"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 26 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6167 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі;
      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі;
      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі;
      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128; 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының  
2010 жылғы 1 наурыздағы  
№ 26 қаулысына 1-қосымша  

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қор есептілікті уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай нысандарға сәйкес ұсынады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдықтары туралы есеп;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есеп;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есеп;
      4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
      5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес дебиторлық берешек туралы есеп;
      6) осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есеп;
      7) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес кредиторлық берешек туралы есеп;
      8) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес Қор акционерлері туралы мәлімет;
      9) осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес инвестициялық қызметтен болған кірістер туралы есеп;
      10) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп;
      11) осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес кепілдік төлемдерін, зардап шегушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар туралы есеп;
      12) осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес активтер туралы есеп;
      13) осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес инвестициялау лимиттерін сақтау жөніндегі есеп;
      14) осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес есептілікке түсіндірме жазба.
      3. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жасалатын есептілік ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып, электрондық тасымалдауышта ұсынылады.
      4. Уәкілетті органға электронды тасымалдауышта ұсынылатын есептілік қағаз тасымалдауышта да жасалуы тиіс. Осындай есептілікке бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және Қорда сақталады. Уәкілетті органның талабы бойынша сұратуды алған күннен бастап екі күннен кешіктірмей тиісінше ресімделген есептілікті қағаз тасымалдауышта ұсынады.
      5. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын есептіліктің қағаз тасымалдауыштағы есептілікпен сәйкес келуін Қордың бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
      6. Есептіліктің деректері ұлттық валюта – теңгеде көрсетіледі.
      7. Есептілікті жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.
      Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      8. Қор қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда уәкілетті органға заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеліміне тиісті жазба енгізілу сәтіне дейінгі есептілік ұсынылады.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 1-қосымшасы

Нысан

Ақша қалдықтары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20___ жылғы 1________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)

№ р/н

Банк баптарының атауы (банктер бөлiгiнде)

Банк коды

Есептi кезеңге теңгемен ақша қалдығы

Теңгемен қайта есептелген, шетел валютасында ақша қалдығы

Теңгемен барлық ақша

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1

Кассадағы ақша






2

Жолдағы ақша






2.1














3

Ағымдағы шоттардағы ақша






3.1














4

Картшоттардағы ақша






4.1














5

Аккредитивтердегi ақша






5.1














6

Чектердегi ақша






6.1














7

Басқалар






7.1














8

Барлығы






Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 2-қосымшасы

Нысан

Орналастырылған салымдары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20___ жылғы 1________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


p/c

Банк (банктер бөлiгiнде) баптарының атауы

Банктiң ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі

Салым бойынша негiзгi борыш

Салым бойынша сыйақы

Күмәнді борыштар бойынша резервтер

Ескерту

теңгеде

теңгеде қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы

салым сомасының жиынтығы

теңгеде

теңгеде қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы

сыйақы сомасының жиынтығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Талап еткенге дейiнгi салымдар










1.1






















2

Мерзiмдi салымдар










2.1






















3

Шартты салымдар





















4

Барлығы










Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 3-қосымшасы

Нысан

Бағалы қағаздар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _______________ жағдайы бойынша


р/с

Эмитенттiң атауы

Бағалы қағаздардың түрі

Ұлттық бiрегейлендіру нөмірi, халықаралық бiрегейлендіру нөмірі

Бағалы қағаздардың саны (дана)

Бағалы қағаздардың номиналдық құны

Номиналдың валютасы

Пайдалылығы, %

Баланстық құны (нетто) (мың теңгемен)

Сатуға қолда бар бағалы қағаздар

Саудаға арналған бағалы қағаздар

Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары













1.1




























2

Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары













2.1

Екiншi деңгейдегі банктер













2.1.1




























2.2

Екіншi деңгейдегi банктердi қоспағанда, заңды тұлғалар













2.2.1




























3

Шетел мемлекеттерiнің бағалы қағаздары













3.1




























4

Қазақстан Республикасы резидент емес – эмитенттерінiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары













4.1




























5

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары













5.1




























6

Басқалар













6.1




























8

Барлығы













кестенің жалғасы

Эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлесі (%)

Күмәнді борыштар бойынша резерв (мың теңгемен)

Бағалы қағаздардың жиынтық сатып алу құны (мың теңгемен)

Сатып алу сәтінен құны өзгеруі (9 бағана+11 бағана +13-бағана)- 7 бағана)

Күні

Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг

Ескерту

Сатып алу

Өтеу

15

16

17

18

19

20

21

22

































































Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 4-қосымшасы

Нысан

«Керi РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _______________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


p/c

Операцияның мазмұны/бағалы қағаз эмитентінің атауы

Бағалы қағаздар түрлерi

Ұлттық бiрегейлендiру нөмірi, халықаралық бiрегейлендiру нөмірi

РЕПО шартын жасау күнi

РЕПО шартының нөмірі

Күні

РЕПО операцияларының мерзімі

Сыйақы ставкасы, %

РЕПО-дағы бағалы қағаздардың саны

РЕПО

Ескерту

РЕПО ашу

РЕПО жабу

теңгеде

шетел валютасында

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

«Автоматты» тәсілмен жасалатын «кері «РЕПО» операциялары













1.1.

(эмитентінің атауы)













...

...













2

«РЕПО» Операциясы













2.1

(эмитентінің атауы)













...

...













Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 5-қосымшасы

Нысан

Дебиторлық берешек туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ______________ жағдай бойынша


р/с

Дебиторлық берешек түрi

Берешек сомасы

Күмәндi борыштар бойынша резервтер

Ескерту

1


2


3


4


5

1

Дебиторлық берешек:




1.1

Мiндеттi жарна бойынша берешек




1.2

Қосымша жарна бойынша берешек




1.3

Төтенше жарна бойынша берешек




1.4

Кері талап бойынша берешек




1.5

Бағалы қағаздар сыйақысы бойынша берешек




1.6

Салым сыйақысы бойынша берешек (депозиттер)




1.7

Бітпеген құрылыс




1.8

Кері талап бойынша берешек




1.9

Активтерді сатумен байланысты берешектер




1.10

Қаржы лизинг




1.11

Кепілдiк жарна бойынша берешек




1.12

Зейнетақы аударымы бойынша берешек




1.13

Жалақы бойынша берешек




1.14

Жеткiзушілерге және мердiгерлерге төленген аванстар бойынша берешек




1.15

Ұрлау, ысырап және басқа терiс мақсатқа пайдалану бойынша берешек




1.16

Айыппұл, өсiмпұл және тұрақсыздық айыбы бойынша берешек




1.17

Бағалы қағаздар және салым сыйақысы бойынша берешек




1.18

Жалдау бойынша есептелген кiрiстер




1.19

Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар сату




1.20

Жалға алынған мүлiкке күрделi жөндеу




1.21

Басқалары




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 6-қосымшасы

Нысан

Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi және зиянды өтеу резервi бойынша есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 __________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Атауы

Есеп беру кезеңінің басындағы сальдо

Кредиттік айналым

Дебеттік айналым

Есеп беру кезеңінің аяғындағы сальдо

1

2

3

4

5

6

1

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, оның ішінде





1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша





1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша





3

Зиянды өтеу резерві





Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 7-қосымшасы

Нысан

Кредиторлық берешек туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
200___ жылғы 1 ________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Кредиторлық берешек түрi

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Кредиторлық берешек, оның iшiнде түрлерi бойынша



1.1

Жөндеуге есептелген шығыстар



1.2

Жарнамаға есептелген шығыстар



1.3

Есептелген өкiлдiк шығыстар



1.4

Есептелген басқа жалпы шаруашылық шығыстар



1.5

Жалдау бойынша есептелген шығыстар



1.6

Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар сатып алу



1.7

Активтер сатып алуға байланысты берешек



1.8

Аффилиирленген тұлғаларға берешек



1.9

Алынған қаржы лизингі



1.10

Сақтандыру төлемдерiн кепiлдiкке беру қорына мiндеттi жарналар



1.11

Сақтандыру төлемдерiн кепілдiкке беру қорына төтенше жарналар



1.12

Басқалары



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 8-қосымшасы

Нысан

Қор акционерлері туралы мәлімет
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__жылғы «_____» __________ жағдай бойынша 


р/с

Акционердің атауы

Акциялар саны (дана)

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесі (мың теңгемен)

Қатысу пайызы (%)















































Барлығы




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 9-қосымшасы

Нысан

Инвестициялық қызметтен болған кірістер туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ________________ жағдай бойынша 


р/с

Атауы

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Инвестициялық қызметтен түскен кірістер



2

шетел валютасын сатып алудан/сатудан түскен кірісер (шығыстар)



3

оң сомалық айырма



4

басқа да



5

Өзге қызметтен түскен басқа да кірістер



6

жалға алудан түскен кіріс



7

делдалдық қызметтен түскен кірістер



8

консультациялық қызметтен түскен кірістер



9

актуарлық есеп айырысудан түскен кірістер



10

берілген кепілдеме бойынша кірістер



11

кредиторлық берешекті есептен шығарудан түскен кірістер



12

дебиторлық берешекті өтеуден түскен кірістер



13

тұрақсыздық, айыппұл және өсімпұл



14

басқа да



15

Барлығы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 10-қосымшасы

Нысан

Жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__ жылғы 1 __________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)   


р/с

Шығыстарды жіктеу

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Еңбек және iссапар шығыстарына төлем жасау шығыстары



2

Шаруашылық және кеңселiк шығыстар



3

Жарнамаға бөлiнген шығыстар



4

Қызметкерлердiң білiктілiгiн көтеру шығыстары



5

Үшiншi тұлғалардың қызмет көрсетуi



6

Негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеу



7

Бланктiк өнiмдердi дайындау бойынша шығыстар



8

Көлiк қызметiн көрсету және пайдалану шығыстары



9

Күзет жөнiндегi шығыстар



10

Почталық және курьерлiк шығыстар



11

Амортизациялық ақша аудару және тозу



12

Ағымдағы жалға алу шығыстары



13

Коммуналдық қызмет көрсетулер



14

Компьютерлiк техникаға қызмет көрсету шығыстары



15

Байланыс қызметiне ақы төлеу



16

Аудиторларға, консультацияларға және ақпараттарға жұмсалатын шығыстар



17

Банктерге қызмет көрсету және активтердi басқару шығыстары



18

Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу жөнiндегi шығыстар



19

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзілiмiн жүргiзу жөнiндегi шығыстар



20

Сақтандыру шығыстары



21

Төленуге тиiстi есептелген айыппұлдар,өсiмпұлдар, тұрақсыздықтар



22

Инкассаторлық шығындар



23

Қосылған құн салығы



24

Әлеуметтiк салық



25

Жер салығы



26

Көлiк құралдарына салынатын салық



27

Мүлік салығы



28

Алымдар



29

Төлемдер



30

Мемлекеттiк баж



31

Кедендiк төлемдер



32

Басқалары



33

Барлығы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 11-қосымшасы

Нысан

Кепілдік төлемдерін, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерiн, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша


р/с

Атауы

Есеп беру кезеңінен басталған кезең бойынша

Өткен қаржылық жыл бойынша

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Кепілдік төлемдері, оның ішінде:




1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша




1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша




2

Өтемақы төлемдері, оның ішінде:




2.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша




2.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша




3

Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 12-қосымшасы

Нысан

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері туралы есеп «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша сомасы (мың теңге)

Активтер сомасынан %

1

2

3

4

1.

Ақша



2.

Салымдар - барлығы, оның ішінде:



2.1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары



2.2.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары мынадай талаптардың біріне сәйкес келгенде: «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар болғанда;
резидент емес сабақтас банктері - күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «А-»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банктер болып табылады;
күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)



3.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандары)



4.

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары – барлығы, оның ішінде:



4.1.

