Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 мамырда № 20555 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 98-129 абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 170 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ларда диссертациялық кеңестерді құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ЖОО-дан ішінде мынадай құжаттар түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде қарайды:";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (ӘАББҰ-лар үшін плагиат тексеру үшін құрылған Комиссия туралы мәлімет).";

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) соңғы 5 (бес) жылда Комитеттің теріс шешімін алған Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде қорғалған диссертациялар бойынша ғылыми консультанттар, жетекшілер болған мамандар кірмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестерде кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-інің Хирш индексі кемінде 3 (үш) немесе халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрларды даярлау бағыттары бойынша даярлау бағыттарына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымы;

      2) қалған кадрлар даярлау бағыттары үшін даярлау бағыттарына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кемінде 2 (екі) жарияланымы бар.

      Ерекше мәртебесі жоқ ӘАББҰ-лар жанындағы диссертациялық кеңестерде кеңес мүшелерінің кемінде жартысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) кіретін журналдарда кемінде 10 (он) жарияланымы бар.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты барлық шығыстар, оның ішінде диссертациялық кеңес мүшелерінің іссапар шығыстары диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО есебінен төленеді. ЖОО мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелер, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша, болуын қамтамасыз етеді. ӘАББҰ-лар плагиатқа тексеру жөніндегі Комиссияның болуын қамтамасыз етеді.";

      20-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері;";

      20-тармақ мынадай редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) докторант оқыған ЖОО-ның жанындағы Этикалық комиссияның зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы.";

      23-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;";

      23-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) қолдану мерзімдерін көрсете отырып мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелері, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша, бар болуы туралы ақпарат.";

      26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын;

      "26. Қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру үшін диссертацияны "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ға (бұдан әрі - ҰМҒТСО) жібереді. Тақырып беті және қолданылған әдебиеттер тізімі плагиатқа тексерілмейді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ның жанындағы) диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО бланкісінде ілеспе қолдаухаты (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);

      2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация қағаз тасымалдағышта да беріледі;

      3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

      4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) докторанттың плагиатқа диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша плагиатқа тексерілгені туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның анықтамасы ұсынылады;

      6) осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

      7) диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;

      8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;

      9) осы Үлгі ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.".

      2. "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;";

      5-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және:

      - мәтінді, ойларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, кестелерді, кодтарды, суреттерді және басқа авторларға және мәтінді пайдалану дереккөзіне сілтеме жасамай жұмыстарды пайдалану және (немесе) иелену, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны өзгертусіз сөздерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен басқа авторлардың мәтінін пайдалану (плагиат);

      - өзінің материалын, нақты және сандық деректерді өзіне және (немесе) өзінің дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану (автоплагиаттың);

      - жоқ дереккөздерге сілтеме жасау, дәйексіз деректерді және (немесе) нәтижелерді, жазуларды немесе олар туралы хабарламаларды ұсыну (фальсификация);

      - нәтижесінде диссертациядағы зерттеу материалдары бұрмаланатын зерттеу материалдарын, жабдықтарды, суреттер мен иллюстрацияларды немесе процестерді манипуляциялау (фабрикация) фактілерінің болмауын білдіреді.

      Нормативтік құқықтық актілер мен ресми құжаттар атауларының, мемлекеттік және өзге ресми органдар мен ұйымдар атауларының, тиісті ғылым саласында жалпы қабылданған терминдердің, анықтамалар мен ұғымдардың, нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің, зерттелетін шығармалар мәтіндерінің сәйкес келуі егер оларды пайдаланудың көлемі және сипаты орындалған диссертацияның дербестігіне күмән тудырмаған кезде плагиат болып саналмайды. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлану бағытына байланысты ескеріледі, атап айтқанда:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрлар даярлау бағыттары бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) (бұдан әрі – JCR (ЖСР)) деректері бойынша белгілі бір квартильге кіретін басылымдар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші бар басылымдар;

      2) қалған кадрлар даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдар.

      Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы (немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін) бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала болады.

      Егер JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын журналда 1 (бір) мақала және JCR (ЖСР) базасының алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналда 1 (бір) мақала болған жағдайда Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда мақала жариялау талап етілмейді.

