Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді

Жаңартылған

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелер беру ережесі бекітілсін.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығына 1-қосымша

Ғылыми дәрежелер беру ережесі

      1. Осы ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын (бұдан әрі – диссертация) ұсынған докторанттарға ғылыми дәрежелер беру тәртібін белгілейді.

      2. Диссертация философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының нақты бір мамандығы бойынша біліктілікті айқындайтын ғылыми еңбек болып табылады.

      3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер) ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.

      4. Докторанттар ғылыми дәрежелер алу үшін ұсынған диссертациялардың осы Ережеге сәйкестілігін бағалауды Комитет жүзеге асырады.

      5. Диссертация ғылыми дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация орындалған жағдайда шетелдік ғылыми консультант тағайындалмайды.

      Диссертация тақырыбы Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы керек (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа). Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес орындалуы тиіс:

      1) маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

      2) пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

      3) нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін теориялық және (немесе) тәжірибелік жаңа құнды ғылыми негіздерден тұратын нәтижелердің болуы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Диссертация ізденушінің өзі жазған, автордың көпшілік алдында қорғауға ұсынатын жаңа ғылыми нәтижелері мен қағидаларының жиынтығынан тұратын және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын жұмыс болып табылады. Автор ұсынған жаңа шешімдер қатаң түрде дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни тұрғыдан бағалануы тиіс.

      Қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, алдын ала патенттермен және басқа ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер келтірілуі, ал теориялық мәнге ие диссертацияда оның ғылыми тұжырымдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар болуы керек.

      Диссертация келесі тілдердің біреуінде жазылады – мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілінде.

      7. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.

      Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шет елдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.

      Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке ұсынылған мерзімге дейін жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда немесе 3 (үшеуі) диссертация қорғалған елдің ғылыми басылымдарында, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымда және 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалдарында (Қазақстан Республикасында және (немесе) диссертация қорғалған елде өткізілмеген) жариялануы тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Диссертацияда:

      1) басылып шыққан жердің толық деректерін көрсете отырып, келтірілген материалдар немесе жекелеген нәтижелер көздеріне;

      2) теңавторларға тиесілі идеяларға немесе әзірлемелерге;

      3) өзге авторлармен бірлесіп, сондай-ақ жеке-дара орындалған ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.

      Докторант авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда диссертациялық кеңес немесе Комитет теріс шешім қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      10. Аттестациялық істерінің қаралу мерзімі Комитетке келіп тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Аттестациялық істер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) 20-тармағының және осы Ереженің 22-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, сондай-ақ Комитет аттестациялық істің құжаттары бойынша мәліметтерді сұраса, аттестациялық істі қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімі созылғаны туралы Комитет докторантқа немесе арызданушыға созылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде хабарлайды.

      Соңғы шешім шыққанға дейін аттестациялық іс қайтарылмайды және Комитетте қаралудан алынбайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Диссертациялардың осы Ереже талаптарына сәйкестігін тиісті мамандықтар топтары бойынша Сараптау кеңестерінің осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үлгіде ұсынатын тиісті қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.

      12. Сараптау кеңестері мамандықтар тобының тиісті бағыттары бойынша ғалымдардан құрылады.

      Сараптау кеңестері Комитеттің бұйрығымен 1 (бір) жылға бекітіледі, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және ғалым хатшы кіреді.

      Сараптау кеңестерінің мүшелеріне диссертациялық кеңестердің құрамына кіруге болмайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Сараптау кеңесінің функциялары:

      1) докторанттардың аттестациялық істерінің және диссертацияларының осы Ереженің және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;

      2) ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми баспалардың тізбесін сараптау;

      3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау;

      4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.

      14. Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамның 2/3-сінен (үштен екісінен) кем болмаған жағдайда құқылы болып саналады.

      Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі және оларға төрағалық етуші, кеңестің ғалым хатшысы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Комитет диссертацияның осы Ереженің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қосымша сарапшыны шақырады.

      16. Сараптау кеңесі қорытындысының негізінде Комитет докторантқа ғылыми дәреже беру/бермеу туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.

      16-1. Осы Ереженің 5-8-тармақтарының талаптарына сәйкес болмағандықтан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған немесе аттестациялық істі Комитет қайтарған жағдайда докторант диссертацияны кем дегенде бір жылдан кейін қайта қорғауға ұсынады.

      Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Сараптау кеңестерінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады. Комитеттің шешімі қабылданғаннан кейін бір айдың ішінде докторант сараптау кеңесінің қорытындысымен танысады.

      18. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері берілген тұлғаларға мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.

      19. Қазақстан Республикасында Комитет берген ғылыми дәрежелер туралы дипломдар танылады.

