Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2141. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасына," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарларына," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарына," деген сөздермен толықтырылсын;
      "бюджет тізімдемесіне" деген сөздер "бюджеттің қаржыландыру жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі