Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелер беру ережесі бекітілсін.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 127 бұйрығына 1-қосымша

Ғылыми дәрежелер беру ережесі

      1. Осы ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын (бұдан әрі – диссертация) ұсынған докторанттарға ғылыми дәрежелер беру тәртібін белгілейді.
      2. Диссертация философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының нақты бір мамандығы бойынша біліктілікті айқындайтын ғылыми еңбек болып табылады.
      3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер) ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.
      4. Докторанттар ғылыми дәрежелер алу үшін ұсынған диссертациялардың осы Ережеге сәйкестілігін бағалауды Комитет жүзеге асырады.
      5. Диссертация ғылыми дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация орындалған жағдайда шетелдік ғылыми консультант тағайындалмайды.
      Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес болуға тиіс:
      1) маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
      2) пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
      3) нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін теориялық және (немесе) тәжірибелік жаңа құнды ғылыми негіздерден тұратын нәтижелердің болуы.
      6. Диссертация ізденушінің өзі жазған, автордың көпшілік алдында қорғауға ұсынатын жаңа ғылыми нәтижелері мен қағидаларының жиынтығынан тұратын және автордың ғылымға қосқан жеке үлесін танытатын жұмыс болып табылады. Автор ұсынған жаңа шешімдер қатаң түрде дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни тұрғыдан бағалануы тиіс.
      Қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, алдын ала патенттермен және басқа ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер келтірілуі, ал теориялық мәнге ие диссертацияда оның ғылыми тұжырымдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар болуы керек.
      Диссертация келесі тілдердің біреуінде жазылады – мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілінде.
      7. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.
      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
      Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шетелдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына Комитет ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.
      8. Диссертацияда:
      1) басылып шыққан жердің толық деректерін көрсете отырып, келтірілген материалдар немесе жекелеген нәтижелер көздеріне;
      2) теңавторларға тиесілі идеяларға немесе әзірлемелерге;
      3) өзге авторлармен бірлесіп, сондай-ақ жеке-дара орындалған ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.
      Докторанттың авторы мен дерек көзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғаны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ қорытындысымен дәлелденген жағдайда диссертация қараудан алынып тасталады.
      9. Диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісі Комитетке 30 (отыз) күннің ішінде жіберіледі. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды.
      10. Докторанттың аттестациялық ісінің қаралу мерзімі Комитетке келіп тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Докторанттың аттестациялық ісі болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге (бұдан әрі – Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) сәйкес келмесе, олардың қаралуы тиісті құжаттар алынғанша тоқтатылады.
      Соңғы шешім шыққанға дейін аттестациялық іс қайтарылмайды және Комитетте қаралудан алынбайды.
      11. Диссертациялардың осы Ереже талаптарына сәйкестігін тиісті мамандықтар топтары бойынша Сараптау кеңестерінің осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үлгіде ұсынатын тиісті қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.
      12. Сараптау кеңестері мамандықтар тобының тиісті бағыттары бойынша ғалымдардан құрылады.
      Сараптау кеңестері Комитеттің бұйрығымен 1 (бір) жылға бекітіледі, оның құрамына төраға, төраға орынбасары, кеңес мүшелері және ғалым хатшы (дауыс беру құқығы жоқ) кіреді.
      Сараптау кеңестерінің мүшелеріне диссертациялық кеңестердің құрамына кіруге болмайды.
      13. Сараптау кеңесінің функциялары:
      1) докторанттардың аттестациялық істерінің және диссертацияларының осы Ереженің және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;
      2) ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми баспалардың тізбесін сараптау;
      3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау;
      4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.
      14. Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамның 2/3-сінен (үштен екісінен) кем болмаған жағдайда құқылы болып саналады.
      Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі және оларға төрағалық етуші, кеңестің ғалым хатшысы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      15. Комитет диссертацияның осы Ереженің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қосымша сарапшыны шақырады.
      16. Сараптау кеңесі қорытындысының негізінде Комитет докторантқа ғылыми дәреже беру/бермеу туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.
      17. Сараптау кеңестерінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады. Комитеттің шешімі қабылданғаннан кейін бір айдың ішінде докторант сараптау кеңесінің қорытындысымен танысады.
      18. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері берілген тұлғаларға мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.
      19. Қазақстан Республикасында Комитет берген ғылыми дәрежелер туралы дипломдар танылады.
      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады.
      21. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерінде тану рәсімі үш кезеңнен тұрады:
      1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау;
      2) шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері;
      3) диссертацияның осы ереженің 5-8 тармақтарына сәйкестігін сараптау.
      22. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерінде тану туралы қолдаухатқа келесі құжаттар қоса беріледі:
      1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) мынадай ақпараттары бар ғылыми дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі, алған қорытынды бағалары және бітіру біліктілік жұмыстары, оқу процесінің басқа да құрамдас бөліктері;
      3) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың және оған қосымшаның (транскрипт) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы;
      4) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжат иесінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) қажеттілігіне қарай нотариалды куәландырылған диссертацияның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы;
      6) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмесі;
      7) Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі диссертацияның есептік-тіркеу карточкасы.
      23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген қолдаухат пен құжаттар Сараптау кеңесінде қаралады. Ол шетелдерде берілген философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану туралы қорытынды шығарады. Қарастыру мерзімі Комитетте тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды.
      24. Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда Комитет ғылыми дәрежені беруден бас тартады.
      25. Сараптау кеңесінің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін тану бойынша оң қорытындысының негізінде ғылыми дәрежені шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Комитет мемлекеттік үлгідегі философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын береді.
      26. Ғылыми дәрежелерді беруден бас тарту туралы Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитетке апелляция беруге болады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.
      27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерді беру мәселелері бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитет өзінің 2 (екі) өкілінен және рецензент, диссертациялық және сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.
      Комиссия құрылған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарап, апелляция бойынша қорытынды дайындайды.
      28. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      29. Комиссия өз қызметінде осы Ережені, Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені, ЖОО бекіткен Диссертациялық кеңес туралы ережені басшылыққа алады.
      30. Апелляциялық комиссияның қорытындысы бойынша Комитет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды және шағымданушыға хабарлайды.
      31. Осы Ережемен реттелмейтін даулар, оның ішінде ғылыми дәрежелерден айыру (қалпына келтіру), апелляция беру мерзімін қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