«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары



4.2.

«акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)



4.3.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ»-дан төмен емес борыштық бағалы қағаздары



5.

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздары



6.

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:



«ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы («Standard & Poor's» агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі) бар борыштық бағалы қағаздары;

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары

7.

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары



8.

Лондондық қымбат металдар рыногының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің «А»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасына немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері



9.

Активтер сомасы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 13-қосымшасы

Нысан

Инвестициялау лимитін сақтау туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ______________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша сомасы (мың теңге)

Активтер сомасынан %

1.

Бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды.



1.1

Екінші деңгейдегі банктің атауы



1.1.1

ақша



1.1.2

салымдар



1.1.3

облигациялар



1.1.4

«кері репо» операциялары



1.1.1

Екінші деңгейдегі банктің аффилирленген тұлғаласының атауы



1.1.1.1

ақша



1.1.1.2

салымдар



1.1.1.3

облигациялар



1.1.1.4

«кері репо» операциялары



2

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің бес пайызынан, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;



2.1

Екінші деңгейдегі банктің атауы



2.1.1

ақша



2.1.2

салымдар



2.1.3

облигациялар



2.1.4

«кері репо» операциялары



2.1.1

Екінші деңгейдегі банктің аффилирленген тұлғасының атауы



2.1.1.1

ақша



2.1.1.2

салымдар



2.1.1.3

облигациялар



2.1.1.4

«кері репо» операциялары



...

...



3

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның аффилирленген тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды



3.1

Заңды тұлғаның атауы



3.1.1

Заңды тұлғаның аффилирленген тұлғаласының атауы



...




4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе бір мемлекеттің басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтерімен шығарылған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды



5

Қор активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері – Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» 
акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 
14-қосымшасы     

Нысан

Есеп беруге түсіндірме жазба
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша

      1. Түсіндірме жазбадағы есеп беруде келтірілген баптарды жіктеу, қажет болған жағдайда, олардың мағынасын түсіндіретін ақпаратпен толықтырылады.
      2. Есепті кезеңде болған өзгерістер есеп саясатына сәйкес жиынтық шамаларды сипаттай отырып, әрбір бап бойынша ашылып көрсетілуі тиіс.
      3. Есеп беруге түсіндірме жазба есепті кезеңде болған өзгерістерді көрсетуі тиіс.
      4. Өзгерістерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп саясатына сәйкес көрсету қажет.

Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы  
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
2-қосымша          

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
3-қосымша           

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2010 жылғы 1 наурыздағы   
№ 26 қаулысына        
4-қосымша           

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 17.06.2015 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын
белгілеу қағидалары

