РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, осы қаулының қосымшасына (бұдан әрі – қосымша) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі бекітілсін.
2. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 2-тармағының отызыншы – отыз жетінші, қырық төртінші – елу бірінші абзацтарын, қосымшаның 4-тармағының отыз екінші – қырқыншы абзацтарын, қосымшаның 5-тармағының жиырма екінші – жиырма сегізінші, отыз бесінші – қырық бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ 117 қаулысына
қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiнде:
1-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Ақша төлемi мен аударымын электрондық тәсілмен жүзеге асыру кезінде банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электронды құжаттар алмасу жүйелерін пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.»;
2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық цифрлық қолтаңба»;
«3. Электрондық құжаттар»;
«4. Хабарламаларды электрондық тәсiлмен беру»;
«5. Қауiпсiздiк рәсiмдерi»;
«6. Электрондық төлем құжаттарын қағаз тасымалдауыштарда рәсiмдеу»;
«7. Электрондық құжаттарды сақтау»;
«8. Қосымша талаптар».
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларын инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нұсқаулық ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау тәртібін нақтылайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық ақшаны жөнелтуге банк шотын ашпай ақша төлемдерін және аударымдарын жасаумен, қолма-қол ақша өткізу жолымен жүзеге асырылатын төлемдермен, сондай-ақ төлем карточкасының көмегімен аударымдарды жүзеге асырумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Осы Нұсқаулық клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:
1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;
2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;
3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыруды реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа).»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемдерi мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:»;
5) тармақша алынып тасталсын:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк.»;
2-бөлімде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлем құжаттарының түрлерi және оларды ресiмдеу»;
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Нұсқаулықта көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшаны жөнелтуші жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның жеке сәйкестендіру коды;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру үшін банк санкцияланбаған ақша төлемдерінен және/немесе аударымдарынан қорғау іс-қимылдарының өзі әзірлеген тәртібін, сондай-ақ Төлемдер туралы заңда және осы Нұсқаулықта белгіленген қорғау іс-қимылдарының өзге де элементтерін сақтайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Алушы-банк немесе бенефициар банкі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚІ туралы заң), Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша төлем құжатын алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ мынадай:
1) осы Нұсқаулықтың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысының (бұдан әрі - № 388 қағидалар), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазан № 395 қаулысының (бұдан әрі – № 395 нұсқаулық) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысының (бұдан әрі – № 433 ереже) талаптарына сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған;
2) клиенттің деректемелері (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;
3) ақша жөнелтушінің атауы клиенттің төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген;
4) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісі болмаған;
5) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректермен сәйкес келмеген жағдайларда оны акцептеуден бас тартады.
Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банк клиентін сәйкестендіріп, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 22-3-тармақпен толықтырылсын:
«22-3. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес ақша жөнелтушіні және/немесе бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді, сондай-ақ КЖТҚҚІ туралы заңға сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi және/немесе аударымы туралы мәліметтерді клиенттің банк шоты жабылғаннан кейін бес жыл ішінде сақтайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем тапсырмасы»;
27-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27-2. Алушы-банк немесе бенефициар банкі осы Нұсқаулықтың 22-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады. Бенефициардың банкі төлем сомасын төлем жасалған күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып конвертациялауды жүзеге асыру арқылы банк шотының валютасында аудару туралы жазбаша растауы болған жағдайда бенефициар банкінің қалауы бойынша төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауына жол беріледі. Конвертацияның жүзеге асырылғаны үшін комиссиялардың мөлшері және алу тәртібі клиент пен қызмет көрсететін банк арасында жасалған шартта айқындалады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке төлем тапсырмасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.
«Төлемнің мақсаты» бағанында ақша жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, нөмірі мен күнін және № 395 нұсқаулықта, № 433 ережеде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында көзделген өзге де деректемелерді, сондай-ақ «төлем мақсатының коды» бағанында төлемнің кодтық белгіленуін көрсетеді.
Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі БСН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.
