Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10125 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай қаласының Павших борцов көшесі Шайсұлтан Шаяхметов көшесі деп қайта аталсын.
      2. Рудный қаласының атауы жоқ көшесіне Амангелді Жантеміров есімі берілсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі            Сессия төрайымы
      ____________ Н. Садуақасов          ____________ А. Сауденова

                                          Қостанай облыстық
                                          мәслихатының хатшысы
                                          ____________ С. Ещанов