      1. Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын көздейді.
      2. Қордың басшы қызметкерлері мыналар болып табылады:
      1) Қордың директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері;
      2) бірінші басшы, атқарып отырған қызметінің атауына қарамастан бірінші басшының орынбасарларының функцияларын жүзеге асырушы адамдар, Қордың басқарма мүшелері не Қордың атқару органының функцияларын жеке өзі жүзеге асырушы адам және оның орынбасары;
      3) Қордың бас бухгалтері.
      3. Қордың басшы қызметкері болып мына адам тағайындала алмайды (сайлана алмайды):
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес екі жылдан аз жұмыс өтілі бар;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдауына дейін кем дегенде бір жыл бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі соңғы жүйелі он екі ай ішінде қолданылады.
      Мінсіз іскерлік беделін – басшы қызметкері лауазымына сайлануға (тағайындалуға) үміткер адамдардың кәсібилігін, адалдығын, алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын фактілердің болуы.
      4. Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың Қордағы қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек өтілі кіреді:
      1) Азия даму банкі;
      2) Еуразия даму банкі;
      3) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      4) Ислам даму банкі;
      5) Халықаралық даму қауымдастығы;
      6) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      7) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      8) Халықаралық валюта қоры;
      9) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
      10) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.
      5. Мыналар уәкілетті органмен келісуге жатпайды:
      1) Қордың директорлар кеңесінің құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі;
      2) Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) Қордың басшы қызметкері, осы кандидаттың бұрын уәкілетті органмен тиісті лауазымға келісілген болуы не келісілген лауазымнан төменде тұрған лауазымға Қордың бір органының аясында ауысуы және осы кандидаттың Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу шартымен.
      Осындай жағдайда Қор басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы уәкілетті органның шешімінің үзінді көшірмесін, осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы көрсетілген ілеспе хатымен бірге ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      6. Қордың басшы қызметкері уәкілетті органның келісімінсіз өзінің қызметінде, оны сайлаған (тағайындаған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын уақыт болады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған соң, және уәкілетті органға келісуге құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, немесе уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Қор осы тұлғамен еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы тұлғаның өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен артық Қордың басшы қызметкерінің міндетін атқаруға (уақытша жоқ басшы қызметкердің орнында болуға) жол берілмейді.
      Уәкілетті орган өтініш Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған не оны Қордағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына сайланады (тағайындалады).
      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына сайланады (тағайындалады).
      7. Келісуді уәкілетті орган Кандидаттардың уәкілетті органның жанындағы қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып не Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.
      8. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кандидаттың Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға сәйкес ұсынылғанын және Қор құжаттамалық жағынан тексерілгенін көрсетумен және оған мыналар:
      Қордың басқармасының бірінші басшысын (атқару органының функциясын жеке өзі жүзеге асыратын адам) (сайлаған) тағайындаған кезде Қордың директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда - директорлар кеңесінің шешімі бойынша (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып) директорлар кеңесінің бір мүшесі;
      Қордың басқармасының бірінші басшысы (атқару органының функциясын жеке өзі жүзеге асыратын адам) не міндетін атқарушы адам (міндетін атқаруды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған өтінішхатты – қалған жағдайларда;
      2) Қордың басшы қызметіне кандидатты сайлау (тағайындау) күнін көрсете отырып, Қордың уәкілетті органының шешімінің үзінді-көшірмесін не кандидатты (сайлау) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесін (екі және одан да көп кандидатты келісу кезінде олардың әрбіріне шешім көшірмесінің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).
      Сайлау (тағайындау) күні болмаса, кандидатты сайлау (тағайындау) күні Қордың уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не көрсетілген шешімдегі (бұйрықтағы) жағдайдың басталған күні болып саналады.
      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Қордың уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер бар:
      Қордың толық атауы және оның басқармасының орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысы (директорлар кеңесінің отырысы) өткізілген күні, уақыты және орны;
      отырысқа қатысқан адамдар туралы (директорлар кеңесінің отырысы үшін) мәліметтер;
      акционерлердің жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (директорлар кеңесі отырысының) күн тәртібі;
      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) бөлігінде дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
      кандидатты басшы лауазымға сайлау (тағайындау) бөлігінде қабылданған шешімдер.
      Қордың уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесіне осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (уәкілетті қызметкерлердің) қойылған қолымен және Қордың мөр бедерімен куәландырылады және үзінді-көшірменің дұрыстығын көрсетеді.
      3) электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы фотосурет 3 х 4 көлемімен ашық аяда жасалады) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кандидат туралы мәлімет;
      4) кандидаттың жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжатты (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге құжаттар топтамасын берген кезде құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      7) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      8) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі не Халықаралық бухгалтерлер федерациясының нағыз мүшесі болып табылатын шетел институтымен берілген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесі;
      9) Қор басқармасының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – Қордың директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;
      10) кандидат акционерлік қоғамның басқарма мүшесі болып табылған жағдайда – осы акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің кандидатқа Қорда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі.
      9. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
      1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) бұрын өздерінің сайлануына (тағайындалуына) уәкілетті органның келісімін алған, бұл келісім қайтарып алынбаған директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы (бір өзі тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, қаржы ұйымдарының атқарушы органының мүшелері;
      3) ұсынымхатқа қол қою күнінде уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасары лауазымындағы тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың және ведомстволардың бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары;
      4) экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 4-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
      Қазақстан Республикасының бейрезиденті кандидаттарды келіскен кезде - тізбесі «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген «ВВ+» төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, атқарушы орган басшысы мен мүшелері ұсыным беруші тұлғалар болады.
      Қордың (өтініш берушінің) басшы қызметкері, акционері, Қордың (өтініш берушінің) акционерінің басшы қызметкері, сондай-ақ кандидаттың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары), уәкілетті органның тарапынан қаржы ұйымы кандидатты келісу туралы өтінішті бергенге дейінгі бір жыл ішінде шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайды.
      10. Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкері лауазымында болған және уәкілетті органмен келісілген (бұдан әрі - келісілген басшы қызметкер) үміткерді басшы қызметкер лауазымына келісу үшін, уәкілетті органға мыналарды:
      1) ерікті нысанда жасалған өтінішті, онда үміткер туралы мәліметтердің, оның ішінде Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған мәліметтердің Қормен (өтініш берушімен) құжаттамалық тексерілгені және үміткердің Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні көрсетіледі;
      Қордың уәкілетті органының үміткерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзінді көшірмесін;
      3) үміткердің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы нысанында берілген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжатты (не сол бір үміткерді өзге басшылық лауазымына келісуге құжаттар топтамасын тапсырған кездегі құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның анықтамасының көшірмесі) ұсынады. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күніне дейінгі үш айдан аспауға тиіс;
      5) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәліметтер электрондық және қағаз тасымалдағышта.
      11. Қағидалардың 8 және 10-тармақтарында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парағының сыртында тігін түйіншегіне желімделген, парақтар саны көрсетілген жапсырманың жартылай үстінен қойылған Қордың мөрімен расталған болып ұсынылады.
      Қор шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылуы және нотариатпен куәландырылуы тиіс.
      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға (ұсынылған құжаттардың көшірмелерін куәландыру құқығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қою құқығы бар Қордың лауазымды тұлғаларының қолымен және көшірменің дұрыс екенін көрсете отырып, Қордың мөр бедерімен (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып) расталады.
      12. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның (сайланған) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттар топтамасын ұсынады.
      Басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, Қорға почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.
      Қор ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.
      Қор осы Қағидалардың көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган оларды Қорға қараусыз қайтарады. Қор жетіспейтін құжаттарды кандидат басқа қызметке сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде ұсынады.
      Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтару, Қор оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы кандидаттың уәкілетті органда тестіден өткенге дейін рұқсат етіледі.
      13. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) Қордың басшы қызметкері лауазымына (сайланған) тағайындалған күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер дәйекті емес болып табылады және берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.
      Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындалған күнге дейінгі 10 (он) жылдан кем емес кезеңде кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не жоқ екені жөнінде сұратады.
      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі жоқтығы туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, соның негізінде келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып саналады, сондай-ақ берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.
      14. Комиссия шешімі бойынша Қордың мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттардың негізінде:
      1) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген басшы лауазымына кандидаттың:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында не Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінде бұрын:
      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
      бас бухгалтер лауазымын атқарған кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса;
      2) Қордың бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидаттың:
      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
      бас бухгалтер ретінде кемінде екі жыл еңбек өтілі бар болса;
      3) Қордың бас бухгалтері лауазымына кандидаттың:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің:
      бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
      бірінші басшысы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
      қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы (басшының орынбасары) ретінде кемінде үш жыл еңбек өтілі бар болса шақырмай келісіледі.
      15. Кандидатты келісуді Комиссиямен жүргізеді. Комиссияның қызметі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.
      16. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімде тестілеудің өтетін күні туралы Қорға жазбаша хабарлайды.
      Кандидат тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен уәкілетті орган белгіленген мерзімде келмей қалған жағдайда, Қор бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды. Қайта тестілеу Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім кезеңінде тағайындалады.
      17. Кандидаттарды келісу 45 минут ішінде 30 сұрақ бойынша компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
      18. Кандидаттарды тестілеу кезінде тестілеуден өтетін тұлғамен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің және, қажет болған жағдайда, аудармашының ғана қатысуына рұқсат етіледі.
      Кандидат тестілеуден өткен кезінде қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды қолдануға тыйым салынады. Осы тармақта аталған шарттарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.
      19. Тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда (кем дегенде дұрыс жауаптардың 70 пайызы) үміткер сайланған (тағайындалған) лауазымға келісілді деп саналады.
      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тесттің қорытындысымен дереу қол қойып, таныстырылуға тиіс.
      Комиссияның қарауына Қор берген құжаттар жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе жөнінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді. Қағидалардың 19-тармағында, Қағидалардың 21-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көзделген жағдайларда хаттама ресімделмейді.
      20. Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.
      21. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:
      1) басшы қызметкерінің Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының, 20) тармақшасының, 54-бабының 4-тармағының, 59-бабының 2-тармағының, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі.
      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
      кандидаттың тағайындалған уақытта тестілеуге келмеуі не қайта тестілеуді тағайындаған жағдайда – Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті органның кандидатын келісу мерзімі аяқталғанға дейін;
      кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың кемінде жетпіс пайызын құрайды;
      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, пысықталған құжаттарды белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;
      4) белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну, осы мерзім ішінде басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иеленеді;
      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
      Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішхатты берген күнге дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, өзінің өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдау және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкцияны қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген деп танылған тарап болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәміле жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгені кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғанын растайтын фактілері болған жағдайда қолданылады.
      22. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді мынадай негіздемелер бойынша қайтарып алады:
      1) негізінде келісім берілген мәліметтердің шынайы емес болғанын анықтау;
      2) басшы қызметкерге қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкциялардың қолданылуы;
      3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы.
      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алған жағдайда, Қор осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган кандидатуралары өзімен келісілген Қордың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
      24. Қор уәкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға сайлауын (тағайындауын) ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға 
(тағайындауға)келісім беру мен 
қайтарып алу және оларға біліктілік
талаптарын белгілеу қағидаларына
1-қосымша           

Нысан


фотосуреттің орны

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы
Мәліметтер

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамында
тағайындалатын лауазымы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер

Туылған күні және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігi

Оқу орны

орналасқан орны

1.






      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі,
балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі,
әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.





      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы
және акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрлерi

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.




      5. Соңғы үш жылда семинарлардан, біліктілік көтеру жөніндегі
курстардан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат деректемелерi

1.




      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі атқарған
(атқарып отырған) лауазымдары, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға келісу
туралы өтінішті берген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамында лауазымы туралы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік шара қолданудың бар болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1.






      7. Кандидат қаржы ұйымдарының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының аудитін жүргізу туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
      (ұйымның атауын, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық
есепке қол қойған күнін көрсету)

      8. Қор және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесінде
және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келіскен күні (талап етілсе)

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептерi

1.





      9. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, бар болған жағдайда күні, қандай басылымдарда
көрсетілді)

      10. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы
мәліметтер

Күнi

Сот органының атауы

Соттың орналасқан орны

Жаза-ның түрi

Кандидат қылмыстық жауапкершілікке сәйкес тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың процессуалдық шешімді қабылдаған күнi

1.







      11. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау фактілерінің
болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

      12. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары,
бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысының (банк
немесе сақтандыру холдингінің) - қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банктің бас ұйымы болып табылатын
банк холдингін консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешімді
қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы
болғандығы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      13. Басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісімді
қайтарып алу және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға қаржы ұйымының, «Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, банктік,
сақтандыру холдингінің бірінші басшысы қызметтік міндеттерін
орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, сайлауға
(тағайындауға) келісімді қайтарып алуға негіздемесі және осындай шешім қабылдаған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі мемлекеттік органының атауы көрсетілсін)