Көлік құралына салық төлеу кезінде (оның ішінде электрондық құрылғылар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем құжатының «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулыларының талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – тізім) алушы-банкке ұсынады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын тізім алушы-банкке тізімнің электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк ақша аударуға берілетін өтініште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген деректемелерден басқа осы өтінішті өңдеу үшін оған қажет болатын ақша жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді енгізеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, банк ақша жөнелтуші туралы басқа да мәліметтерді толтыруды талап етеді. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместің пайдасына ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде ақша аудару үшін берілген өтініште бенефициардың ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейді.»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлемдiк талап-тапсырма»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Төлемдiк талап-тапсырма тiзiлiммен бiрге бенефициардың банкiне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерi толтырылуының толықтығын тексерiп, төлемдiк талап-тапсырманы осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен ақша жөнелтушiнiң банкiне жiбередi.»;
38-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін растау бойынша тиісті өкілеттіктер берілген банктің уәкілетті адамының лауазымы, аты-жөні, растаған күні көрсетіле отырып, оның қолымен расталады және банк мөрінің бедерімен бекітіледі.»;
38-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38-2. Банк осы Нұсқаулықтың 38-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салған банкке клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы немесе олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді жібереді. Клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтама еркін нысанда жасалады және онда анықтаманың берілу күні, банктің атауы мен банктік сәйкестендіру коды, клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды, сәйкестендіру нөмірі, банк шотының валютасы, банктің уәкілетті тұлғаның аты-жөні және мөртабан қамтылады. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін ашылған болса, онда осы факті туралы ақпарат клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамада көрсетіледі.»;
4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инкассалық өкiм»;
«5. Төлем құжаттарын электрондық түрде ұсыну»;
«6. Санкцияланған нұсқау және қорғау iс-қимылдарының тәртібі»;
«7. Санкцияланбаған нұсқауды орындаудың салдары»;
«8. Нұсқауды қайтарып алу және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру, Төлемдер туралы заңмен, КЖТҚҚІ туралы заңмен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысымен көзделген тәртіпке сәйкес, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-бөлімде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы «Төлем тапсырмасының акцепті» мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем тапсырмасының акцепті»;
2-тараудың тақырыбы «Төлем тапсырмасының акцептінен бас тарту» мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлем тапсырмасының акцептінен бас тарту»;
64-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Нұсқаулықта, Төлемдер туралы заңда, № 388 Қағидаларда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 146 қаулысында, сондай-ақ жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы шарт талаптарында белгіленген жөнелтуші төлем тапсырмасын құрастыру және төлем тапсырмасын көрсету тәртібіне қойылатын талаптарын сақтамаған кезде»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акцептелген төлем тапсырысы бойынша төлем»;
69-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төлем жүйесі арқылы төлемді жүзеге асыру;»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алушы-банктiң төлем тапсырмаларын орындау кезіндегі іс-қимылы»;
74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Алушы-банк, жөнелтушi төлем тапсырмасын анықтаған, делдал-банктi анықтаған, аударымды жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн, дәлелдеген осы Нұсқаулықта көзделген, егер осы төлем тапсырмасының мерзiмi өткенше, ол жөнелтушiден алдағы iс-әрекеттерiн сұрап, оған төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен өз мiндеттерiн орындаған болып есептеледi.