      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Баламалылықты тану рәсімін осы Ереженің 21, 21-1, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері және (немесе) олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша Комитет жүргізеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру рәсімі үш кезеңнен тұрады:

      1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау;

      2) меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының (күндізгі оқу бөлімінде) қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері;

      3) диссертациялардың осы Ереженің 5-8-тармақтарына сәйкестігін сараптау.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21-1. 500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе U.S. News and World Report рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін жоғары оқу орындарында диссертация қорғаған және кемінде 3 жыл жұмыс істеген тұлғалардың шетелде алған философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарының баламалылығын тану осы Ереженің 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      Ескерту. Ереже 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру туралы жеке өтінішті немесе қолдаухатты тапсыру кезінде келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды расталған мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы;

      3) мынадай ақпараттары бар ғылыми дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары және бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда аспирантураға (докторантура)қабылданғаны және оқудан шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді, өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер, кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәлік ұсынылады;

      4) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгілерден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің шығу мәліметі, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі;

      5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмесі;

      6) Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі диссертацияның есептік-тіркеу карточкасы;

      7) жұмыс орнында расталған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

      8) диссертацияда докторанттың авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғанын тексергені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының немесе диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда).

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген жеке өтініші немесе қолдаухат пен құжаттар Сараптау кеңесінде қаралады. Ол шетелде берілген философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану туралы қорытынды шығарады. Қорытынды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертацияны Комитет Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жолдайды

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда Комитет ғылыми дәрежені беруден бас тартады.

      25. Сараптау кеңесінің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін тану бойынша оң қорытындысының негізінде ғылыми дәрежені шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Комитет мемлекеттік үлгідегі философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын береді.

      26. Ғылыми дәрежелерді беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитетке апелляция беруге болады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитет құрамы өзінің 2 (екі) өкілінен және ғылыми кеңесші, рецензент, диссертациялық және Сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарап, апелляция бойынша қорытынды дайындайды.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      29. Комиссия өз қызметінде осы Ережені, Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені, ЖОО бекіткен Диссертациялық кеңес туралы ережені басшылыққа алады.

      30. Апелляциялық комиссияның қорытындысы бойынша Комитет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды және шағымданушыға хабарлайды.

      31. Осы Ережемен реттелмейтін даулар, оның ішінде ғылыми дәрежелерден айыру (қалпына келтіру), апелляция беру мерзімін қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

  Ғылыми дәрежелерді
беру ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Нысан

      ___________________________________________________ бойынша

      (ғылым саласы)

      Сараптау кеңесінің

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы

      20__ ж. "_______" _________________ № ________________ хаттама

ТЫҢДАЛДЫ:

      ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант

      _____________________________________________________________________

       (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру

      туралы қолдаухат бойынша 20___ ж. “____” ____________ (№ ___ хаттама)

      _____________________________________________________________________

       (диссертациялық кеңестің шешімі туралы)

      № __________ іс.

       Сарапшы __________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

       1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау ________________

      _____________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)

       2. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске

      асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       3. Ең маңызды ғылыми нәтижелері, олардың жаңалығы және негізділігі

      _____________________________________________________________________

      (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси,

      _____________________________________________________________________

      техникалық немесе технологиялық шешімдер; жұмыстың кемшіліктері)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       4. Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет).

       Диссертация нәтижелерін енгізу ________________________________

      _____________________________________________________________________

       (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      _____________________________________________________________________

       зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану және т.б.)

      _____________________________________________________________________

       Пайдаланудан алынған әсер

      _____________________________________________________________________

       (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.)

      _____________________________________________________________________

       Практикаға ендіру үшін ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      _____________________________________________________________________

       (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ұсынылады.

       5. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация тақырыбы

      бойынша _______ ғылыми еңбек, оның ішінде:

       _______ Комитет ұсынатын басылымдарда;

       ______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының

      деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus

      компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда;

       _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде

       _______ шетелдік конференциялар материалдарында

       _______ басқа жарияланымдар.

       6. Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздік

      қағидасының сақталуы ________________________________________________

       Аттестациялық іс материалдарының Диссертациялық кеңес туралы

      үлгі ережемен осы Ереже талаптарына сәйкестігін бағалау

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен

      материалды пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _____________________________________________________________________

       (бар немесе жоқ)

       Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген

      салыстырмалы кесте қоса беріледі.

       8. Диссертациялық кеңеске ескертулер___________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       9. Сараптау кеңесі fs24ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       9.1. Іс осы Ереженің және Диссертациялық кеңес туралы үлгі

      ереженің барлық талаптарын _________________________________________.

       (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды)

       9.2. Комитет докторант _______________________________________

       (докторанттың Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

       (диссертацияның осы Ереженің қандай тармақтарына сәйкес

      _____________________________________________________________________

       бағаланғандығы көрсетіледі: жиынтығы маңызды мәнге ие болатын,

      _____________________________________________________________________

      пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндетті шешуді қамтамасыз ететін;

      _____________________________________________________________________

       маңызды ғылыми міндетті шешетін ғылыми-негізделген жаңа

      _____________________________________________________________________

       теориялық және (немесе) нақты ғылыми бағыттарды дамытуға арналған

      _____________________________________________________________________

       тәжірибелік нәтижелер алынды)

      _______________________________________________________________ үшін

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      ____________________________________________________________________

       философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруді

      _____________________________________________________________________

       (ұсынады немесе ұсынбайды)

      _____________________________________________________________________

       Дауыс беру нәтижелері: "ЖАҚТАП" дауыс бергені _________________

       "ҚАРСЫ" ________________________________

       "ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ" ________________________

       Төраға _______________________

       (тегі, а.ә.)

