"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 26 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6167 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже;
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі;
      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі;
      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының  
2010 жылғы 1 наурыздағы  
№ 26 қаулысына 1-қосымша  

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
      2. Қор есептілікті уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай нысандарға сәйкес ұсынады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдықтары туралы есеп;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есеп;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есеп;
      4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
      5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес дебиторлық берешек туралы есеп;
      6) осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есеп;
      7) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес кредиторлық берешек туралы есеп;
      8) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес Қор акционерлері туралы мәлімет;
      9) осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес инвестициялық қызметтен болған кірістер туралы есеп;
      10) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп;
      11) осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес кепілдік төлемдерін, зардап шегушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар туралы есеп;
      12) осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес активтер туралы есеп;
      13) осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес инвестициялау лимиттерін сақтау жөніндегі есеп;
      14) осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес есептілікке түсіндірме жазба.
      3. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жасалатын есептілік ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып, электрондық тасымалдауышта ұсынылады.
      4. Уәкілетті органға электронды тасымалдауышта ұсынылатын есептілік қағаз тасымалдауышта да жасалуы тиіс. Осындай есептілікке бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және Қорда сақталады. Уәкілетті органның талабы бойынша сұратуды алған күннен бастап екі күннен кешіктірмей тиісінше ресімделген есептілікті қағаз тасымалдауышта ұсынады.
      5. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын есептіліктің қағаз тасымалдауыштағы есептілікпен сәйкес келуін Қордың бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
      6. Есептіліктің деректері ұлттық валюта – теңгеде көрсетіледі.
      7. Есептілікті жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.
      Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      8. Қор қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда уәкілетті органға заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеліміне тиісті жазба енгізілу сәтіне дейінгі есептілік ұсынылады.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 1-қосымшасы

Нысан

Ақша қалдықтары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20___ жылғы 1________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)

№ р/н

Банк баптарының атауы (банктер бөлiгiнде)

Банк коды

Есептi кезеңге теңгемен ақша қалдығы

Теңгемен қайта есептелген, шетел валютасында ақша қалдығы

Теңгемен барлық ақша

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1

Кассадағы ақша






2

Жолдағы ақша






2.1














3

Ағымдағы шоттардағы ақша






3.1














4

Картшоттардағы ақша






4.1














5

Аккредитивтердегi ақша






5.1














6

Чектердегi ақша






6.1














7

Басқалар






7.1














8

Барлығы






Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 2-қосымшасы

Нысан

Орналастырылған салымдары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20___ жылғы 1________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


p/c

Банк (банктер бөлiгiнде) баптарының атауы

Банктiң ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі

Салым бойынша негiзгi борыш

Салым бойынша сыйақы

Күмәнді борыштар бойынша резервтер

Ескерту

теңгеде

теңгеде қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы

салым сомасының жиынтығы

теңгеде

теңгеде қайта есептелген шетел валютасындағы ақша қалдығы

сыйақы сомасының жиынтығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Талап еткенге дейiнгi салымдар










1.1






















2

Мерзiмдi салымдар










2.1






















3

Шартты салымдар





















4

Барлығы










Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 3-қосымшасы

Нысан

Бағалы қағаздар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _______________ жағдайы бойынша


р/с

Эмитенттiң атауы

Бағалы қағаздардың түрі

Ұлттық бiрегейлендіру нөмірi, халықаралық бiрегейлендіру нөмірі

Бағалы қағаздардың саны (дана)

Бағалы қағаздардың номиналдық құны

Номиналдың валютасы

Пайдалылығы, %

Баланстық құны (нетто) (мың теңгемен)

Сатуға қолда бар бағалы қағаздар

Саудаға арналған бағалы қағаздар

Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

барлығы

оның ішінде, есептелген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары













1.1




























2

Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары













2.1

Екiншi деңгейдегі банктер













2.1.1




























2.2

Екіншi деңгейдегi банктердi қоспағанда, заңды тұлғалар













2.2.1




























3

Шетел мемлекеттерiнің бағалы қағаздары













3.1




























4

Қазақстан Республикасы резидент емес – эмитенттерінiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары













4.1




























5

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары













5.1




























6

Басқалар













6.1




























8

Барлығы













кестенің жалғасы

Эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлесі (%)

Күмәнді борыштар бойынша резерв (мың теңгемен)

Бағалы қағаздардың жиынтық сатып алу құны (мың теңгемен)

Сатып алу сәтінен құны өзгеруі (9 бағана+11 бағана +13-бағана)- 7 бағана)

Күні

Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг

Ескерту

Сатып алу

Өтеу

15

16

17

18

19

20

21

22

































































Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 4-қосымшасы

Нысан

«Керi РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _______________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


p/c

Операцияның мазмұны/бағалы қағаз эмитентінің атауы

Бағалы қағаздар түрлерi

Ұлттық бiрегейлендiру нөмірi, халықаралық бiрегейлендiру нөмірi

РЕПО шартын жасау күнi

РЕПО шартының нөмірі

Күні

РЕПО операцияларының мерзімі

Сыйақы ставкасы, %

РЕПО-дағы бағалы қағаздардың саны

РЕПО

Ескерту

РЕПО ашу

РЕПО жабу

теңгеде

шетел валютасында

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

«Автоматты» тәсілмен жасалатын «кері «РЕПО» операциялары













1.1.

(эмитентінің атауы)













...

...













2

«РЕПО» Операциясы













2.1

(эмитентінің атауы)













...

...













Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 5-қосымшасы

Нысан

Дебиторлық берешек туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ______________ жағдай бойынша


р/с

Дебиторлық берешек түрi

Берешек сомасы

Күмәндi борыштар бойынша резервтер

Ескерту

1


2


3


4


5

1

Дебиторлық берешек:




1.1

Мiндеттi жарна бойынша берешек




1.2

Қосымша жарна бойынша берешек




1.3

Төтенше жарна бойынша берешек




1.4

Кері талап бойынша берешек




1.5

Бағалы қағаздар сыйақысы бойынша берешек




1.6

Салым сыйақысы бойынша берешек (депозиттер)




1.7

Бітпеген құрылыс




1.8

Кері талап бойынша берешек




1.9

Активтерді сатумен байланысты берешектер




1.10

Қаржы лизинг




1.11

Кепілдiк жарна бойынша берешек




1.12

Зейнетақы аударымы бойынша берешек




1.13

Жалақы бойынша берешек




1.14

Жеткiзушілерге және мердiгерлерге төленген аванстар бойынша берешек




1.15

Ұрлау, ысырап және басқа терiс мақсатқа пайдалану бойынша берешек




1.16

Айыппұл, өсiмпұл және тұрақсыздық айыбы бойынша берешек




1.17

Бағалы қағаздар және салым сыйақысы бойынша берешек




1.18

Жалдау бойынша есептелген кiрiстер




1.19

Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар сату




1.20

Жалға алынған мүлiкке күрделi жөндеу




1.21

Басқалары




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 6-қосымшасы

Нысан

Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi және зиянды өтеу резервi бойынша есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 __________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Атауы

Есеп беру кезеңінің басындағы сальдо

Кредиттік айналым

Дебеттік айналым

Есеп беру кезеңінің аяғындағы сальдо

1

2

3

4

5

6

1

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, оның ішінде





1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша





1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша





3

Зиянды өтеу резерві





Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 7-қосымшасы

Нысан

Кредиторлық берешек туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
200___ жылғы 1 ________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Кредиторлық берешек түрi

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Кредиторлық берешек, оның iшiнде түрлерi бойынша



1.1

Жөндеуге есептелген шығыстар



1.2

Жарнамаға есептелген шығыстар



1.3

Есептелген өкiлдiк шығыстар



1.4

Есептелген басқа жалпы шаруашылық шығыстар



1.5

Жалдау бойынша есептелген шығыстар



1.6

Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар сатып алу



1.7

Активтер сатып алуға байланысты берешек



1.8

Аффилиирленген тұлғаларға берешек



1.9

Алынған қаржы лизингі



1.10

Сақтандыру төлемдерiн кепiлдiкке беру қорына мiндеттi жарналар



1.11

Сақтандыру төлемдерiн кепілдiкке беру қорына төтенше жарналар



1.12

Басқалары



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 8-қосымшасы

Нысан

Қор акционерлері туралы мәлімет
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__жылғы «_____» __________ жағдай бойынша 


р/с

Акционердің атауы

Акциялар саны (дана)

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесі (мың теңгемен)

Қатысу пайызы (%)















































Барлығы




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 9-қосымшасы

Нысан

Инвестициялық қызметтен болған кірістер туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ________________ жағдай бойынша 


р/с

Атауы

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Инвестициялық қызметтен түскен кірістер



2

шетел валютасын сатып алудан/сатудан түскен кірісер (шығыстар)



3

оң сомалық айырма



4

басқа да



5

Өзге қызметтен түскен басқа да кірістер



6

жалға алудан түскен кіріс



7

делдалдық қызметтен түскен кірістер



8

консультациялық қызметтен түскен кірістер



9

актуарлық есеп айырысудан түскен кірістер



10

берілген кепілдеме бойынша кірістер



11

кредиторлық берешекті есептен шығарудан түскен кірістер



12

дебиторлық берешекті өтеуден түскен кірістер



13

тұрақсыздық, айыппұл және өсімпұл



14

басқа да



15

Барлығы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 10-қосымшасы

Нысан

Жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__ жылғы 1 __________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)   


р/с

Шығыстарды жіктеу

Сомасы

Ескерту

1

2

3

4

1

Еңбек және iссапар шығыстарына төлем жасау шығыстары



2

Шаруашылық және кеңселiк шығыстар



3

Жарнамаға бөлiнген шығыстар



4

Қызметкерлердiң білiктілiгiн көтеру шығыстары



5

Үшiншi тұлғалардың қызмет көрсетуi



6

Негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеу



7

Бланктiк өнiмдердi дайындау бойынша шығыстар



8

Көлiк қызметiн көрсету және пайдалану шығыстары



9

Күзет жөнiндегi шығыстар



10

Почталық және курьерлiк шығыстар



11

Амортизациялық ақша аудару және тозу



12

Ағымдағы жалға алу шығыстары



13

Коммуналдық қызмет көрсетулер



14

Компьютерлiк техникаға қызмет көрсету шығыстары



15

Байланыс қызметiне ақы төлеу



16

Аудиторларға, консультацияларға және ақпараттарға жұмсалатын шығыстар



17

Банктерге қызмет көрсету және активтердi басқару шығыстары



18

Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу жөнiндегi шығыстар



19

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзілiмiн жүргiзу жөнiндегi шығыстар



20

Сақтандыру шығыстары



21

Төленуге тиiстi есептелген айыппұлдар,өсiмпұлдар, тұрақсыздықтар



22

Инкассаторлық шығындар



23

Қосылған құн салығы



24

Әлеуметтiк салық



25

Жер салығы



26

Көлiк құралдарына салынатын салық



27

Мүлік салығы



28

Алымдар



29

Төлемдер



30

Мемлекеттiк баж



31

Кедендiк төлемдер



32

Басқалары



33

Барлығы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 11-қосымшасы

Нысан

Кепілдік төлемдерін, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерiн, өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша


р/с

Атауы

Есеп беру кезеңінен басталған кезең бойынша

Өткен қаржылық жыл бойынша

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Кепілдік төлемдері, оның ішінде:




1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша




1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша




2

Өтемақы төлемдері, оның ішінде:




2.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша




2.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша




3

Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер




Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 12-қосымшасы

Нысан

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері туралы есеп «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша сомасы (мың теңге)

Активтер сомасынан %

1

2

3

4

1.

