"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінін (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монопо

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 19-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5516 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 17.07.2013 № 213-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4287 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 28 шілдедегі N 139 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:
      1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "және келісілген" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақта:
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      екінші бөліміндегі "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) инвестициялық бағдарлама және (немесе) инвестициялық жоба белгіленген тәртіппен бекітілген;"
      15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      персоналдың нормативтік саны;
      техникалық және технологиялық нормалардың шығыны;
      нормативтік техникалық ысыраптардың болуын растайтын құжаттар;
      Олар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтік санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге өтінімдерді қарауға уәкілетті органның қабылдағаны туралы ақпарат.";
      16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) алдыңғы күнтізбелік жылға және материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;";
      21) тармақша алып тасталсын;
      10-тармақтағы "Субъектінің осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуінің негізділігін және" деген сөздер алып тасталсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрі - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермақалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                      Н. Алдабергенов