       Ғалым хатшы __________________

       (тегі, а.ә.)

  Ғылыми дәрежелерді
беру ережесіне
2-қосымша

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Нысан

      "Бекітемін"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитетінің төрағасы

      __________________________

      20 __ ж. "___" _____

____________________ сараптау кеңесінің келу парағы

       20 ___ ж. "___" ____

Тегі, а.ә.

Сараптау объектісі, қорытындылар саны

Сағат саны

Сараптау кеңесі мүшесінің қолы

Сараптау кеңесі төрағасының қолы

қорытындылар

жұмысқа қатысу, сағат

      Төраға орынбасары

      Басқарма басшысы

  Ғылыми дәрежелерді
беру ережесіне
3-қосымша

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.2013 № 214 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Нысан

      ___________________________________________________ бойынша

      (ғылым саласы)

      Сараптау кеңесінің

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы

      20__ ж. "_______" _________________ № ________________ хаттама

ТЫҢДАЛДЫ:

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________ елде алған

       (мемлекет, ұйым)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      _________________________________ дәреженің баламалылығын тану туралы

      __________ № аттестациялық іс.

      Диссертация тақырыбы:

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сарапшы _________________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

       1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау ________________

      _____________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       2. Ең маңызды ғылыми нәтижелер, олардың жаңалығы және негізділігі

      _____________________________________________________________________

       (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси,

      _____________________________________________________________________

       техникалық немесе технологиялық шешімдер)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       3. Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет).

       Диссертация нәтижелерін практикалық пайдалану кезеңі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      _____________________________________________________________________

       зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану және т.б.)

      _____________________________________________________________________

       Пайдаланудан алынған әсер

      _____________________________________________________________________

       (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.)

       Практикаға ендіру үшін

      _____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      _____________________________________________________________________

       (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      _____________________________________________________________________

       ұсынылады.

       4. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация бойынша _______ ғылыми еңбек, оның ішінде:

       _______ Комитет ұсынатын басылымдарда;

       _______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының

      деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus

      компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда;

       _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде

       _______ шетелдік конференциялар материалдарында

       _______ басқа жарияланымдар.

       5. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен

      материалды пайдаланғаны (плагиат ) анықталуы ________________________

       (бар не жоғы)

       Плагиат анықталған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

       6. Меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының

      қазақстандық докторантураның (күндізгі оқу бөлімінде) мемлекеттік

      жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       7. 500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай

      университеті, Таймс, QS) немесе News рейтингінің 200 ұлттық

      университетінің тобына кіретін жоғары оқу орындарында _______________

       (ЖОО, рейтинг)

      жұмыс өтілі _________________________________________________________

       8. Сараптау кеңесі fs24ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       8.1. Ізденуші _________________________аттестациялық ісі осы

       (Т.А.Ә.)

      Ереженің барлық талаптарын __________________________________________

       (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды)

       8.2. Комитет ізденуші _________________________________________

       (Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (диссертацияның осы Ереженің қандай тармақтарына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      бағаланғандығы көрсетіледі: жиынтығы маңызды мәнге ие болатын,

      _____________________________________________________________________

      пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндетті шешуді қамтамасыз ететін;

      _____________________________________________________________________

       маңызды ғылыми міндетті шешетін ғылыми-негізделген жаңа

      _____________________________________________________________________

       теориялық және (немесе) нақты ғылыми бағыттарды дамытуға арналған

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       тәжірибелік нәтижелер алынды)

      _______________________________________________________________ үшін

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

       (мамандық шифры, мамандық)

      ______________________________ дәрежесінің баламалылығы танылсын және

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      _____________________________________________________________________

       философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруді ұсынады.

       8.3. Комитетке ________________________________________________

      ізденушінің аттестациялық ісін келесі себептерге байланысты

      _____________________________________________________________________

       (осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

       (ұсынбайды және (немесе) қайтарады)

       Дауыс беру нәтижелері: "ЖАҚТАП" дауыс бергені ____________

       "ҚАРСЫ" _________________

       "ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ" ____________

       Төраға ______________________

       (тегі, а.ә.)

       Ғалым хатшы _________________

       (тегі, а.ә.)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 842-құжат), 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50 тармақтарды қоспағанда.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.11.25 № 492 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 95-бап).

      3. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 97-бап).

      4. "Ғылыми дәрежелер беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 75-бап).

      5. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 болып тіркелген, "Заң газетінде" жарияланған, 2007 жылғы 30 қарашада, № 184 (1387).