Ақша



2.

Салымдар - барлығы, оның ішінде:



2.1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары



2.2.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары мынадай талаптардың біріне сәйкес келгенде: «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар болғанда;
резидент емес сабақтас банктері - күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «А-»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банктер болып табылады;
күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде)



3.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандары)



4.

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары – барлығы, оның ішінде:



4.1.

«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары



4.2.

«акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)



4.3.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ»-дан төмен емес борыштық бағалы қағаздары



5.

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздары



6.

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:



«ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы («Standard & Poor's» агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі) бар борыштық бағалы қағаздары;

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары

7.

Күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары



8.

Лондондық қымбат металдар рыногының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің «А»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасына немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері



9.

Активтер сомасы



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 13-қосымшасы

Нысан

Инвестициялау лимитін сақтау туралы есеп
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 ______________________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


р/с

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша сомасы (мың теңге)

Активтер сомасынан %

1.

Бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды.



1.1

Екінші деңгейдегі банктің атауы



1.1.1

ақша



1.1.2

салымдар



1.1.3

облигациялар



1.1.4

«кері репо» операциялары



1.1.1

Екінші деңгейдегі банктің аффилирленген тұлғаласының атауы



1.1.1.1

ақша



1.1.1.2

салымдар



1.1.1.3

облигациялар



1.1.1.4

«кері репо» операциялары



2

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің бес пайызынан, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;



2.1

Екінші деңгейдегі банктің атауы



2.1.1

ақша



2.1.2

салымдар



2.1.3

облигациялар



2.1.4

«кері репо» операциялары



2.1.1

Екінші деңгейдегі банктің аффилирленген тұлғасының атауы



2.1.1.1

ақша



2.1.1.2

салымдар



2.1.1.3

облигациялар



2.1.1.4

«кері репо» операциялары



...

...



3

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның аффилирленген тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды



3.1

Заңды тұлғаның атауы



3.1.1

Заңды тұлғаның аффилирленген тұлғаласының атауы



...




4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе бір мемлекеттің басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтерімен шығарылған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды



5

Қор активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері – Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды



Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

«Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» 
акционерлік қоғамының
есеп беру ережесінің 
14-қосымшасы     

Нысан

Есеп беруге түсіндірме жазба
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
20__ жылғы 1 _________________ жағдай бойынша

      1. Түсіндірме жазбадағы есеп беруде келтірілген баптарды жіктеу, қажет болған жағдайда, олардың мағынасын түсіндіретін ақпаратпен толықтырылады.
      2. Есепті кезеңде болған өзгерістер есеп саясатына сәйкес жиынтық шамаларды сипаттай отырып, әрбір бап бойынша ашылып көрсетілуі тиіс.
      3. Есеп беруге түсіндірме жазба есепті кезеңде болған өзгерістерді көрсетуі тиіс.
      4. Өзгерістерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп саясатына сәйкес көрсету қажет.

Бiрiншi басшы немесе есепке
қол қоюға уәкiлеттi тұлға __________________________ күні __________
Бас бухгалтер             __________________________ күні __________
Орындаушы                 __________________________
Телефоны:                 __________________________
Мөр қоюға арналған орын

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы  
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
2-қосымша          

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі

      Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосып алуы, бөлінуі, бөлініп шығаруы) немесе таратылуы уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      2. Уәкілетті органның Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын немесе таратылуын жүргізуге рұқсат беруі туралы өтініш осы Ереженің қосымшасына сәйкес жасалады.
      3. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтініші уәкілетті органмен оны қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде қаралады.
      4. Қордың таратуды жүргізуге уәкілетті органның рұқсат беруі туралы өтініші уәкілетті органмен тиісінше ресімделген құжаттар қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.

2-тарау. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      5. Уәкілетті органның Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Қор акционерлері жалпы жиналысының ауыспалы кезеңде Қордың қызметін басқару тәртібін қамтыған ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы шешімі;
      2) осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары;
      3) осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін және қор акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген ерікті қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.
      6. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
      1) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруын жүргізу мерзімдерін;
      2) Қордың қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) және өзге кредиторларды қайта ұйымдастыру туралы хабардар ету тәртібін;
      3) Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдарының және өзге кредиторлардың алдындағы міндеттемелерінің мөлшерлерін, сондай-ақ міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдерін;
      4) Қормен ұсынылатын, алдағы қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге ақпаратты.
      7. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамында мынадай деректер болады:
      1) жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесі;
      2) Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастырылғаннан кейінгі болжамдық (есептік) балансы.
      8. Қор, ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда ай сайын есепті айдан кейін келетін айдың он бесіне дейінгі мерзімде уәкілетті органды ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы хабардар етеді.

3-тарау. Қорды таратуға рұқсат беру тәртібі

      9. Уәкілетті орган Қорды таратуға рұқсатты Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті түрде қатысу талаптары алынып тасталған жағдайда береді.
      10. Уәкілетті органның Қорды таратуға рұқсатын беру туралы өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) Қор акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;
      2) тарату комиссия мүшелеріне үміткерлердің тізімі;
      3) акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, Қордың меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;
      4) Қордың, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;
      5) акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату туралы шешімін қабылдаған күніне Қор міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған Қор кредиторларының тізімі;
      6) акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілген, Қордың өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).

4-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастыруына рұқсат беруден бас тарту уәкілетті органмен мынадай негіздемелер бойынша жасалады:
      1) Қордың қайта ұйымдастырылуы (Қордың қайта құрылуын қоспағанда) нәтижесінде құрылған заңды тұлғаның Заңға сәйкес Қорға жүктелген негізгі міндеттерді және функцияларды жүзеге асыралмайтындығы және толық көлемде орындай алмайтындығы;
      2) көзделген ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары мен өзге кредиторларының заңды мүдделерінің бұзылуы;
      3) осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
      4) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 5, 6, 7–тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі.
      12. Қорды таратуға рұқсат беруден бас тарту уәкілетті органмен мынадай негіздемелер бойынша жасалады:
      1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті түрде қатысуы жөніндегі талаптар бар болған жағдайда;
      2) көзделген тарату нәтижесінде Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары мен өзге кредиторларының заңды мүдделерінің бұзылуы;
      3) осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
      4) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
      13. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ол туралы дәлелді шешім қабылдайды, оны Қорға мәлімет үшін жеткізеді.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамын 
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
немесе таратуға рұқсат беру  
ережесіне қосымша       

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігінің
Төрайымы            
______________

Нысан

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының ерікті түрде қайта ұйымдастыруын/таратуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтініш

____________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
______________________________________________________      (өткізілген орны)

акционерлердің жалпы жиналысының ___ жылғы _____ ________ № _____ хаттамасына сәйкес
_________________________________________________________________
           («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
                 қоғамы, оның орналасқан жерін көрсете отырып)
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (таратуға) рұқсат беруіңізді сұрайды.
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды ерікті қайта ұйымдастыруын (таратуын) жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу құқығы берілген уәкілетті тұлға болып
____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)
____________________________________________________________________
                      (уәкілетті тұлғаның лауазымы)
табылады.
      Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың шынайлығына толығымен жауапты болады.
      Қосымша: _____________________________________________________
      (жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы бойынша парақтар саны көрсетіледі):
      ______________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген күні мен нөмірі)