      14. Қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы
ретінде қаржы ұйымы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамы, банктік, сақтандыру холдингі қызметінің
мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде
тартылды ма
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші - қаржы
ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып
табылатындығын растаймын. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті
дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
      (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

                                         Қолы _______________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, __________________________________________________________________________________________________________________________________________
            (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

                                              Қолы __________________

Күні _______________________________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға 
(тағайындауға)келісім беру мен 
қайтарып алу және оларға біліктілік
талаптарын белгілеу қағидаларына
2-қосымша           

Нысан 

№ ______________ Хаттама              200 __ жылғы «____» __________

Комиссияның «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына үміткерді
қарауының қорытындысы
________________________________________________________________
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкері лауазымына үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)

р/с №

Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қорытындысы: «келісілсін», «келісуден бас тартылсын»

Ескерту (Комиссия мүшесінің ерекше пікірі)

Қолы


2

3

4

5











Комиссия Төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Комиссия шешімі: Келісілсін
                 Келісуден бас тартылсын

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
5-қосымша           

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қордың қаржылық жай-күйін нашарлатқан Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының бұзушылықтарын, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдары лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
      1) жазбаша ұйғарым;
      2) жазбаша келісім.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына, бұрын оған ықпал ету шараларының қолданылғанына қарамастан, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген кез келген шектеулі ықпал ету шарасының біреуін қолданады.
      4. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шаралардың есебін жүргізеді.
      5. Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерін бұзушылықтарын қатаң түрде белгіленген мерзімдерде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы және келешекте Қазақстан Республикасының заңнама бұзушылықтарына жол бермеу туралы нұсқау жазбаша ұйғарым болып табылады.
      Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының атына анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша ұйғарым шығарады.
      Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және орындалуы міндетті мынадай шаралар болып табылады:
      1) Қор алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша;
      2) анықталған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарын жою бойынша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына қойылатын басқа талаптарды орындау бойынша.
      Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы уәкілетті органды жазбаша ұйғарымды, онда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымы бойынша сотқа шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      6. Уәкілетті орган мен Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы арасындағы анықталған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы және осы жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою бойынша бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім – жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екі тарап орын алған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан артық уақыт қажет болады деген қорытындыға келген жағдайда жасалады.
      Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымымен анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасасады.
      Жазбаша келісім Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органының және (немесе) атқару органының бірінші басшысымен немесе оның орнындағы тұлғамен жасалады.
      Жазбаша келісімде Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органы және (немесе) атқару органының кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жасалуы тиіс іс-әрекеттері мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге сәйкес, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы оның талаптарын орындау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды.
      Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
6-қосымша            

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) акционерлерінің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесімен Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша қабылданатын шешімдері Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатады.
      3. Акционерлердің жалпы жиналысымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешімдерін келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдерге қатысты тыйым салады, тыйым салудың дәлелді негіздемесі қоса ұсынылады.
      4. Уәкілетті органның келісуі туралы немесе келісуден бас тарту және тыйым салу туралы шешім жазбаша ресімделеді және оған уәкілетті органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды.
      5. Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген, қабылданған шешімдерді уәкілетті органмен келіспей Қормен жасалған мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз болып саналады.
      6. Шешімді келісу үшін Қор акционерлердің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесі отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оны уәкілетті органға, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынады:
      1) дауыс беру қорытындысы туралы хаттама;
      2) негізінде хаттама жасалған, тікелей құпия және сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер);
      3) жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығына сенімхат;
      4) хаттамаға қол қоюдан бас тартудың себептерінің жазбаша түсініктемелері;
      5) күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар.
      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде Қорды жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етеді.
      8. Қор уәкілетті органның жетіспейтін құжаттар туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсынады.
      9. Уәкілетті орган Қормен соңғы құжат тапсырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде шешімді келіседі не бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, тыйым салу туралы шешім қабылдайды.
      10. Уәкілетті органның Қордың акционерлерінің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне тыйым салу туралы шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген шешім бойынша шағымдану тыйым салудың қолданылуын тоқтата тұрмайды.