75. Егер алушы-банк төлемдi орындауда осы Нұсқаулықтың талабын бұзғандықтан бенефициардың ақша аударымы кешiгуiне әкеп соқса, онда банк, көрсетiлген кешiктiруге тiкелей кiнәлi ретiнде, араларындағы шартта немесе 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (Жалпы бөлім) көзделген тұрақсыздық айыбын қатысушыға (қатысушыларға) төлейдi»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Валюталау күніндегі төлем тапсырмалары»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Валюталау күнiнде мерзiмдi төлем тапсырмасын орындау мақсатында алушы-банк тапсырмасын, жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы жағдайына сәйкес, сол мерзiмде, келесi делдал-банк немесе бенефициар банкке осы Нұсқаулықпен жүктелген міндеттердің мұндай тапсырмасын орындауға жеткiлiктi уақыт бөлiп жiбередi.»;
6, 7, және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жөнелтушінің және алушы-банктің қате нұсқауды орындау кезіндегі іс-қимылдары»;
«8. Делдал банктi немесе бенефициар банктi сәйкестендіру»;
«9. Бенефициар банктің төлем тапсырмасының акцептi кезіндегі iс-қимылы»;
87-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Айрықша негізде акцептен бас тартуға немесе банк бенефициардың төлемді орындауын кiдiртуге, бенефициар пайдасына шешілген ақшаның дұрыс еместiгi туралы банкке негіздеме болған фактілер қызмет етеді, сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің осы Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша:»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Төлемді бенефициардың пайдасына орындау»;
4-бөлімде:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дебеттік аударымдарды жүзеге асыру»;
«2. Төлем құжаттарын ақы төлеуге ұсыну»;
«3. Инкассалайтын банктің іс-қимылы»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Осы Нұсқаулықтың 95-тармағына сәйкес, міндеттеме қабылдай отырып, инкассалық банк төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкімді бастамашыдан алған соң келесі операциялық күннен кешіктірмей қажетті операцияларды орындайды.»;
4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акцепт және төлемдiк талап-тапсырманы төлеу»;
«5. Ақша жөнелтуші банктің іс-қимылы»;
105-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Нұсқаулықтың 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қойылады.»;
108-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108-1. Ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен/шетел валютасымен қаражат болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 100-тармағында көзделген негіздемелер бойынша және жағдайларда берешекті өндіріп алу төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, тиісінше, банктердің акцептеуді талап етпейтін, теңгемен/шетел валютасымен ұсынылған төлемдік талап-тапсырмалары негізінде, ақша жіберушінің банк шоттарындағы теңгемен/шетел валютасымен ақша есебінен жүргізіледі.»;
6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Төлемдiк талап-тапсырма бойынша ақша жөнелтушi банктiң iс-қимылы»;
«7. Инкассалық өкiм негiзiнде ақша жөнелтушiнiң банк шотынан ақша алу»;
«8. Белгiсiз мерзiмдерде орындалуға жататын нұсқаулар (картотека)»;
116, 117 және 117-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банк шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, алушы-банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және ақша жөнелтушінің банк шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.
Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.
Алушы-банк ақша жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы сақталуының міндеттілігі осы Нұсқаулықта тікелей көзделмеген банк шоты шартында алушы-банктің өзге төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда, олардың сақталу мерзімдері егер 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодексі), Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда және осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, төлемдік талап-тапсырмалардың сақталу мерзімдеріне ұқсас.
117. Инкассалық өкiмдердi және өзге де төлем құжаттарын осы Нұсқаулықтың 116-тармағына сәйкес қабылдағанда, ақша алушы - банк бiр уақытта бенефициар банк болып табылған жағдайды қоспағанда, алушы-банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бенефициар банкке не бенефициарға осы төлем құжаттарын картотекаға қою туралы хабарлама жiбередi.
117-1. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көзделген нұсқауларды алушы-банк Азаматтық кодексінде көзделген тәртiпте орындайды.»;
121-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде «операция түрі» бағанында осы Нұсқаулықтың 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көзделген нұсқауларды алушы-банктің сақтауы Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiлетін азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша ақы төлеу немесе мiндеттi төлемдер талаптарына сәйкес төлем бойынша міндеттемелерді орындау болып табылмайды.»;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан»;
1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Нысан»;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан»;
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан»;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Нысан»;
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Нысан»;
6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан»;
7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Нысан»;
8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем тапсырмаларды, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану және
орындау жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша».
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1199 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
1, 1-1, 2, 3, 3-1 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
«1-1. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы»;
«2. Банктiк шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі»;
«3. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу тәртібі»;
«3-1. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың ағымдағы шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері»;
«4. Банктiк шот ашуға және жүргiзуге қойылатын жалпы талаптар»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталуға тиіс. Көшірмелерде клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, сауда тізілімінен үзінді көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттар кірмейді.
Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарының (электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттар, клиент құжаттарының көшірмелері) қағаз тасымалдауыштарда қосымша сақтамай-ақ тек қана электрондық түрде сақталуына жол беріледі.»;
5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қол қою үлгiлерi және мөр бедері бар құжатты ресiмдеу тәртібі»;
«6. Уақытша жинақ шоты»;
«7. Банктiк шоттарды жабу»;
«8. Қорытынды ережелер».