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
3-қосымша           

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Қордың акцияларын сатып алу үшін сақтандыру міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын алуға ниет ететін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру жөніндегі заңнамалық актісінде Қорға міндетті қатысуы көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы (бұдан әрі - өтініш беруші) Қорға Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және Заңның 5-бабының 3-тармағында белгіленген шектеуді ескере отырып, Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) ұсынады.
      Қор акцияларының сатып алу туралы өтініште мынадай ақпарат қамтылады:
      1) өтініштің күні мен шығыс нөмірі;
      2) өтініш беруші сатып алғысы келетін акциялардың саны;
      3) өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, мөрі, бірінші басшының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге өкілетті өзге тұлғаның қолы.
      3. Өтінішті алғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде Қор құжаттарды табыс ету электронды құралдары (факс, электронды пошта) арқылы сұрату жіберу жолымен, міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растауымен Қор акционерлеріне Қор акцияларын өтініш берушіге сату туралы ұсынысты, өтініш беруші сатып алғысы келетін акциялардың санын көрсете отырып, жібереді.
      Қордың сұратуын құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалана отырып, алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қор акционері сатуға жоспарланған акциялардың санын көрсете отырып, өзінің акцияларды сату туралы ниетін не өтініш берушіге акцияларды сатудан бас тартуын білдіреді.
      Қордың сұратуына жауаптың болмауы Қор акционерінің өтініш берушіге акцияларды сатудан бас тартуы деп танылады.
      4. Қор акционерінің өтініш берушіге акцияларды сату ниетін, сатуға арналған акциялардың санын көрсете отырып, растағаннан кейін Қор екі жұмыс күн ішінде осы шешімді өтініш берушіге мәлімет үшін жеткізеді.
      Қор акцияларын сатып алу – сату шартын жасасу күні туралы шешім, Қор акционерімен және өтініш берушімен келісу бойынша Қор акционерінің Қор акцияларын өтініш берушіге сату туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күннен аспайтын мерзімде Қормен қабылданады.
      5. Жарияланған акцияларды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды сату Қордың барлық акционерлерінен Қор акцияларын өтініш берушіге сатудан бас тартуды алған жағдайда Қормен жүзеге асырылады.
      6. Қор акцияларын оның жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру туралы шешім, егер Қор жарғысында осы мәселе оның құзырына жатқызылған болса, өтініш беруші сатып алуға ниеттенген акциялар санын ескере отырып, Қордың директорлар кеңесімен немесе акционерлерінің жалпы жиналысымен (бұдан әрі - Қордың уәкілетті органы) қабылданады.
      7. Қор акцияларының, оларды орналастырған кездегі құны Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталады.
      8. Орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің тізімі, қордың жазбаша өкіміне сәйкес, Қор акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің Қордың уәкілетті органының Қор акцияларын орналастыру (сату) туралы шешім қабылдау күнінің басындағы (00 сағат 00 минуттағы) деректері негізінде тіркеушімен жасалады.
      9. Қор акционерлеріне орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алу туралы ұсынысты өз акционерлеріне мәлімет үшін, осы Ереженің 8-тармағына сәйкес тіркеушімен Қорға ұсынылған тізім бойынша, көрсетілген ұсынысы бар жеке хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалана отырып, міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растаумен әрбір Қор акционеріне жіберу арқылы жеткізіледі.
      Хабарламада мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) хабарламаның күні мен шығыс нөмірі;
      2) орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны;
      3) орналастырылған (Қормен сатып алынғандарды шегергендегі) акциялар саны мен орналастырылатын (сатылатын) акциялар санының ара қатынасы;
      4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 16-бабының 1-тармағының талаптарын ескергендегі орналастырылатын (сатылатын) акцияларды сатып алу шарттары;
      5) Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталатын орналастырылатын (сатылатын) акцияларының орналастыру (сату) бағасы;
      6) акционер тегін, атын, (бар болса - әкесінің атын), әрбір осындай пошта адресі бойынша Қор акционерлерімен Қор акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес олар орналастыратын (сататын) акцияларды сатып алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғалардың байланыс деректемелерін көрсетіп, орналастырылатын (сатылатын) акцияларын сатып алуға өтінімін бере алатын пошта адрестері.
      Хабарламалар Қор акционерлеріне Қордың уәкілетті органы Қор акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жіберіледі.
      10. Акционер орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімін бере алатын мерзім осы Ереженің 8-тармағына сәйкес Қордың тіркеушісі жасаған тізімде көрсетілген акционердің Қордың хабарламасын құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалану арқылы алған күннен бастап отыз күнді құрайды.
      11. Қор акционерінің өтінімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) өтінімнің күні мен шығыс нөмірі;
      2) Қор акционері сатып алуға ниеттенген акциялардың саны;
      3) Қор акционері оларға қатысты басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудан бас тартқан акциялардың саны;
      4) Қордың қатысушы ұйымының атауы, орналасқан жері және мөрі, оның бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаның қолы.
      12. Қағаз тасымалдауышта жасалған, Қор акционерінің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімі құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалану арқылы міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растаумен жіберіледі немесе қордың хабарламасында көрсетілген адрес бойынша акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі ұсынады. Акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған жағдайда өтінім екі данада жасалады да өтінімнің екінші данасында оны алу туралы, алған күнін және уақытын, оны алған адамның тегін, атын (бар болса - әкесінің атын) көрсете отырып, белгі қойылады.
      Егер Қор акционері ұсынған өтінім осы Ереженің талаптарын бұзып ресімделген болса, Қор анықталған кемшіліктерді жойып, осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзім шегінде өтінімді қайта жіберу үшін осындай өтінімді акционерге бір жұмыс күні ішінде қайтарады.
      13. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін Қор акционерлерінің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімдері келіп түскеннен кейін Қор осы өтінімдерді орындайды, сондай-ақ Қор акционерлері басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудан бас тартқан акцияларды өтініш берушіге орналастырады (сатады).
      14. Егер Қор акционерлері өтінімдерді осы ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда Қор акцияларды көрсетілген мерзімі өткеннен кейін орналастырады (сатады).
      15. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы жарияланған акциялар санының шегінде акцияларды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы жалпы жиналыста орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тарту ұсынылуы мүмкін.
      16. Қор хабарлама дубликаттарын, хабарламаны, құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электрондық пошта) пайдалана отырып, жібергенін және оның жеткізілгенін растайтын құжаттарын, акционерлердің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды сатып алуға өтінімдерін қамтыған, акционерлер жіберген хабарламалардың есебін жүргізеді.
      17. Осы Ереженің 8-тармағына сәйкес тіркеуші тізімді жасаған күннен бастап осы акционерге акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімді беру үшін берілген отыз күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде Қор акционері акцияларды иелігінен шығарған кезде, егер бұрынғы акциялар иегері осындай өтінімді бермеген жағдайда, осы құқық жаңа иегерімен жүзеге асырылады.
      18. Қордың жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акцияларын сатып алу-сату туралы шарты өтініш берушімен осы Ереженің 13-тармағында көзделген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде жасалады.
      19. Қорда орналастырылмаған жарияланған акциялары болмаған жағдайда Қор жарияланған акцияларды сатып алған (иеленген) күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген тәртіппен және шарттарымен акциялар шығарылымы проспектісіне тиісті өзгертулер енгізу арқылы жарияланған акциялар санын ұлғайту бойынша құжаттар пакетін ұсынады.
      20. Қор ай сайын Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталатын бір Қор акциясының құны туралы ақпаратты Қордың интернет-ресурсында орналастырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы   
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
4-қосымша          

