"Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 485 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4990 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Төмендегі ауылдардың атауы:
      1) Қарасай ауданындағы Каменка ауылдың округі және Каменка ауылы;
      Таусамалы ауылдық округі және Таусамалы ауылы;
      2) Қарасай ауданындағы Известковое ауылы Көктөбе ауылы;
      3) Қарасай ауданындағы Ленин ауылы Қаратөбе ауылы;
      4) Қарасай ауданындағы Чапаев ауылы Көктоған ауылы;
      5) Қарасай ауданындағы Энергетик ауылы Нұрлытау ауылы;
      6) Қарасай ауданындағы Қазақ ССР-інің 50 жылдығы ауылы Мерей ауылы;
      7) Сарқан ауданындағы Красный рыбак ауылы Шұбартүбек ауылы;
      8) Талғар ауданындағы Фрунзе ауылы Туғанбай ауылы;
      9) Көксу ауданындағы Қызыларық ауылдың округі және Қызыларық ауылы Мұсабек ауылдық округі және Мұсабек ауылы;
      10) Көксу ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық округі Қабылиса ауылдық округі болып өзгертілсін.
       2. Қарасай, Сарқан, Талғар, Көксу аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
       3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
       4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
       5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Алматы облысының әкімі

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Алматы облыстың
      мәслихатының хатшысы