"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң кейбір бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызметтер департаментiнiң директоры (Манабаева Қ.А.):
осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына осы бұйрықтың жетуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
____________ А. Күрішбаев
28 шілде 2009 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Статистика агентігінің төрайымы
_______________ А. Мешімбаева
28 шілде 2009 жыл
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі
N 237-ө бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесі
Осы Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің тәртiбiн белгілейді.
1. Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі
1. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын (бұдан әрі – отбасының жиынтық табысы) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) есептейді.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
Отбасының жиынтық табысын нақтылау үшін учаскелік комиссиялар тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі немесе оның болмауы туралы қорытындыда отбасының құрамын көрсетеді.
РҚАО-ның ескертуі!
2012.01.01 бастап 2-тармақ жаңа редакцияда қарастырылған - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2011.08.05 № 288 Бұйрығымен.
2. Отбасының жиынтық табысына осы Ереженiң 2-тарауына сәйкес ақшалай немесе заттай нысанда алған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен басқа, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) табысының барлық түрлері қосылады.
3. Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, отбасының келген мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.
4. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi отбасының жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.
5. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, осы табыс алынған күнгі нақты бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
6. Зат түрінде алынған табыстар отбасының жиынтық табысында өтініш берушінің алған табысы туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.
7. Өтiнiш берушi толық емес немесе жаңсақ мәлiметтер ұсынған жағдайда, отбасының жиынтық табысын есептеу жүргiзiлмейдi.
Өтiнiш берушi мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған толық емес немесе жаңсақ мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемi тоқтатылады.
2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетін табыс түрлері
8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) осы Ереженің 7-тарауында көрсетілген өзге де табыстар.
9. Жерлеуге берілген біржолғы жәрдемақы; төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтемақысы; бала тууына байланысты берілген біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларына білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек; азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден ақшалай және зат түрінде көрсетілген көмек; «Бота» Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы; осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқа да табыстар жеке адамның табысы түрінде қаралмайды және отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.12.21 № 421-Ө (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс
10. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай (осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табыс есепке алынады:
1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда, еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жал бойынша төленетiн еңбекақы;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар; Z990000414
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер; Z030000405
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетiн шәкіртақы;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiндегi әлеуметтік жәрдемақы; P070001339
бірінші, екінші топтағы жалғызiлiктi, бөгде адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да тұрақты төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы тарауда көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
11. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төленетiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.
12. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және өзге де төлемдер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге сомаланады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
13. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
14. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
15. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.
4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс
16. Отбасының кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түсетін жиынтық табысын есептеу кезiнде:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
17. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарт жасаспай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады.
18. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
19. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс
20. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы, отбасының жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
21. Адамдардың, асырауындағыларды асырауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
Отбасының жиынтық табысы, төлеушi:
1) жұмыс iстемейтiн және уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде);
3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдік-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде);
4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуінен шығарылғанын растайтын, әділет органдары беретін анықтама негізінде;
5) наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай есептеледi.
22. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы отбасының жиынтық табысында толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
23. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент, аударылған алимент туралы жұмыс берушінің анықтамаларымен не алынған алимент туралы почта аударымдарының түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асатын кезең үшiн берешек пайда болғанда, сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы анықтамасы ұсынылады.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
24. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс, отбасының жиынтық табысының құрамына қосылады.
25. Отбасының жиынтық табысында есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Ережеге 1-9-қосымшаларға сәйкес өтiнiш берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде есептеледi.
Нормативтiк кәртішкелерде келтiрiлген (осы Ережеге 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзетеді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына өтініш берушінің жазбаша өтiнiшінiң негiзiнде қосылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.12.21 № 421-Ө (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Ережеге 2-7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.
27. Табысты есептеу үшін облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Өнім бермейтін (жас) жастағы үй малынан, құсынан (осы Ережеге 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.
Малды (құсты) есепті кезеңде іске асыру кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті іске асырған айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.
28. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
29. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеуді уәкілетті орган өтініш берушінің мәліметтері негізінде жеке нормативтік кәртішкеде (осы Ережеге 9-қосымша) рәсімдейді.
30. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік кәртішкеде көрсетілген (осы Ережеге 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.
Рұқсат етілген шекті көлем ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті органдарымен алдын ала келісуден кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселенуімен белгіленеді.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын өзге де табыстар
31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан;
2) бағалы қағаздардан;
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариатты сатудан;
5) авторлық сыйақы түрiндегi;
6) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
7) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
8) қайтарымсыз алынған ақша түрінде;
9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде;
10) ақшалай аударымдар түрінде;
11) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, лотереяларда ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
12) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн қоса алғанда, мәлiмделген өзге де табыстар есепке алынады.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
32. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден алынған табыс мүлікті жалға беру шартының көшірмесімен расталады. Мүлікті жалға беру шарты болмаған жағдайда, мүлікті немесе көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген, бірақ айына ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
33. Өтініш иесі көрсеткен, жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын сатудан алынған табыс сатып алу-сату шартының көшірмесімен расталып, он екi айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Сатып алу-сату шартының көшірмесі болмаған жағдайда, табыс өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген мөлшерде есепке алынады.