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі

      Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісімін беру мен қайтарып алу тәртібін және оларға қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді.
      1. Қордың басшы қызметкерлері мыналар болып табылады:
      1) Қордың директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері;
      2) Қордың бас директоры;
      3) Қордың бас бухгалтері.
      2. Қордың басшы қызметкері болып мыналар тағайындала алмайды (сайлана алмайды):
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) осы Ереженің 4-тармағына сәйкес кемінде екі жылдық еңбек стажы жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдауына дейін кем дегенде бір жыл бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі соңғы жүйелі он екі ай ішінде қолданылады.
      Мінсіз іскерлік беделі – кәсіпқойлықты, адалдықты, алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын факторлардың болуы.
      3. Осы Ереженің 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қордың басшы қызметкері лауазымына үміткерді сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек стажына үміткердің қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласындағы, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыру ұйымдарындағы, және (немесе) үміткердің мынадай халықаралық ұйымдарындағы жұмысы кіреді:
      1) Халықаралық валюталық қор;
      2) Халықаралық қайта құру және даму қоры;
      3) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      4) Халықаралық даму қауымдастығы;
      5) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      6) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы;
      7) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      8) Азия даму банкі;
      9) Ислам даму банкі.
      4. Мыналар уәкілетті органмен келісуге жатпайды:
      1) Қордың директорлар кеңесінің құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі;
      2) Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта сайланған (қайта тағайындалған) Қордың басшы қызметкері, осы үміткердің бұрын уәкілетті органмен тиісті немесе жоғарыда тұрған лауазымға келісілген болуы және осы үміткердің осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі шартымен.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген жағдайда Қор басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге қайта сайлау (тағайындау) туралы Қордың уәкілетті органының шешімінің үзінді көшірмесін, осы үміткердің осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы көрсетілген ілеспе хатымен бірге ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      5. Қордың басшы қызметкері уәкілетті органның келісімінсіз өзінің қызметінде, оны сайлаған (тағайындаған) күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспайтын уақыт болады.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталған соң, және уәкілетті органға келісуге құжаттарды ұсынбаған жағдайда, не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда Қор осы тұлғамен еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы тұлғаның өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен артық Қордың басшы қызметкердің міндетін атқаруға (уақытша жоқ басшы қызметкердің орнында болуға) жол берілмейді.
      6. Келісуді, тестілеуден өткізу үшін үміткерлерді шақырып, уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Қор уәкілетті органға үміткерді келісу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Осы Ережеде көзделген Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға үміткердің сәйкес келетіні көрсетілген, ерікті нысанда жасалған өтініш, және үміткер туралы мәліметтер, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылған, Қормен құжаттамалық тексерілген мәліметтер, оларға мыналардың қолы қойылады:
      Қордың (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесінің бір мүшесі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін ұсынып) – директорлар кеңесінің мүшелерін, Қордың (өтініш берушінің) бас директорын тағайындаған (сайлаған) кезде;
      Қордың (өтініш берушінің) бас директоры не Қордың (өтініш берушінің) бас директорының міндетін атқаратын тұлға (міндетін атқаруды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсынып) – директорлар кеңесінің төрағасын, бас бухгалтерді сайлаған (тағайындаған) кезде;
      2) Қордың уәкілетті органының үміткерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзінді көшірмесі (екі және одан көп үміткер келісілген кезде - әрбір үміткерге шешімінің үзінді көшірмесінің бір данасы), Қордың басшылық ету лауазымына үміткерді сайлау (тағайындау) күні көрсетіледі.
      Егер тағайындау күні болмаса, онда үміткерді сайлау (тағайындау) күні Қордың уәкілетті органының шешімді қабылдаған күні болып саналады;
      3) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәліметтер электронды және қағаз тасымалдауышта (1-қосымшадағы сурет ашық фонда 3х4 көлемінде орындалады);
      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы нысанында берілген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжат (не сол бір үміткерді өзге басшылық лауазымына келісуге құжаттар пакетін тапсырған кездегі құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті органның анықтамасының көшірмесі) (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күніне дейінгі үш айдан аспауы тиіс);
      6) үміткерге осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан ерікті нысанда жасалған кепілдеме хаттар, онда кепілдемені берген адамның қолы қойылған күні мен лауазымы, сондай-ақ үміткердің мынадай кәсіби қасиеттері көрсетілуі тиіс:
      кәсіби жарамдылығын бағалау;
      кәсіби қызметіндегі жетістіктер;
      жеке басының мінездемесі;
      қасиеттері мен кемшіліктері;
      қойылған міндеттерді орындап шығу қабілеті;
      әлеуеті мен мүмкіндіктері;
      қабылдаған шешімдерінің тиімділігі;
      жалпы жұмыс нәтижесіндегі жеке үлесі;
      7) осы Ереженің 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алуды растайтын құжаттың көшірмесі.
      8. Кепілдеме беретін тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
      1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) бұрын сайлауына (тағайындалуына) уәкілетті органның келісімін алған, бұл келісім қайтарып алынбаған директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы (бір өзі тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, қаржы ұйымдарының атқарушы органының мүшелері;
      3) кепілдеме хатына қол қою күніне уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасары лауазымындағы тұлғаларды қоспағанда мемлекеттік органдардың және ведомстволардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары;
      4) экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      5) тізбесі осы Ереженің 3-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, өкілдіктердің басшылары.
      Қазақстан Республикасының резидент емес үміткерлерді келіскен кезде – кепілдеме беруші тұлғалар, тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139) рейтингтік агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдарының директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, атқарушы орган басшысы мен мүшелері де бола алады.
      Қордың (өтініш берушінің) басшы қызметкері, акционері, Қордың (өтініш берушінің) акционерінің басшы қызметкері, сондай-ақ үміткердің ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңілісі, балалары) және үміткердің жекжаты (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңілісі, балалары), Уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан қаржы ұйымы үміткерді келісу туралы өтінішті бергенге дейінгі бір жыл ішінде шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға кепілдеме беруші бола алмайды.
      9. Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкері лауазымында болған және уәкілетті органмен келісілген (бұдан әрі – келісілген басшы қызметкер) үміткерді басшы қызметкер лауазымына келісу үшін, уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) ерікті нысанда жасалған өтінішті, онда үміткер туралы мәліметтердің, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген мәліметтердің Қормен (өтініш берушімен) құжаттамалық тексерілгені және үміткердің осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні көрсетіледі;
