Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23103 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);

      3) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – электрондық құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін қызмет берушіге портал арқылы:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      автокөлік құралын жалға алу шартының электрондық көшірмесі (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);

      тахографты мерзімдік тексеру (инспекция) туралы куәліктің электрондық көшірмесі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, баж сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), автокөлік құралының мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе осы Қағидалардың 11-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын "электрондық үкіметтің" веб-порталында тексеруге болады .

      Рұқсат және рұқсат беру карточкасының нысандары осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларда келтірілген.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органымен оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаумен байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі – тасымалдаушылар).";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен габариті, салмағы және (немесе) біліктiк жүктемелерi бойынша асып түсетін жүксіз немесе бөлінбейтін жүгi бар, не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктері бар, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн электрондық рұқсат беру құжаты (бұдан әрі - арнайы рұқсат);";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді (бұдан әрі - өтініш) тасымалдаушылардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушы) беруі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарындағы мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.";

      30-тармақ алып тасталсын;

      33 және 34-тармақтар алып тасталсын;

      39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы жағдайда, арнайы рұқсатты беру жүзеге асырылмайды.";

      41-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;";

      53-тармақ алып тасталсын;

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органымен оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 297 бұйрығына
1-қосымша
  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны

      __________________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) автокөлік құралына рұқсат карточкасын алуға өтініш

      __________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мына автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкаларын беруді сұраймын:

№ р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі БСН)

      _______________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:____________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _____________________________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
  Инфрақұрылымдық даму
министрінің
20__жылғы "___" ________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысаны

      __________________________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат берудің жаңа куәлігін және (немесе) авто көлік құралына рұқсат карточкасын алуға өтініш

      __________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) дара кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;

      2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;

      3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беруіңізді сұраймын.

      (керегінің астын сызу)

№ р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      _________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _________________________________________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
20__жылғы "___" ________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша

"Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: халықаралық автомобильмен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және (немесе) автокөлік құралына рұқсат карточкасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. рұқсат карточкасын беру тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат беру куәлігін немесе жаңа рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
автокөлік құралын жалға алу шартының электрондық көшірмесі (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
тахографты мерзімдік тексеру (инспекция) туралы куәліктің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Отандық тасымалдаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) Отандық тасымалдаушының (көрсетілетін қызметту алушының) және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Отандық тасымалдаушыға (көрсетілетін қызметту алушыға) қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметті немесе жекеленген қызмет тірлерін атқаруға, оның ішінде жүктерді тасымалдауға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы.
Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден бас тартылған жағдайда отандық тасымалдаушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне дәлелді жауап жіберіледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Министрліктің – www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
4. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 297
бұйрығына 4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

"Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттарды қарастыру нәтижелері туралы хабарламаны беру:
тасымалдау бағытын келісу қажет болған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күні;
тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат) (бес жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап - 1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Арнайы рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын порталда тексеруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден өндірілетін төлем мөлшері және оны өндірудің Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі - алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабы 3-тармағында белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) келісуші ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе;
5) Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www. miіd. gov. kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімде;
2) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған шарттарды портал арқылы электрондық нысанда алады