      Егер JCR (ЖСР) базасының бірінші квартиліне кіретін журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда басқа жарияланымдар талап етілмейді.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жариялау немесе диссертация қорғау кезінде журнал диссертация мазмұнына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми саладан Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткішіне немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында импакт-факторына (немесе индекстеледі) ие болады.

      Ғылыми мақалалар рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.

      Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Диссертацияны шетелде қорғаған адамдар үшін аттестациялық іс Комитетке тапсырылғанға дейін жарияланған ғылыми еңбектер (оның ішінде 1 (бір) мақала – рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда) ескеріледі. Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі. Басылымдар тізбесіне енген журналдардағы мақала ретінде шетелдік ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестациялық іс Комитетке келіп түскен сәтінен бастап 1 айдың ішінде докторанттың жеке өтініші (ерікті нысанда) немесе диссертациялық кеңестің қолдау хаты (ерікті нысанда) болған жағдайда, ол қараудан алынады. Қараудан алынған жағдайда аттестациялық іс Комитетке қайта қорғаудан кейін ұсынылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "9. Диссертациялардың Қағида талаптарына сәйкестігін тиісті кадрлар даярлау бағыттары бойынша Сараптау кеңесінің қорытындылары негізінде Комитет белгілейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "21. Шетелде алынған ғылыми дәреже, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану келесі санаттағы:

      1) аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші;

      2) диссертация қорғаған немесе құжаттар Комитетке тапсырылған сәтте топ 200 ARWU (АРВУ), топ 300 ТHE (ЗЭ), топ 300 QS (КЬЮЭС), U.S. News and World Report (Ю.ЭС.Ньюс энд Ворлд Репорт) (Global Score (Глобал Скор) көрсеткіші 65-тен басталады) академиялық рейтингтерінің біреуіне кіретін ЖОО-ларда диссертация қорғағандар үшін;

      3) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарда диссертация қорғаған;

      4) ЖОО-лар еңбек көші-қон шеңберінде шақырған шетел азаматтары үшін Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.";

      23-тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қорғау елінде диссертация қорғау фактісін растайтын дәреженің берілгені туралы апостильденген не легализацияланған дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі және дәрежені беру туралы дипломның нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

      4) мынадай ақпараттары бар дәреженің берілгені туралы құжатқа қосымшаның (транскрипт) нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары мен бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандар тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі;

      5) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгіден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің бастапқы деректері, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);

      6) жарияланымдар тізімі мен көшірмесі (Қағиданың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);

      7) ЖОО-ның шет ел азаматын шақыруын дәлелдейтін құжат (Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ұсынады);

      8) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ұсынады);

      9) диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҰМҒТСО) (ерікті нысанда) және диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда, болған жағдайда) (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар ұсынбайды);";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Аттестациялық іс Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелерін, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану туралы/танудан бас тарту туралы қорытынды беретін Сараптау кеңесінде қаралады. Сараптау кеңесінің қорытындысы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Сараптау кеңесінің Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарға сәйкес болмауына байланысты теріс қорытындысы болған жағдайда, ізденушінің аттестациялық ісі қайта қарауға жатпайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сараптау кеңесінің оң қорытындысының негізінде Комитет № 39 бұйрықпен бекітілген формадағы мемлекеттік үлгідегі философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру туралы дипломын береді.".

      3. "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.".

      4. "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 31) және 32) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;";

      31-қосымша осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      32-қосымша осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары" 35-қосымшада:

      8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.".

      5. "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Басылымдардың тізбесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті қалыптастырады.

      Басылымдардың тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі:

      1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-І Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде есепке қою туралы куәліктің болуы, ISSN (АЙСИСИЭН) (International Standard Serial Number (Интернйэшнл Стандард Сериал Намбер)) халықаралық стандартты сериялық нөмірі және жазылу индексі;

      2) редакцияның мәлімдеген мақсаттары мен тақырыптық бағыты, оның кезеңділігі, жариялау шарттары, рецензиялау түрі, мұрағаттау және қолжетімділік, сондай-ақ жариялау этикасын көрсететін баспа бекіткен журналдың редакциялық саясатының болуы;

      3) жарияланатын ғылыми мақалалардың (оның ішінде шолулардың) журналдың мәлімделген мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкестігі. Ғылыми мақала – бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтитын; немесе ортақ тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарауға арналған (жүйелі шолу) ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе талдамалық қызметтің өзіндік тұжырымдары мен аралық немесе түпкілікті нәтижелерін баяндау. Ғылыми мақаланың құрылымы атауынан, аннотациядан, түйін сөздерден, негізгі ережелерден, кіріспеден, материалдар мен әдістерден, нәтижелерден, талқылаудан, қорытындыдан, қаржыландыру туралы ақпараттан (бар болған жағдайда), әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір түпнұсқа мақалада (әлеуметтік-гуманитарлық бағытты қоспағанда) зерттеу нәтижелері жаңғыртылатын болуы тиіс, жабдықтар мен материалдардың шығу тегі, деректерді статистикалық өңдеу әдістері және жаңғыртуды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері көрсетіле отырып, зерттеу әдіснамасы сипатталуы тиіс. Жарияланымдардың басқа түрлерінің мазмұны нөмірдегі мақалалардың жалпы санының 10%-ынан аспайды. Бұл ретте автор немесе авторлар ұжымы тұжырымдамаға, ғылыми дизайнға, мәлімделген ғылыми зерттеуді орындауға немесе түсіндіруге және ғылыми мақала жазуға елеулі үлес қосады;

      4) журналды кемінде 2 (екі) толық жыл басып шығару, ғылыми басылымның мерзімділігі жылына кемінде 2 (екі) рет, ғылыми басылымның уақытында шығуының мәлімделген мерзімділігін сақтау;

      5) журналдың әрбір нөмірінде шетелдік авторлардың мақалаларының, сондай-ақ шет тілдерінде (оның ішінде ағылшын тілінде) мақалаларының болуы;

      6) баспамен аффилирленбеген авторлардың ғылыми мақалалары журналдың әрбір нөміріндегі жарияланымдар санының кемінде 50%-ын (елу) құрайды;

      7) шетелдік дәйексөз жүйелерінде немесе электрондық кітапханаларда ғылыми басылымның таралуы немесе Қазақстандық дәйексөз базасында журналдың импакт-факторының болуы;

      8) редакциялық алқада немесе редакциялық кеңесте Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында кемінде 2 (екі) Хирш индексі (журналдың тақырыптық бағыты бойынша) бар ғалымдардың болуы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы журналдар үшін Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында жарияланымдары бар ғалымдардың болуы;

      9) жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелерді баяндаудың дұрыстығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында жасырын пікір беруді қолдана отырып, тиісті тақырып бойынша ғалымдардың немесе мамандардың ғылыми еңбектерді рецензиялауы. Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында жарияланымдары бар шетелдік рецензенттердің (әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы журналдарды қоспағанда) болуы;

      10) аннотациялардың, кілт сөздер мен автор туралы ақпараттың болуы – аттары, аффилиациясы (ұйымның атауы), елдің атауы және барлық жарияланым авторларының мекенжайлары (оның ішінде негізгі авторын көрсете отырып). Аннотацияда зерттеудің мәні мен қолданылған әдістері баяндалады, аса маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығы жинақталады. Аннотацияның көлемі 300 сөзден аспайды. Түйін сөздер мақала мәтінін іздеу және оның пәндік саласын анықтау үшін пайдаланады;

      11) ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпараттың болуы – мақаланың тақырыбы, аннотация, түйін сөздер, авторлар туралы ақпарат;

      12) әрбір мақалаға әдебиеттің (пайдаланылатын көздердің) транслитерацияланған тізімдерінің болуы;

      13) әрбір мақалаға журналдың мазмұнын және Интернеттегі сілтемелерді бірегей және тұрақты онлайн сәйкестендіру үшін объектінің сандық сәйкестендіргіші болып табылатын және International DOI Foundation (Интернэйшенел ДОИ Фаундэйшен) тіркеу агенттігі беретін DOI (бұдан әрі – DOI (ДОИ)) болуы;

      14) мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерін пайдалану, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша;

      15) ғылыми басылымның ақпараттық ашықтығы – ғылыми басылымның:

      – ғылыми басылымның қағаз және/немесе электрондық нұсқасы туралы ақпарат, оның ішінде басылымның құрылтайшысы және (немесе) меншік иесі туралы мәліметтер;

      – ғылыми басылымның мақсаты мен тақырыптық бағыты;

      – ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (болған жағдайда), жұмыс орны көрсетілген редакциялық алқаның (редакциялық кеңестің) құрамы;

      – мақалаларды рецензиялау түрі мен тәртібі;

      – әрбір мақалаға DOI (ДОИ);