      2) Қордың уәкілетті органының үміткерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзінді көшірмесін;
      3) үміткердің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы нысанында берілген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжатты (не сол бір үміткерді өзге басшылық лауазымына келісуге құжаттар пакетін тапсырған кездегі құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті органның анықтамасының көшірмесі) (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күніне дейінгі үш айдан аспауы тиіс);
      5) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәліметтер электронды және қағаз тасымалдауышта.
      10. Осы Ереженің 7, 9-тармақтарында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парағының сыртында тігін түйіншегіне желімделген, парақтар саны көрсетілген жапсырманың жартылай үстінен қойылған Қордың мөрімен расталған болып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері Қордың осындай құжаттарға қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолымен және Қордың мөр бедерімен расталады.
      11. Осы Ереженің 7, 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар уәкілетті органмен олар ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады.
      Осы Ереженің 7, 9-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін тапсырған жағдайда, не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) Қор жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган Қорға ескертулері мен оларды жою мерзімдері көрсетілген жазбаша жауап береді.
      12. Азаматтығы болған елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты мекендеген елде (азаматтығы жоқ азаматтар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтердің шынайылығын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) Қордың басшы лауазымына сайлау (тағайындау) күнінен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елдің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олар мекендеген елдің), не үміткер соңғы он бес жыл тұрақты мекендеген елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатын тапсырады.
      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде тапсырмаған жағдайда, негізінде келісім берілген мәліметтер шынайы емес деп саналады және берілген келісім осы Ереженің 27-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуына жатады.
      13. Үміткердің келісуі уәкілетті органның жанындағы қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымдарына үміткерлердің сәйкес келуін анықтау жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырылады. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Хаттамамен ресімделген Комиссияның ұсынымы бойынша Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісім осы Ереженің 27-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарып алынуы мүмкін.
      15. Үміткерлерді келісу 45 минут ішінде 30 сұрақ бойынша компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
      Үміткерлерді тестілеуге арналған сұрақтар уәкілетті органның бірінші басшысымен бекітіледі.
      16. Үміткерлерді тестілеу кезінде тестілеуден өтетін тұлғамен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің және, қажет болған жағдайда, аудармашының ғана қатысуына рұқсат етіледі.
      Үміткер тестілеуден өткен кезінде қандай болса да бір жазбаша, электронды немесе басқа ақпарат материалдарын қолдануға тыйым салынады. Осы тармақта аталған шарттарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне теңеледі.
      17. Тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда (кем дегенде дұрыс жауаптардың 70 пайызы) үміткер сайланған (тағайындалған) лауазымға келісілді деп саналады).
      Үміткер тестілеуден өткеннен кейін тесттің қорытындысымен дереу қол қойып, таныстырылуы тиіс.
      Комиссия мүшелері құжаттарды қарап, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанында қаралатын мәселе бойынша өзінің пікірін білдіреді.
      18. Тестілеудің қорытындысымен келіспеген жағдайда үміткер тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға жазбаша жүгінеді.
      19. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия Төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляция комиссияның мүшесі бола алмайды.
      20. Аппеляциялық комиссия Аппеляцияны, оны алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қарайды.
      21. Үміткердің қатысуымен Апелляциялық комиссияның отырысында Комиссияның Төрағасы және (немесе) оның орынбасары дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.
      22. Апелляциялық комиссияның отырысын өткізу үшін кворум Төрағаны (Апелляциялық комиссия Төрағасының орынбасарын) қоса алғанда Апелляциялық комиссия мүшелері санының кем дегенде үштен екі бөлігін құрайды.
      Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінің бір дауысы бар. Апелляциялық комиссияның шешімдері Апелляциялық комиссияның отырысына қатысушы мүшелерінің жай дауыс көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмаған жағдайда Апелляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
      23. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, ол екі данада жасалады және оған осы отырысқа қатысқан барлық Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия отырысы хаттамасының екінші данасы Комиссияға беріледі.
      24. Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізу оның, уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен Апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан тағайындалған хатшысымен жүзеге асырылады.
      25. Апелляцияны, үміткердің тест сұрақтарына жауаптарын қарау, үміткердің дәлелдерін тыңдау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) тестілеудің қорытындысын өзгеріссіз, ал апелляцияның қанағаттандырмай қалдыру;
      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және тесттің қорытындысын оң деп тану;
      3) үміткерді қайта тестілеуден өтуге жіберу.
      26. Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылуы мүмкін:
      1) басшы қызметкерлердің осы Ереженің 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес келуі;
      2) дәлелді себепсіз тестілеуге қатыспау не тестілеудің теріс нәтижесі;
      3) құжаттарын басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өзінің лауазымында бола алатын, осы Ереженің 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталған соң ұсынуы;
      4) уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен үміткерге қаржы ұйымы үміткерге келісім беру туралы өтінішті беру күніне дейінгі бір жыл ішінде қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолдануы.
      27. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді мынадай негіздемелер бойынша қайтарып алады:
      1) негізінде келісім берілген мәліметтердің шынайы емес болғанын анықтау;
      2) басшы қызметкерге қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкциялардың қолданылуы;
      3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы.
      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алған жағдайда, Қор осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзады, не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.
      28. Уәкілетті орган кандидатуралары өзімен келісілген Қордың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
      29. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген Қор он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы (осы Ереженің 1-қосымшасының 5, 8–тармақтарын қоспағанда), сондай-ақ басқа лауазымға ауысқанын және жұмыстан босатылғанын қоса алғанда, басшы қызметкерлері құрамындағы барлық болған өзгерістері туралы хабардар етеді.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға  
(тағайындауға) келісімді беру  
мен қайтарып алу және оларға   
біліктілік талаптарын белгілеу 
ережесіне 1-қосымша      

