Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң м.а. 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7707 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.10.2018 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Сарыбеков

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD)
философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.10.2018 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау - мүдделі тараптар келісімінің негізінде жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) және ғылыми ұйымдардың жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен немесе ақылы негізде жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.

      3. (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау (PhD) докторларын даярлайтын ЖОО-да жүзеге асырылады.

      4. (PhD) философия докторларын нысаналы даярлаудағы құқықтық қатынастар субьектісі:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган;

      2) (PhD) философия докторларын нысаналы даярлайтын ЖОО - базасында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау жүзеге асырылатын ЖОО;

      3) нысаналы даярлауға тапсырыс беруші (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау жүрзілетін ЖОО немесе ғылыми ұйым;

      4) (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау бойынша білім алушы - Тапсырыс берушінің нысаналы тапсырысы шеңберінде ЖОО-да білім алушы.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (PhD) философия докторларын нысаналы даярлаудың тәртібі

      5. (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың тапсырысы бойынша ақылы негізде ЖОО-да тапсырыс берілген бағыттарда жүзеге асырылады.

      6. Тапсырыс берушілер білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша (PhD) философия докторларын нысаналы даярлауға жыл сайын тапсырыс беріп отырады.

      7. Тапсырыс беруші (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау шеңберінде түсу үшін бөлінген нысаналы орынға бірнеше кандидатураларды ұсына алады.

      8. Тапсырыс берушілерден алынған (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау жөніндегі өтінімдердің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган нысаналы даярлау шеңберінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға деген жалпы қажеттілікті қалыптастырады.

      9. (PhD) философия докторларын нысаналы даярлау бойынша қабылдау Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Нысаналы даярлау шеңберінде (PhD) философия докторларын нысаналы даярлауды жүргізетін ЖОО-ның қабылдау комиссиясы қабылдауға ұсынған тұлғалар 25 тамызға дейін білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

      11. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді.

  (PhD) философия докторларын
даярлайтын жоғары оқу
орындарында (PhD) философия
докторларын нысаналы даярлау
қағидаларына
1-қосымша
үлгі

(PhD) философия докторларды мақсатты даярлауға өтінім _________________________________________________________ (ЖОО/ғылыми ұйымның - тапсырыс берушінің атауы)

Мамандықтың коды және бағыты

Қажеттілік

(PhD) философия докторларын нысаналы даярлауды жүргізетін ЖОО-ң атауы







Барлығы:



      ЖОО/ғылыми ұйымның жетекшісі Т.А.Ә.