Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 маусымда 8513 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы  8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған, осы қаулының қосымшасына (бұдан әрі – қосымша) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі бекітілсін.
      2. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 2-тармағының отызыншы – отыз жетінші, қырық төртінші – елу бірінші абзацтарын, қосымшаның 4-тармағының отыз екінші – қырқыншы абзацтарын, қосымшаның 5-тармағының жиырма екінші – жиырма сегізінші, отыз бесінші – қырық бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ 117 қаулысына    
қосымша       

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы  21 сәуірдегі № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiнде:
      1-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Ақша төлемi мен аударымын электрондық тәсілмен жүзеге асыру кезінде банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электронды құжаттар алмасу жүйелерін пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.»;
      234567 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электрондық цифрлық қолтаңба»;
      «3. Электрондық құжаттар»;
      «4. Хабарламаларды электрондық тәсiлмен беру»;
      «5. Қауiпсiздiк рәсiмдерi»;
      «6. Электрондық төлем құжаттарын қағаз тасымалдауыштарда рәсiмдеу»;
      «7. Электрондық құжаттарды сақтау»;
      «8. Қосымша талаптар».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1199 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
      11-1233-1 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      «1-1. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы»;
      «2. Банктiк шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі»;
      «3. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу тәртібі»;
      «3-1. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың ағымдағы шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері»;
      «4. Банктiк шот ашуға және жүргiзуге қойылатын жалпы талаптар»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталуға тиіс. Көшірмелерде клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, сауда тізілімінен үзінді көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттар кірмейді.
      Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарының (электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттар, клиент құжаттарының көшірмелері) қағаз тасымалдауыштарда қосымша сақтамай-ақ тек қана электрондық түрде сақталуына жол беріледі.»;
      567 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қол қою үлгiлерi және мөр бедері бар құжатты ресiмдеу тәртібі»;
      «6. Уақытша жинақ шоты»;
      «7. Банктiк шоттарды жабу»;
      «8. Қорытынды ережелер».
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы бекiтiлсiн және жоғарыда аталған Нұсқаулық қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 35-тармақты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.»;
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы»;
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау кезінде төлем құжаттарын ресімдеу мен пайдалану талаптарын нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулық осы заңды тұлғаның қызметкерлерiне ғана қызмет көрсетуге арналған заңды тұлғаның төлем карточкалары жүйесiне қолданылмайды.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төлем карточкаларын шығару»;
      6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-2. Алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді эмитенттер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.»;
      6-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-4. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкасында қажет болғанда көрсетілетін осы Нұсқаулықтың 6-3-тармағында белгіленген мөлшері шегінде алдын ала төленген төлем карточкасын шығарады. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкасы толықтырылмауы тиіс.»;
      4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлем құжаттарын жасау»;
      «5. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Төлем құжатын орындау үшiн беру немесе көрсету тәртібі 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім), Төлемдер туралы заңның және төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы Нұсқаулықтың 36-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алушы-банк төлем құжатын алғаннан күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орындайды.»;
      45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-1. Салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде осы Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болады:
      1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке төленетін басқа да төлемнің атауы;
      4) салық органының коды;
      5) төлем мақсатының коды;
      6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда);
      7) көлік құралына салық төлеген жағдайда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.»;
      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Төлем құжаттарын орындаудан бас тарту және ақша қайтаруды жүзеге асыру»;
      48-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) төлем құжаты осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды және/немесе төлем құжаттарын жасау және ұсыну тәртібінің тиісті шарттарының талаптарын бұза отырып жасалса;»;
      78910 және 11-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ақша аударымы»;
      «8. Санкцияланған және санкцияланбаған төлемдер»;
      «9. Төлем карточкаларын оқшаулау және алып қою»;
      «10. Үзінді-көшiрмелер жасау және ұсыну»;
      «11. Қосымша талаптар»;
      73-тармақ алып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі» 2000 жылғы 13 қазан № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағының № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығы»;
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыруын, сондай-ақ ақшаның осындай төлемi мен аударымына қатысушыларға қойылатын талаптарды нақтылайды.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Нұсқаулық банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейдi.
      4. Осы Нұсқаулықта «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысында көзделген негiзгi ұғымдар қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) ақша жөнелтуші және/немесе бенефициар туралы ақпаратты (атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру коды (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлға үшін) және почталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй мен пәтер нөмірі), сондай-ақ «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi мен аударымы туралы мәліметтерді операция жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлем хабарламаларында осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болуы тиіс. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төлем хабарламаларын ресiмдеудің жалпы талаптары»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады.
      Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
      Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» жазуының астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
      Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізу күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келуі тиіс. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады.
      Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдауыштардағы көшірмесі қоса беріле отырып ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы екінші бөлігінің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төлем хабарламаларын қабылдау»;
      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) төлем хабарламасы осы Нұсқаулық және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген талаптарды бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;»;
      3-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Ақша төлемі мен аударымын банктік шот ашпай-ақ электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру ерекшеліктері»;
      19-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Нұсқаулықтың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
      1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, бюджетке төленетін төлемдердің атауы;
      3) салық органының коды (цифрлық белгісі);
      4) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
      Чекте қажет болған жағдайда банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.»;
      19-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және осы Нұсқаулықтың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.»;
      4567 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ақша аударымы туралы шарт»;
      «5. Ақша аударымын жүзеге асыру»;
      «6. Ақша төлемi мен аударымын аяқтау»;
      «7. Банк шотын ашпай аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару»;
      «8. Тараптардың жауапкершiлiгi».
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Төлемдер туралы заңның және осы Банк шотын ашпай ақша аударуды жүзеге асыру нұсқаулығының, орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн осындай ақша аударуға қатысушылар 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлімі), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексімен, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген тәртiппен жауап бередi.»;
      9-тарау алып тасталсын;

      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру  
нұсқаулығына 1-қосымша  
Нысан»;          

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру   
нұсқаулығына 2-қосымша  

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру   
нұсқаулығына 3-қосымша   
Нысан»;         

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру  
нұсқаулығына 4-қосымша  
Нысан»;         

      5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру  
нұсқаулығына 5-қосымша  
Нысан».          

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) теңгемен банк шоты бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы мен жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.
      Бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиенттің және оған қызмет көрсететiн банктiң арасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезінде жазылмайды;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан (үзінді көшірме электрондық түрде берілетін жағдайларды қоспағанда).».
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесінде:
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      2-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электрондық банк қызметтерін көрсету талаптары»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Банк заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банк қызметтерін көрсетудің қолданыстағы немесе ендірілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.»;
      34567 және 8-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банк пен клиент арасындағы шарттық қарым-қатынастар»;
      «4. Қауіпсіздік рәсімдері»;
      «5. Электрондық банк қызметтерін көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау»;
      «6. Рұқсатсыз қол жеткізу»;
      «7. Электрондық банк қызметтерін көрсетуді тоқтатып қою және тоқтату»;
      «8. Қорытынды ереже».