Нысан




                                                        суреттің орны

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына үміткер туралы мәліметтер

___________________________________________________________________
(үміткердің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және үміткер «Сақтандыру
____________________________________________________________________ төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамында тағайындалатын
лауазымы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілді беру қоры» акционерлік қоғамы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туылған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы -аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері, біліктілігі

Оқу орны орналасқан жері

1.






      3. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңілісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңілісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен лауазымы

1.





      4. Үміткердің жарғылық капиталға қатысуы және заңды тұлғалардың акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері

Заңды тұлғаның жарғылық қызмет түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1.




      5. Соңғы үш жылда семинарларға қатысқаны, біліктілігін көтеру курстарынан өткені туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізу датасы мен орны

Сертификаттың деректемелері

1.




      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      бүкіл еңбек жолында, оның ішінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамында үміткер орналасқан лауазымдар туралы;
      үміткер келісу жөніндегі өтінішті беру датасына басқа ұйымдарда орналасқан лауазымдар туралы, осы ұйымның адресі мен байланыс телефоны көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза салудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылуы себептері

1.






      7. Қаржы ұйымдарында директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:    

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Қаржы ұйымының атауы

Лауазымы, келісу датасы (егер талап етілсе)

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1.





      8. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктер:
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болса күні, қандай басылымдарда болғанын көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      9. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы:

Датасы

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жазаның түрі

Үміткер қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың процессуалдық шешімді қабылдаған күні

1.







      10. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау фактілерінің (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) болуы туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________    __________________________________________________________________
__________________________________________________________________    __________________________________________________________________
(иә/жоқ, көрсетілген фактілер болған жағдайда ұйымның атауы мен міндеттемелер сомасы көрсетілуі тиіс)
      11. Үміткердің бұрын банкрот болып танылған не қаржы ұйымына қатысты лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервация, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болуы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)
      12. Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін атқарудан шеттету туралы деректердің болуы:
___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________
(иә/жоқ, қолдану күні, негіздемелері және қадағалау органының атауы көрсетіледі)
      13. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының және /немесе қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымының қызметінің мәселелері бойынша соттың істі қарауына жауапкер ретінде қатысты ма:
___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________    ___________________________________________________________________
(иә/жоқ, күні, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының және /немесе сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының атауы, қаралатын мәселе және соттың шешімі көрсетіледі)
      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның шынайы және толық болып табылатынын растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
                   (баспа әріптермен)

Қаржы ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына үміткермен толтырылады:
Мен, ___________________________________________________________
                 (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
________________________________________________________________
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңында тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын

      Датасы _______________________________
      Қолы   _______________________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға  
(тағайындауға) келісімді беру  
мен қайтарып алу және оларға   
біліктілік талаптарын белгілеу 
ережесіне 2-қосымша       

Нысан

№ ______________ Хаттама             200 __ жылғы «____» __________

Комиссияның «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына үміткерді қарауының қорытындысы

______________________________________________________________
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы


р/с

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Қорытынды «келісу», «келіспеу»

Ескерту (Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі)

Комиссия мүшелерінің қолы және күні

1

2

3

4

5











«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
Қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкері лауазымына
үміткерді қарау Комиссиясының Төрағасы
__________________________________
Комиссия шешімі: Келісілсін
                 Бас тартылсын

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
5-қосымша           

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қордың қаржылық жағдайының нашарлауына әкелген Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының жөнсіздіктерін, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдары лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
      1) жазбаша ұйғарым;
      2) жазбаша келісім.
      3. Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына, бұрын оған ықпал ету шараларының қолданылғанына қарамастан, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген кез келген шектеулі ықпал ету шарасының біреуін қолданады.
      4. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шаралардың есебін жүргізеді.
      5. Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерін бұзушылықтарын қатаң түрде белгіленген мерзімдерде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы және келешекте Қазақстан Республикасының заңнама бұзушылықтарына жол бермеу туралы нұсқау жазбаша ұйғарым болып табылады.
      Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының атына анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша ұйғарым шығарады.
      Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және орындалуы міндетті мынадай шаралар болып табылады:
      1) Қор алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша;
      2) анықталған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарын жою бойынша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына қойылатын басқа талаптарды орындау бойынша.
      Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы уәкілетті органды жазбаша ұйғарымды, онда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымы бойынша сотқа шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      6. Уәкілетті орган мен Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы арасындағы анықталған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы және осы жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою бойынша бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім – жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екі тарап орын алған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан артық уақыт қажет болады деген қорытындыға келген жағдайда жасалады.
      Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымымен анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасасады.
      Жазбаша келісім Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органының және (немесе) атқару органының бірінші басшысымен немесе оның орнындағы тұлғамен жасалады.
      Жазбаша келісімде Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органы және (немесе) атқару органының кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жасалуы тиіс іс-әрекеттері мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге сәйкес, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы оның талаптарын орындау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды.
      Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы     
1 наурыздағы № 26 қаулысына  
6-қосымша            

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі

      1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) акционерлерінің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесімен қабылданатын шешімдерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу тәртібін белгілейді.
      2. Қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесімен Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша қабылданатын шешімдері Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатады.
      3. Акционерлердің жалпы жиналысымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешімдерін келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдерге қатысты тыйым салады, тыйым салудың дәлелді негіздемесі қоса ұсынылады.
      4. Уәкілетті органның келісуі туралы немесе келісуден бас тарту және тыйым салу туралы шешім жазбаша ресімделеді және оған уәкілетті органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды.
      5. Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген, қабылданған шешімдерді уәкілетті органмен келіспей Қормен жасалған мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз болып саналады.
      6. Шешімді келісу үшін Қор акционерлердің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесі отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оны уәкілетті органға, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынады:
      1) дауыс беру қорытындысы туралы хаттама;
      2) негізінде хаттама жасалған, тікелей құпия және сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер);
      3) жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығына сенімхат;
      4) хаттамаға қол қоюдан бас тартудың себептерінің жазбаша түсініктемелері;
      5) күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар.
      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде Қорды жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етеді.
      8. Қор уәкілетті органның жетіспейтін құжаттар туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсынады.
      9. Уәкілетті орган Қормен соңғы құжат тапсырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде шешімді келіседі не бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, тыйым салу туралы шешім қабылдайды.
      10. Уәкілетті органның Қордың акционерлерінің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне тыйым салу туралы шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген шешім бойынша шағымдану тыйым салудың қолданылуын тоқтата тұрмайды.