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы бекiтiлсiн және жоғарыда аталған Нұсқаулық қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 35-тармақты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау кезінде төлем құжаттарын ресімдеу мен пайдалану талаптарын нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулық осы заңды тұлғаның қызметкерлерiне ғана қызмет көрсетуге арналған заңды тұлғаның төлем карточкалары жүйесiне қолданылмайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем карточкаларын шығару»;
6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-2. Алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді эмитенттер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.»;
6-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-4. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкасында қажет болғанда көрсетілетін осы Нұсқаулықтың 6-3-тармағында белгіленген мөлшері шегінде алдын ала төленген төлем карточкасын шығарады. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкасы толықтырылмауы тиіс.»;
4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлем құжаттарын жасау»;
«5. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Төлем құжатын орындау үшiн беру немесе көрсету тәртібі 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім), Төлемдер туралы заңның және төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы Нұсқаулықтың 36-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алушы-банк төлем құжатын алғаннан күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орындайды.»;
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1. Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде осы Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болады:
1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке төленетін басқа да төлемнің атауы;
4) салық органының коды;
5) төлем мақсатының коды;
6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда);
7) көлік құралына салық төлеген жағдайда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Төлем құжаттарын орындаудан бас тарту және ақша қайтаруды жүзеге асыру»;
48-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлем құжаты осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды және/немесе төлем құжаттарын жасау және ұсыну тәртібінің тиісті шарттарының талаптарын бұза отырып жасалса;»;
7, 8, 9, 10 және 11-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ақша аударымы»;
«8. Санкцияланған және санкцияланбаған төлемдер»;
«9. Төлем карточкаларын оқшаулау және алып қою»;
«10. Үзінді-көшiрмелер жасау және ұсыну»;
«11. Қосымша талаптар»;
73-тармақ алып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі» 2000 жылғы 13 қазан № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағының № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыруын, сондай-ақ ақшаның осындай төлемi мен аударымына қатысушыларға қойылатын талаптарды нақтылайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Нұсқаулық банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейдi.
4. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысында көзделген негiзгi ұғымдар қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) ақша жөнелтуші және/немесе бенефициар туралы ақпаратты (атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру коды (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлға үшін) және почталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй мен пәтер нөмірі), сондай-ақ «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi мен аударымы туралы мәліметтерді операция жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлем хабарламаларында осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем хабарламаларын ресiмдеудің жалпы талаптары»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» жазуының астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келуі тиіс. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігінің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлем хабарламаларын қабылдау»;
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлем хабарламасы осы Нұсқаулық және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген талаптарды бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;»;
3-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Ақша төлемі мен аударымын банктік шот ашпай-ақ электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру ерекшеліктері»;
19-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Нұсқаулықтың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
2) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, бюджетке төленетін төлемдердің атауы;
3) салық органының коды (цифрлық белгісі);
4) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
Чекте қажет болған жағдайда банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.»;
19-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және осы Нұсқаулықтың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.»;
4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақша аударымы туралы шарт»;
«5. Ақша аударымын жүзеге асыру»;
«6. Ақша төлемi мен аударымын аяқтау»;
«7. Банк шотын ашпай аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару»;
«8. Тараптардың жауапкершiлiгi».
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Төлемдер туралы заңның және осы Банк шотын ашпай ақша аударуды жүзеге асыру нұсқаулығының, орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн осындай ақша аударуға қатысушылар 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлімі), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексімен, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген тәртiппен жауап бередi.»;
9-тарау алып тасталсын;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 1-қосымша
Нысан»;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 2-қосымша
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 3-қосымша
Нысан»;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 4-қосымша
Нысан»;
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру
нұсқаулығына 5-қосымша
Нысан».
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) теңгемен банк шоты бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы мен жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.
Бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиенттің және оған қызмет көрсететiн банктiң арасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезінде жазылмайды;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан (үзінді көшірме электрондық түрде берілетін жағдайларды қоспағанда).».
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
2-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық банк қызметтерін көрсету талаптары»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банк қызметтерін көрсетудің қолданыстағы немесе ендірілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.»;
3, 4, 5, 6, 7 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк пен клиент арасындағы шарттық қарым-қатынастар»;
«4. Қауіпсіздік рәсімдері»;
«5. Электрондық банк қызметтерін көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау»;
«6. Рұқсатсыз қол жеткізу»;
«7. Электрондық банк қызметтерін көрсетуді тоқтатып қою және тоқтату»;
«8. Қорытынды ереже».