Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
1-қосымша

Дәрежелерді беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.07.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрежелерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Ғылым туралы" Заң) 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;

      2) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      3) диссертация - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының шеңберінде нақты мамандық бойынша Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалған біліктілікті айқындайтын ғылыми жұмыс;

      4) Сараптау кеңесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жанындағы диссертацияның Қағида талаптарына сәйкестігін сараптайтын консультативтік-кеңесші орган;

      5) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" Заңында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ерекше мәртебесі бар Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖОО) жанындағы диссертациялық кеңестерде диссертацияларын қорғаған докторанттарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін ерекше мәртебесі бар ЖОО осы Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіппен өздері береді.

      Диссертацияларын ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ларда қорғаған докторанттарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін Комитет Сараптау кеңесінің (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қорытындыларын ескере отырып және осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібі

      4. Диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады.

      Мемлекеттік құпиялары бар диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын не ғылыми-педагогикалық жұмысының тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын екі отандық ғылыми консультанттың жетекшілігімен орындалады.

      Диссертацияның тақырыбы (бекіту күніне) "Ғылым туралы" Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа).

      5. Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала отырып орындалады.

      Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады.

      Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.

      Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:

      жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін аса маңызды жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді;

      не енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамтиды.

      Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді (егер қолданылса); жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент негізінде дәлелденеді (егер қолданылса).

      Диссертацияның практикалық құндылығының принципі қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және басқа да ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтірілуін танытады.

      Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және:

      - мәтінді, ойларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, кестелерді, кодтарды, суреттерді және басқа авторларға және мәтінді пайдалану дереккөзіне сілтеме жасамай жұмыстарды пайдалану және (немесе) иелену, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны өзгертусіз сөздерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен басқа авторлардың мәтінін пайдалану (плагиат);

      - өзінің материалын, нақты және сандық деректерді өзіне және (немесе) өзінің дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану (автоплагиаттың);

      - жоқ дереккөздерге сілтеме жасау, дәйексіз деректерді және (немесе) нәтижелерді, жазуларды немесе олар туралы хабарламаларды ұсыну (фальсификация);

      - нәтижесінде диссертациядағы зерттеу материалдары бұрмаланатын зерттеу материалдарын, жабдықтарды, суреттер мен иллюстрацияларды немесе процестерді манипуляциялау (фабрикация) фактілерінің болмауын білдіреді.

      Нормативтік құқықтық актілер мен ресми құжаттар атауларының, мемлекеттік және өзге ресми органдар мен ұйымдар атауларының, тиісті ғылым саласында жалпы қабылданған терминдердің, анықтамалар мен ұғымдардың, нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің, зерттелетін шығармалар мәтіндерінің сәйкес келуі егер оларды пайдаланудың көлемі және сипаты орындалған диссертацияның дербестігіне күмән тудырмаған кезде плагиат болып саналмайды. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлану бағытына байланысты ескеріледі, атап айтқанда:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрлар даярлау бағыттары бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) (бұдан әрі – JCR (ЖСР)) деректері бойынша белгілі бір квартильге кіретін басылымдар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші бар басылымдар;

      2) қалған кадрлар даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдар.

      Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы (немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін) бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала болады.

      Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын журналда 1 (бір) мақала және JCR (ЖСР) базасының алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда мақала жариялау талап етілмейді.

      Егер JCR (ЖСР) базасының бірінші квартиліне кіретін журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда басқа жарияланымдар талап етілмейді.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жариялау немесе диссертация қорғау кезінде журнал диссертация мазмұнына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми саладан Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткішіне немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында импакт-факторына (немесе индекстеледі) ие болады.

      Ғылыми мақалалар рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.

      Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Диссертацияны шетелде қорғаған адамдар үшін аттестациялық іс Комитетке тапсырылғанға дейін жарияланған ғылыми еңбектер (оның ішінде 1 (бір) мақала – рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда) ескеріледі. Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі. Басылымдар тізбесіне енген журналдардағы мақала ретінде шетелдік ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Диссертацияда:

      1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;

      2) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп алынған әзірлемелерге арналған қорғау құжаттарына;

      3) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп орындалған диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.

      Докторант авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда (бұдан әрі - плагиат), диссертациялық кеңес немесе Комитет қайта қорғау құқығынсыз теріс шешім қабылдайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасында ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ларда қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Диссертациялық кеңестің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) 20-тармағына сәйкес Комитетке ұсынатын аттестациялық істердің қаралу мерзімі олардың Комитетте тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Докторант Сараптау кеңесінің отырысына шақырылса, аттестациялық істі қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімінің созылғаны туралы Комитет диссертациялық кеңеске созылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Аттестациялық іс Комитетке келіп түскен сәтінен бастап 1 айдың ішінде докторанттың жеке өтініші (ерікті нысанда) немесе диссертациялық кеңестің қолдау хаты (ерікті нысанда) болған жағдайда, ол қараудан алынады. Қараудан алынған жағдайда аттестациялық іс Комитетке қайта қорғаудан кейін ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Диссертациялардың Қағида талаптарына сәйкестігін тиісті кадрлар даярлау бағыттары бойынша Сараптау кеңесінің қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сараптау кеңестерінің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар мамандар кіреді.

      Сараптау кеңесінің мүшелерінде (кемінде 1/3 (үштен бір)) халықаралық ақпараттық Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базалар бойынша сілтеме индексі – Хирш индексі 2 (екі) және одан жоғары; және (немесе) халықаралық ақпараттық Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) базаларының деректері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар; және (немесе) халықаралық патенттері бар; және (немесе) Басылымдар тізбесіне кіретін журналдарда 10 (он) жарияланымы бар; және (немесе) 10 (он) ғылыми және (немесе) шығармашылық еңбектері (өнертану бағыты бойынша) бар.

      Сараптау кеңестерінің құрамына ЖОО бірінші басшылары және мемлекеттік қызметшілер (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының өкілдерін қоспағанда), сондай-ақ ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестердің төрағалары және мүшелері кірмейді.

      Мамандар осы тармақтың талаптарына сәйкес болған жағдайда, Комитет Сараптау кеңестерінің құрамын 3 (үш) жыл мерзімге бекітеді. Бір Сараптау кеңесінің құрамына кемінде 6 (алты) адам кіреді. Сараптау кеңестерінің мүшелері өздерінің функцияларын қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық орындай алмайды. 1 (бір) жылда Сараптау кеңесінің отырыстарында 3 (үш) реттен артық болмаған немесе өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда, Сараптау кеңесінің мүшесі Сараптау кеңесінің құрамынан шығарылады.

      Сараптау кеңесінің құрамында бір ұйымның өкілдері болып табылмайтын төраға, төрағаның орынбасары және ғалым хатшы тағайындалады.

      Сараптау кеңесінің мүшелері аттестаттау істерін сараптамасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы түрде жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сараптау кеңесінің функциялары:

      1) аттестациялық істер және диссертациялардың Қағиданың және Үлгі ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;

      2) диссертацияның ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесін сараптау;

      3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау;

      4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.

      12. Сараптау кеңесінің отырысы сараптау кеңесі төрағасының, ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының басшылығымен өтеді.

      Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамының кемінде 2/3-сі (үштен екісі) болған жағдайда заңды болып саналады.

      Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылардың 3/4-і дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі. Ғылымның бірнеше саласын қамтитын тақырыптар бойынша орындалған диссертацияларды тиісті Сараптау кеңестері қарайды.

      Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.

      Сараптау кеңесінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады.

      13. Сараптау кеңесінде докторанттың, ізденушінің зерттеулері саласында маман болмаған жағдайда, Сараптау кеңесі диссертацияны ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сыртқы сарапшыға жібереді. Сондай-ақ Сараптау кеңесі шешімінің негізінде докторант Сараптау кеңесінің отырысына шақырылады.

      14. Сараптау кеңесінің қорытындысы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комитет докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (бас тарту) туралы тиісті бұйрық шығарады.

      Докторант Сараптау кеңесінің диссертация бойынша теріс қорытындысымен Комитеттің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешімі қабылданғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде танысады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған жағдайда, докторант диссертацияны алдыңғы қорғаудан кем дегенде бір жылдан кейін қайта қорғауға ұсынады.

      Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде белгіленген диссертация қорғау рәсімінің бұзылғаны анықталған жағдайда Комитет 2 (екі) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңеске ескертулер жолдайды. Бұл ретте аттестаттау іс осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Теріс шешім қабылданған жағдайда, Комитеттің және диссертация дайындалған ЖОО-ның интернет-ресурстарында осындай шешім қабылдаудың себептері көрсетілген ақпарат, сондай-ақ ғылыми кеңесшілер, диссертациялық кеңес және ресми рецензенттер туралы мәліметтер орналастырылады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, ақпарат Комитеттің және ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылмайды. Диссертацияны қайта қорғаудан кейін Комитет оң шешім қабылдаған жағдайда, теріс шешім туралы ақпарат ЖОО-ның және Комитеттің интернет-ресурстарынан алынады.

      17. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.

      Дәреже беру туралы ақпарат шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      18. Қазақстан Республикасында Комитет № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша берген дәрежелердің берілген дипломдары танылады.

4-тарау. Диссертациясын шетелде қорғаған тұлғаларға философия
докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру

      19. Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін шетелде алған Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру аталған дәрежелердің баламалылығын тану арқылы жүзеге асырылады. Баламалылықты тану рәсімін осы Қағиданың 20, 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері (ерікті нысанда) және (немесе) үміткер жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда) бойынша Комитет жүргізеді.

      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану рәсімі екі кезеңнен тұрады:

      1) дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау;

      2) диссертацияның Қағиданың 4-7 тармақтарына сәйкестігін сараптау.

      21. Шетелде алынған ғылыми дәреже, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану келесі санаттағы:

      1) аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші;

      2) диссертация қорғаған немесе құжаттар Комитетке тапсырылған сәтте топ 200 ARWU (АРВУ), топ 300 ТHE (ЗЭ), топ 300 QS (КЬЮЭС), U.S. News and World Report (Ю.ЭС.Ньюс энд Ворлд Репорт) (Global Score (Глобал Скор) көрсеткіші 65-тен басталады) академиялық рейтингтерінің біреуіне кіретін ЖОО-ларда диссертация қорғағандар үшін;

      3) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарда диссертация қорғаған;

      4) ЖОО-лар еңбек көші-қон шеңберінде шақырған шетел азаматтары үшін Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Егер шетелде қорғалған диссертацияда мемлекеттік құпиялар болса немесе диссертацияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары және Ішкі істер министрлігі ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберген тұлға қорғаған жағдайда, баламалылығын тану рәсімі Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.

      "Құпия" белгісін беру және ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберілу фактісі Қағиданың 23-тармағының 12) тармақшасына сәйкес анықтамамен (ерікті нысанда) расталады.

      23. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану рәсімін өткізу үшін ізденуші мынадай құжаттары бар аттестациялық істі Комитетке ұсынады:

      1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда);

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

      3) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреженің берілгені туралы апостильденген не легализацияланған дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі және дәрежені беру туралы дипломның нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

      4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа қосымшаның (транскрипт) нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандар тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;

      5) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгіден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің бастапқы деректері, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);

      6) жарияланымдар тізімі мен көшірмесі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);

      7) ЖОО-ның шет ел азаматын шақыруын дәлелдейтін құжат (Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ұсынады);

      8) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ұсынады);

      9) диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҰМҒТСО) (ерікті нысанда) және диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда, болған жағдайда) (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);

      10) ҰМҒТСО (ерікті нысанда) диссертацияның бір данасын қабылдағаны туралы анықтамасы (Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);

      11) "Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберу туралы еркін нысандағы анықтамасы (Қағиданың 21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін);

      12) Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін "құпия" белгісін беру және әскери білім беру арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы (ерікті нысанда) анықтама.

      Аттестациялық істерді қарау мерзімі олардың Комитетте тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Аттестациялық істе көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, Комитет аттестациялық істі қарамай қайтарады.

      Диссертация сыртқы сарапшыға жіберілген немесе ізденуші Сараптау кеңесінің отырысына шақырылған жағдайда, аттестациялық істің қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімінің созылғаны туралы Комитет ізденушіге мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Аттестациялық іс Комитетте қаралудан ізденушінің жеке өтініші (ерікті нысанда) болған жағдайда алынады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.04.2017 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      24. Аттестациялық іс Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелерін, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану туралы/танудан бас тарту туралы қорытынды беретін Сараптау кеңесінде қаралады. Сараптау кеңесінің қорытындысы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Сараптау кеңесінің Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарға сәйкес болмауына байланысты теріс қорытындысы болған жағдайда, ізденушінің аттестациялық ісі қайта қарауға жатпайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда, Комитет философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы бұйрық шығарады.

      26. Сараптау кеңесінің оң қорытындысының негізінде Комитет № 39 бұйрықпен бекітілген формадағы мемлекеттік үлгідегі философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру туралы дипломын береді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Апелляцияларды қарау

      27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде докторант, ізденуші апелляцияға бере алады. Апелляция философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған диссертациялық кеңеске немесе Комитетке беріледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция қарауға қабылданбайды.

      28. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде Комитет құрамы өзінің 2 (екі) өкілінен және ғылыми кеңесші, рецензент, диссертациялық және Сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарайды және апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

      29. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі негізінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      30. Комиссия өз қызметінде Қағиданы, Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені басшылыққа алады.

      31. Апелляциялық комиссияның қорытындысына қол қойылған күнінен бастап Комитет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелесін беру/беруден бас тарту туралы тиісті бұйрық шығарады және ол туралы шағымданушыға хабарлайды.

      32. Қағидамен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар сот тәртібінде шешіледі.

6-тарау. Қазақстан Республикасындағы ерекше мәртебесі бар ЖОО-ларда қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру

      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Ерекше мәртебесі бар ЖОО диссертациялық кеңестің шешімі негізінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (беруден бас тарту) туралы тиісті бұйрықты шешім қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шығарады.

      34. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-ның бұйрығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға жеке үлгідегі дипломдар бұйрық шыққаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Ерекше мәртебесі бар ЖОО-ның интернет-ресурсында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы ақпарат диссертациялық кеңес шешім қабылдағаннан бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде орналастырылады.

      35. Ерекше мәртебесі бар ЖОО философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жөніндегі дипломды беру тәртібін өздері анықтайды.

      36. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылған жағдайда докторант диссертациясын қайта қорғауға ұсынады, бірақ ерекше мәртебесі бар ЖОО-да өткен алдыңғы қорғаудан бір жыл өткеннен кейін.

  Дәрежелерді
беру Қағидасына
1-қосымша
  Нысан

_______________________________бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2019 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ ж. "_____" _________                                     № ________ хаттама

      Тыңдалды:

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________ тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант

      __________________________________________________________________

      (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі –Т.А.Ә.)

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы

      қолдаухат бойынша 20___ ж. “____” _____________ (№ ___ хаттама)

      ____________________________________________________________________

                              (диссертациялық кеңестің шешімі туралы)

      № __________ іс.

      Сарапшы ___________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске асырылатын

      ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға

      сәйкестігі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципің сақталуы, негізгі ғылыми

      нәтижелері_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылығының принципінің сақталуы.

      Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет).

      Диссертация нәтижелерін _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      ____________________________________________________________ енгізілді.

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      Практикаға ендіру үшін __________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер,

      зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      ________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________ұсынылады.

      7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды

      пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _________________________________

                                                (бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      8. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі:

      диссертация тақырыбы бойынша:

      барлығы ғылыми еңбек _______;

      оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Scopus (Скопус) деректер базасына кіретін _______ ;

      zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизика жорнал), JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      басқа жарияланымдар _______ жарияланды.

      Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _______________________

                                          (сәйкес келеді/келмейді)

      9. Аттестациялық істің материалдарының Қағидалар талаптарына

      сәйкестігі___________________________________________________________

      Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздік қағидасының

      сақталуы____________________________________________

      Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге сәйкес қорғау рәсімінің

      сақталуы___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Диссертациялық кеңеске ескертулер____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Аттестациялық іс және докторанттың диссертациясы Қағидалардың барлық

      талаптарына сәйкес, Сараптау кеңесі Комитетке докторант

      ____________________________________________________________________

      (докторанттың Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________мамандық

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін

      беруді ұсынады.

      2) Аттестациялық іс және докторанттың диссертациясы Қағидалардың тармағына

      сәйкес келмейді______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Қағидалардың қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке докторант ___________________________________

                                    (докторанттың Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас

      тартуды ұсынады.

Дауыс беру нәтижелері:

"жақтап" дауыс бергені ____________


"қарсы" ____________


"қалыс қалғаны" ____________

Төраға

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Ғалым хатшы

______________________________
(Т.А.Ә ол (болған жағдайда).)

Сарапшы

______________________________
(Т.А.Ә ол (болған жағдайда).)

  Ғылыми дәрежелерді
беру Қағидасына
2-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитетінің төрағасы

      ____________________________

      20__ ж. " ___"_____

____________________сараптау кеңесінің келу парағы

      20___ ж. " ___"_____

Тегі, а.ә (болған жағдайда).

Сараптау объектісі, қорытындылар саны

Сағат саны

Сараптау кеңесі мүшесінің қолы

Сараптау кеңесі төрағасының қолы

қорытындылар

жұмысқа қатысу, сағат





























  Дәрежелерді
беру Қағидасына
3-қосымша

      Нысан

_____________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2019 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ ж. "____" __________                                     № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      ________________________________________________ мамандығы бойынша

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ алған

                        (мемлекет, ұйым)

      ____________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі -Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________________

      дәреже туралы дипломның баламалылығын тану туралы қолдау хат (жеке өтініш)

      бойынша берілген _____________№ аттестациялық іс.

      Диссертация тақырыбы:_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сарапшы ___________________________________________ тыңдап және

                        (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

      1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды)______________

      ____________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципінің сақталуы, негізгі ғылыми

      нәтижелері (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін

      толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылығының принципінің сақталуы

      (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      диссертация нәтижелері___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      ____________________________________________________________________

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      ____________________________________________________________ендірілді;

      практикаға ендіру үшін __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер,

      зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      ____________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________ұсынылады.

      7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды

      пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      8. Диссертация тақырыбы бойынша (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      барлығы ғылыми еңбек _______;

      оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда _______ ;

      шетелдік ғылыми басылымдарда _________;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Scopus (Скопус) _______ ;

      zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизикал жорнал), JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      басқа жарияланымдар _______ жарияланды.

      Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _______________________

      (сәйкес келеді/келмейді)

      9. "Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберу туралы анықтаманың болуы (Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылады):

      ____________________________________________________________________

      23-тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларына сәйкес

      құжаттар болуы ______________________________________________________.

      10. Диссертация (Қағидалардың 21-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін):

      500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS (КЮЭС)) немесе News (Ньюс) рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін

      ЖОО-да_______________________

      ________________________________________________________________;

                        (қажетін сызу, мемлекетті, ЖОО көрсету)

      немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілеріне ұсынылатын ұйымдар тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-да

      ____________________________________________________________________;

                        (ЖОО аталуы)

      немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғалған ______________________

      ____________________________________________________________________

                        (мемлекетті, ЖОО көрсету).

      23-тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 10) тармақшаларына сәйкес құжаттар болуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. "Құпия" белгісін беру және әскери білім беру арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы анықтаманың болуы (Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар

      үшін):_________________

      ____________________________________________________________________.

      Құжаттардың 23 тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 12)-тармақшаларына сәйкес болуы

      ______________________________________________________________.

      12. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Ізденушінің аттестациялық ісі Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес,

      Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші ________________________________

                                    (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________мамандық

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін

      беруді ұсынады.

      2) Ізденушінің аттестациялық ісі Қағидалардың _____ тармағына сәйкес

      келмейді_____________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші_____________________________________

                                          (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      дипломының баламалылығын танудан және _____________________

      __________________________________________________________ мамандығы

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас

      тартуды ұсынады.

Дауыс беру нәтижелері:

"жақтап" дауыс бергені ____________


"қарсы" ____________


"қалыс қалғаны" ____________

Төраға

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Ғалым хатшы

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Сарапшы

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

     

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2011 жылғы 31 наурыздағы
  № 127 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 842-құжат), 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50 тармақтарды қоспағанда.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.11.25 № 492 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 95-бап).

      3. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 97-бап).

      4. "Ғылыми дәрежелер беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 75-бап).

      5. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 болып тіркелген, "Заң газетінде" жарияланған, 2007 жылғы 30 қарашада, № 184 (1387).