Басқа жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарының құны мен сатудан түскен сома арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI
Облысы |
Ауданы, қаласы |
1 |
2 |
1. Дала аймағы |
|
Солтүстiк Қазақстан |
1. Айыртау |
Ақмола |
1. Еңбекшілдер |
Қостанай |
1. Қарабалық |
Павлодар |
1. Ертiс |
2. Қуаң дала аймағы |
|
Батыс Қазақстан |
1. Ақжайық |
Ақтөбе |
1. Қобда |
Қостанай |
1. Қамысты |
Ақмола |
1. Есiл |
Астана қаласы |
Астана қаласы |
Қарағанды |
1. Нұра |
Павлодар |
1. Ақтоғай |
Шығыс Қазақстан |
1. Бесқарағай |
3. Шөлейттi аймақ |
|
Алматы |
1. Қапшағай |
Батыс Қазақстан |
1. Бөкөйордасы |
Қостанай |
1. Амангелдi |
Ақтөбе |
1. Ойыл |
Қарағанды |
1. Жаңаарқа |
Шығыс Қазақстан |
1. Абай |
4. Шөлдi аймақ |
|
Атырау |
1. Жылыой |
Қызылорда |
1. Арал |
Ақтөбе |
1. Байғанин |
Маңғыстау |
1. Бейнеу |
Оңтүстік Қазақстан |
1. Созақ |
Жамбыл |
1. Сарысу |
Алматы |
1. Балқаш |
5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ |
|
Алматы |
1. Ақсу |
Алматы қаласы |
Алматы қаласы |
Жамбыл |
1. Байзақ |
Оңтүстiк Қазақстан |
1. Арыс |
Шығыс Қазақстан |
1. Үржар |
6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы |
|
Шығыс Қазақстан |
1. Глубокое |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
2-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк кәртішкесі Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
143 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
20 |
114 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
15 |
83 |
|||
Картоп |
80 |
1256 |
|||
Көкөнiстер |
65 |
1069 |
|||
Бақшалар |
105 |
483 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
35 |
634 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
25 |
509 |
|||
Жидек дақылдары |
33 |
946 |
|||
Жүзім |
25 |
636 |
|||
Күнбағыс |
12 |
220 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
2200 |
26549 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
15308 |
|||
Шошқалар |
110 |
9425 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,5 |
5800 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
3-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
30 |
583 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1900 |
21034 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|||
Шошқалар |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
4-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
10 |
226 |
|||
Арпа |
15 |
174 |
|||
Қарамық |
8 |
153 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
10 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
84 |
|||
Картоп |
70 |
1102 |
|||
Көкөнiстер |
90 |
1249 |
|||
Бақшалар |
85 |
458 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
22 |
525 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
20 |
498 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
20 |
564 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1100 |
19944 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
165 |
16016 |
|||
Шошқалар |
110 |
8462 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,25 |
1200/105 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
138 |
6044 |
|||
Түйе (түйе еті) |
140 |
2925 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
5-қосымша
Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
278 |
|||
Арпа |
25 |
215 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
40 |
295 |
|||
Көп жылдық шөптер |
45 |
172 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
25 |
101 |
|||
Картоп |
100 |
1886 |
|||
Көкөнiстер |
125 |
1366 |
|||
Бақшалар |
120 |
556 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
19 |
483 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
20 |
492 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
19 |
572 |
|||
Күнбағыс |
8 |
208 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
880 |
17255 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
138 |
15924 |
|||
Шошқалар |
110 |
8973 |
|||
Қойлар, ешкілер |
18/1,0 |
1696 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
138 |
5979 |
|||
Түйе (түйе еті) |
154 |
2925 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
6-қосымша
Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
293 |
|||
Арпа |
25 |
234 |
|||
Қарамық |
10 |
258 |
|||
Жүгерi (дәні) |
40 |
295 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
160 |
235 |
|||
Күріш |
40 |
886 |
|||
Қант қызылшасы |
200 |
525 |
|||
Темекі |
18 |
1537 |
|||
Қоза |
30 |
853 |
|||
Көп жылдық шөптер |
45 |
181 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
25 |
101 |
|||
Картоп |
120 |
2324 |
|||
Көкөнiстер |
145 |
1442 |
|||
Бақшалар |
105 |
488 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
40 |
798 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
35 |
664 |
|||
Жидек дақылдары |
30 |
980 |
|||
Жүзім |
40 |
786 |
|||
Күнбағыс |
16 |
277 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
2500 |
20168 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
14047 |
|||
Шошқалар |
110 |
8138 |
|||
Қойлар, ешкілер |
20/3,5 |
2318 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
151 |
5795 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2959 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
7-қосымша
Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
15 |
272 |
|||
Арпа |
20 |
218 |
|||
Қарамық |
10 |
258 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
131 |
|||
Көп жылдық шөптер |
20 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
12 |
66 |
|||
Картоп |
90 |
1746 |
|||
Көкөнiстер |
90 |
1173 |
|||
Бақшалар |
105 |
483 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
16 |
432 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
15 |
484 |
|||
Жидек дақылдары |
15 |
994 |
|||
Жүзім |
34 |
662 |
|||
Күнбағыс |
12 |
218 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг өнiмнiң, |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1900 |
19424 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
165 |
14231 |
|||
Шошқалар |
110 |
8973 |
|||
Қойлар, ешкілер |
20/2,0 |
2152 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
151 |
5563 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2959 |
|||
Жұмыртқалайтын құс |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
8-қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын
үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi |
Өлшем |
Өнiм беру жағдайына |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
9-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік кәртішкесі
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________
Үйiнiң мекен-жайы __________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, |
жылына |
жылына |
бiр тоқсанда |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
х |
х |
||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
х |
х |
х |
х |
200__ж. "__"_________ ________________________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы) ______________________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнің
2009 жылғы 28 шілдедегі
N 237-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1782 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж, N 18, 592-құжат).
2. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 78-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1821 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж, N 21, 619-құжат).
3. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2061 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж, N 3, 776-құжат).
4. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы N 47-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2731 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж, N 19, 175-құжат).
5. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң міндетін атқарушының 2007 жылғы 6 тамыздағы N 191-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4882 тіркелген, "Заң" газетінде жарияланған, 2007 ж. N 179).
6. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 19-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5118 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 ж, N 2, 306-құжат).