"Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 226 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7716 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Диссертация тақырыбы Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы керек (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа). Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес орындалуы тиіс:»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптау кеңестері Комитеттің бұйрығымен 1 (бір) жылға бекітіледі, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және ғалым хатшы кіреді.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Ғылыми дәрежелерді беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитетке апелляция беруге болады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.».
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов