"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д.Ә. Абаев _____________
25 желтоқсан 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қ.П. Қожамжаров _____________
19 қаңтар 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
С.Ә. Жасұзақов_____________
7 желтоқсан 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы ________________
5 қаңтар 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
К.Қ. Мәсімов ________________
9 қаңтар 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі,
генерал-полковник
Қ.Н. Қасымов ________________
20 желтоқсан 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 606 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын) диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ға (бұдан әрі - ҰМҒТСО) жібереді.
Егер ҰМҒТСО-да докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғаны анықталған болса, диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдайды.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертацияларда авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалдың пайдаланылуы ҰМҒТСО-да немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында және/немесе ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның бланкісінде ілеспе қолдаухаты;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) докторанттың автор мен дереккөзге сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы. Мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар бойынша диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны тексерілгені туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында және/немесе ғылыми ұйымдарында комиссия анықтамасы ұсынылады;".
2. "Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Жараталыстану ғылымдары, Техника ғылымдары және технологиялар, Медицина, Ауыл шаруашылығы ғылымдары мамандықтары тобы бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus (Скопус), Pubmed (Пабмед), zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Agris (Агрис), Georef (Жеореф), Astrophysical journal (Астрофизикал жорнал) деректер базасына кіретін басылымдарда;
2) қалған мамандықтар тобы үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие немесе индекстелетін немесе Scopus (Скопус), JSTORE (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін басылымдарда.";
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі (Қағиданың 21-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды). Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) диссертацияда автор мен дереккөзге сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылғанының тексерілгені туралы "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҰМҒТСО) (ерікті нысанда) және диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда, болған жағдайда) (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ҰМҒТСО (ерікті нысанда) диссертацияның бір данасын қабылдағаны туралы анықтамасы (Қағиданың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін ұсынылмайды);".
3. "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлерінде:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құжаттардың барлық түрлері (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарынан, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттарынан басқа):";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдары, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттары:
1) көлемі 310 х 110 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 310 х 110 мм қосымша парақтан тұрады.".
4. "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-3 бабының 2) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің, жазылу индексінің және ISSN (International Standard Serial Number) Халықаралық стандартты сериялық нөмірінің болуы;";
2-тармақтың 8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – ҰМҒТСО) мынадай ақпараттар көрсетілген анықтаманың болуы:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Заңның 4-3 бабының 2) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің болуы (Заңның 12-бабына сәйкес таралымы 100 данаға жетпейтін басылымдардан басқасы);";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (1998 жылғы 28 мамырдағы № 1:3-98 хаттама) "Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу" ГОСТ 7.5-98 бойынша мақалалардың, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және қағидасы" ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалалардағы библиографиялық тізімдерді ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкестігі туралы ҰМҒТСО-дан берілген анықтаманың болуы;".