      – жариялау этикасы, онда редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың міндеттері мен құқықтары, сондай-ақ мүдделер қақтығысын, әдепсіз іс-әрекетті анықтау шаралары, мақалаларды қайтарып алу немесе түзету, түзетулер, кешірім жасау, теріске шығару бойынша нұсқаулық көрсетіледі. Авторлардың, редакторлардың немесе баспагерлердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия беруімен, жасанды және жалған рецензиялаумен, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтеріне жүгінумен, авторлар құрамын бұрмалаумен, жалған ғылыми мәтіндерді жариялаумен, авторлардың келісімінсіз мақалалардың мәтіндерін басқа журналдарға берумен, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға берумен, авторлық құқықтардың және редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттарының бұзылуымен, дәйексөзді манипуляциялаумен, плагиатпен, бұрмалаумен және ойдан шығарумен байланысты іс-әрекеттері этикаға жатпайтын әрекеттер болып табылады. Егер журнал басқа ұйым немесе ұйымдар (WAME (УЭЙМ), COPE (КОП), Хельсинки декларациясы) тұжырымдаған қағидаттарды қолдаса және пайдаланса, дереккөзге дәйексөз салынған қағидаттардың толық мәтіні келтіріледі не толық мәтінге белсенді сілтеме беріледі;– авторларға мақаланы ресімдеу, оның ішінде әдебиеттер тізімін ресімдеу үшін транслитерация әдістерін қолдану бойынша нұсқау;

      – іздеу жүйесі;

      – соңғы он екі айдағы нөмірдің мазмұны және мазмұнына қол жеткізе отырып, өткен жылдардағы нөмірлердің мұрағаты;

      – байланыс ақпараты;

      – мақалаларды берудің және рецензиялаудың онлайн жүйесі көрсетілетін жеке электрондық сайтының (бетінің) болуы;

      16) "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтаманың болуы, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      – қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін кемінде үш жыл бұрын ғылыми басылымның электрондық нұсқасының болуы туралы;

      – Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (1998 жылғы 28 мамырдағы № 1:3-98 хаттама) ГОСТ 7.5-98 "Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу" бойынша мақалаларды, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері" бойынша мақаланың библиографиялық тізімдерін ресімдеу бойынша базалық баспа стандарттарына сәйкестігі туралы.".

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 170 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№39 бұйрығына
31-қосымша
  Нысан

Философия (PhD) докторы дәрежесін беру (баламалылығын тану) дипломы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны
қамтамасыз ету комитетінің
шешімімен____________
______________________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)
________________________________берілген
(ЖОО, мемлекет)
дәрежесі философия докторы (PhD) дәрежесі
ретінде танылды
Төраға
ҒД № Нұр-Сұлтан қаласы

Решением Комитета по обеспечению качества в
сфере образования и науки Министерства
образования и науки Республики
Казахстан ________________
степень, присужденная______________________
(Ф.И.О (при его наличии).)
в________________________________________,
(ВУЗ, страна)
признана в Республике Казахстан как степень
доктора философии (PhD)
By the decision of the Committee for quality assurance
in Education and Science under the
Ministry of Education and Science of the Republic of
Kazakhstan degree, conferred on
___________________________________________
(full name)
in __________________________________________
(university, country )
recognized in the Republic of Kazakhstan as a
doctor of philosophy (PhD) degree

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 170 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№39 бұйрығына
32-қосымша
  Нысан

Бейіні бойынша доктор дәрежесін (баламалылығын тану) беру дипломы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны
қамтамасыз ету комитетінің
шешімімен____________
________________________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)
_________________________________берілген
(ЖОО, мемлекет)
дәрежесі бейіні бойынша докторы дәрежесі
ретінде танылды
Төраға
ҒД № Нұр-Сұлтан қаласы

Решением Комитета по обеспечению качества в
сфере образования и науки Министерства
образования и науки Республики
Казахстан ________________
степень, присужденная_____________________
(Ф.И.О (при его наличии).)
в_______________________________________,
(ВУЗ, страна)
признана в Республике Казахстан как степень
доктора по профилю
By the decision of the Committee for quality
assurance in Education and Science under the
Ministry of Education and Science
of the Republic of Kazakhstan degree, conferred on
_________________________________________
(full name)
in
________________________________________
(university, country )
recognized in the Republic of Kazakhstan as a
doctor of doctor of рrofile degree