Ғылыми дәрежелерді
беру ережесіне 
1-қосымша   

Үлгі

_____________________________________________________________ бойынша
                     (ғылым саласы)
сараптамалық кеңестің

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы

20__ ж. «_______» _________________ № ________________ хаттама

      ТЫҢДАЛДЫ:

___________________________________________________________ мамандығы
бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант
_____________________________________________________________________
     (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру
туралы қолдаухат бойынша 20___ ж. "____" ________________ (№ ________
хаттама) ____________________________________________________________
                  (диссертациялық кеңестің шешімі туралы)
№ __________ іс.

      Сарапшы ________________________________________________ тыңдап және істің материалдарын талқылап, сараптамалық кеңес мынаны белгіледі:

      1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау ________________
_____________________________________________________________________
      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі;
_____________________________________________________________________
     диссертациялық кеңестің қорытындысындағы өзектілікті ашудың дұрыстығы)
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Ең маңызды ғылыми нәтижелері, олардың жаңалығы және негізділігі (ақиқаттығы), диссертациялық кеңестің қорытындысындағы осы ұстанымдарды бағалаудың барабарлығы
_____________________________________________________________________
         (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси,
_____________________________________________________________________
       техникалық немесе технологиялық шешімдер; жұмыстың кемшіліктері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Осы кезде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық пайдалану кезеңі ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік, зертханалық сынақтар,
_____________________________________________________________________
                         оқу процесінде пайдалану және т.б.)
_____________________________________________________________________  Пайдаланудан алынған әсер нәтиже
____________________________________________________________________
         (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.)
      4. Практикаға ендіру үшін
____________________________________________________________________
    (ғылыми нәтижелерін тиісті министрліктерде, ұйымдарда пайдалануға ұсынымдар
____________________________________________________________________
          немесе авторлық куәліктердің, патенттердің және т.б. бар болуы)
ұсынылады.
      5. Жарияланымдардың толықтылығының сәйкестігі: диссертация бойынша ______________ ғылыми еңбектер, оның ішінде:
______________ Комитет ұсынатын басылымдарда;
______________ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда;
_______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде _______ шетелдік конференциялар материалдарында.
      6. Рецензия берушілер мен ғылыми кеңесшінің бір-бірлерінен тәуелсіздігі қағидасының сақталуы ___________________________________
      7. Аттестациялық іс материалдарының Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже талаптарына сәйкестігін бағалау __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      7. Сараптамалық кеңес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      7.1. Іс осы Ереженің және Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің барлық талаптарын __________________________________________
                              (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды)
      7.2. Комитет докторант ________________________________________
                                    (докторанттың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(диссертацияның осы Ереженің қандай тармақтарына сәйкес бағаланғандығы көрсетіледі:
_____________________________________________________________________  жиынтығы маңызды мәнге ие болатын, пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндетті шешуді
_____________________________________________________________________
қамтамасыз ететін; маңызды ғылыми міндетті шешетін ғылыми-негізделген жаңа теориялық_____________________________________________________________________
және (немесе) нақты ғылыми бағыттарды дамытуға арналған тәжірибелік нәтижелер алынды)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ ________________________________________________________________ үшін

__________________________________________________ мамандығы бойынша
      `      (мамандық шифры, мамандық)
____________________________________________________________________ философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруге.
      _______________________________________________________________                        (ұсынады немесе ұсынбайды)
_____________________________________________________________________
Аннотациясы Комитеттің Бюлетенінде жариялауға ұсынылады _____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Дауыс беру нәтижелері: «ЖАҚТАП» дауыс бергені ____________

                       «ҚАРСЫ» ______________

                       «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ» ____________

      Төраға ______________________________
                      (тегі, а.ә.)

      Ғалым хатшы ______________________________
                        (тегі, а.ә.)

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 842-бап), 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50-тармақтар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ғана күшін жояды.
      2. «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 95-бап).
      3. «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 97-бап).
      4. «Ғылыми дәрежелер беру ережелелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 75-бап).
      5. «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 болып тіркелген, «Заң газетінде» жарияланған, 2007 жылғы 30 қарашада, № 184 (1387).