Комиссиялық төлемақы, сыйақылар, және т.б. |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
||||||
Қарыздың негізгі сомасы |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
||||||
Резервтік қорға жіберілді |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
||||||
Есепті кезең аяғында резервтік қорда қаражаттардың нақты болуы |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
||||||
Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу сомалары |
мың $ |
|||||
млн. теңге |
* Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі.
** АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсету.
Ұйымның атауы _________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почтаның мекен-жайы _______________________________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________________
Басшысы _______________________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Күні 20 жылғы « » ______________
М.О.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу
туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық
Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты дайындауға арналған.
Көрсетілген ақпаратты инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіріп ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Алынған кредиттер бойынша сыйақылар мөлшерін (кредиттер үшін пайыздарды, комиссиялық төлемдерді) өзгерту инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде тек төмендету жағына рұқсат беріледі.
Шетел валютасымен алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің (инфляция) негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерілуі ескеріле отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.
1-баған – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге көрсеткіштердің атауы уәкілетті орган ведомствосы бекіткен нысан бойынша көрсетіледі;
2-баған – көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі (егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі. АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсетіледі.
3-баған – тиісті жылдың тоқсандары бойынша кредиттер үшін сыйақылар төлемдері көрсеткіштерінің ақпараты көрсетіледі.
Табиғи монополия субъектілерінің
Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін және тарифтік сметаларды
бекіту қағидаларына 3-қосымша
___________________________________________________
(ТМС атауы))
_____________________________________________ тарифтік сметасы
реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы
№ р/с№ |
Көрсеткіштердің атауы* |
Өлшем бірлігі |
Қолда-ныстағы тарифтік сметада қабылданды |
Алдың-ғы аяқтал-ған жыл ішіндегі нақты көрсет-кіштер |
Алдыңғы аяқталған 4 тоқсан ішіндегі нақты көрсеткіштер |
Субъектінің тарифтік сметасының жобасы |
|||
Жобаны іске асыру-дың барлық кезеңі-не, оның ішінде |
Жобаны іске асыру-дың 1 - (базалық) жылы |
Жобаны іске асыру-дың 2 - жылы |
Жобаны іске асыру-дың і-жылы |
||||||
І |
Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде |
мың теңге |
|||||||
1 |
Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||||||
1.1 |
Шикізат және материалдар |
- " - |
|||||||
1.2 |
Сатып алынатын бұйымдар |
- " - |
|||||||
1.3 |
жанар-жағармай материалдары |
- " - |
|||||||
1.4 |
отын |
- " - |
|||||||
1.5 |
Энергия |
- " - |
|||||||
2 |
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||||||
2.1 |
өндірістік персоналдың жалақысы |
- " - |
|||||||
2.2 |
әлеуметтік салық |
- " - |
|||||||
3 |
Амортизация |
- " - |
|||||||
4 |
Жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||||||
4.1 |
Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
- " - |
|||||||
5 |
Өзге шығындар (таратып жазу) |
- " - |
|||||||
ІІ |
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||||||
6 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: |
- " - |
|||||||
6.1 |
Әкімшілік персоналдың жалақысы |
- " - |
|||||||
6.2 |
әлеуметтік салық |
- " - |
|||||||
6.3 |
Салықтар |
- " - |
|||||||
6.4 |
Өзге шығыстар |
- " - |
|||||||
7 |
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар |
- " - |
|||||||
ІІІ |
Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығын |
- " - |
|||||||
ІV |
Кіріс (АРБ*ПС) |
- " - |
|||||||
V |
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ) |
- " - |
|||||||
VІ |
Барлық кіріс |
- " - |
|||||||
VІІ |
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың жұмыстардың) көлемі |
заттай көрсеткіштерде |
|||||||
VІІІ |
Нормативтік техникалық ысыраптар |
% |
|||||||
заттай көрсеткіштерде |
|||||||||
ІХ |
Тариф |
теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне арналған |
Анықтамалық: |
||
8 |
Персоналдың орташа тізім бойынша саны, |
адам |
оның ішінде: |
||
8.1 |
өндірістік |
- " - |
8.2 |
әкімшілік |
- " - |
9 |
орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде |
теңге |
9.1 |
өндірістік персоналдың |
- " - |
9.2 |
әкімшілік персоналдың |
- " - |
10 |
Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу |
мың теңге |
11 |
Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (толық жазу) |
- " - |
12 |
Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
12.1 |
жөндеуге арналған материалдар |
- " - |
12.2 |
жалақы |
- " - |
12.3 |
әлеуметтік салық |
- " - |
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 213-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды ретету агенттігі
төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған);
2. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 163-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 7 тамыздағы № 119 нөмірінде жарияланған);
3. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетінің» 2009 жылғы 10 қазаңдағы № 41 нөмірінде жарияланған);
4. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 305-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8197 нөмірмен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 20-21 нөмірлерінде жарияланған).