Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5757 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң кейбір бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызметтер департаментiнiң директоры (Манабаева Қ.А.):

      осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына осы бұйрықтың жетуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Г. Әбдіқалықова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрі

      ____________ А. Күрішбаев

      28 шілде 2009 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агентігінің төрайымы

      _______________ А. Мешімбаева

      28 шілде 2009 жыл



  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі
N 237-ө бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.05.2017 № 134 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      2) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын көмек;

      5) орталық атқарушы орган халықты – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) тәуелсіз қызметкер – жеке кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және құрылтайшыларын, акционерлік қоғамның акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жеке тұлға.

      7) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      8) учаскелік комиссия – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 болып тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

      9) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      3. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын (бұдан әрі – отбасының жиынтық табысы) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға жәрдемдесуді жүзеге асыратын Орталық есептейді.

      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, олар:

      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;

      2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыс;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

      4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;

      5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс;

      6) бағалы қағаздардан түсетін табыс;

      7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған табыс;

      8) алынған сәтінен бастап алғашқы алты айды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде алынған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған кредитті (микрокредитті) және өтеусіз грантты пайдаланудан түскен табыс;

      9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;

      10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;

      11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;

      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі табыс;

      13) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған табыс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2020 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 5)-12) тармақшаларында көрсетілген табыстар алынған уақытта ескеріледі және өтініш берушінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен расталады.

      6. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден түскен табыс мүліктік жалдаудың (жалға берудің) келісімшартының көшірмесін ұсынумен расталады.

      Мүліктік жалдаудың (жалға берудің) келісімшарты болмаған жағдайда жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден алынған табыс өтініште адам (отбасы) көрсеткен мөлшерде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмайтын мөлшерде ескеріледі.

      7. Адам (отбасы) көрсеткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) жылжымайтын мүлікті сатудан алынған табыс сату-сатып алу шартының көшірмесімен расталады.

      Сатып алу-сату шартының көшірмесі болмаған жағдайда табыс өтініште адам (отбасы) көрсеткен нарықтық баға бойынша ақшалай эквивалентте ескеріледі.

      Сатылған сол тоқсанда жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатып алған жағдайда, сатып алынған жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүліктің құны мен сатудан алынған сома арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында ескеріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

      1) атаулы әлеуметтік көмек;

      2) тұрғын үй көмегі;

      3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

      4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;

      10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

      11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;

      13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

      14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;

      15) қайырымдылық көмек;

      16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

      17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

      18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:

      дәрілік препараттар;

      санаторлық-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін материалдық көмек;

      бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек;

      20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;

      21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;

      22) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;

      23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;

      24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

      25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер;

      26) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26793 болып тіркелген) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2022 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9. Орталық өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің табысын орталық атқарушы органның және (немесе) тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерімен, орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің өтініші бойынша мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ұсынған жазбаша құжаттармен, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті мәліметтердің жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттармен салыстырып тексереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мынадай:

      1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарды;

      2) мерзімді әскери қызметтегі адамдарды;

      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, бір елді мекен шегінде тіркелген бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын міндеттермен байланысты отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар ескеріледі.

      Бірге тұру фактісі:

      отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметімен айналысатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;

      толық мемлекеттік қамсыздандырудағылардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгіну сәтіне есепке алынады.

      Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің табыстары келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі шығып қалған кезде отбасының жиынтық табысы шыққан күнінен бастап отбасының шығып қалған мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа табысы шегеріле отырып есептеледі.

      Отбасының құрамына отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі орта білім беру ұйымының болмауына байланысты осындай деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар енгізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2021 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Отбасының жиынтық табысын нақтылау үшін учаскелік комиссиялар тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі немесе оның болмауы туралы қорытындыда отбасының құрамын көрсетеді.

      Учаскелік комиссия қорытындыны дайындау кезінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған деректерді растайды.

      Өтініш берушіні көрсеткен мәліметтер әртүрлі болған учаскелік комиссияның мәліметтерімен толықтырылады.

      12. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есептеу кезеңіндегi отбасының жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.

      13. Шетелдiк валютада алынған табыс "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

      14. Зат түрінде алынған табыстар отбасының жиынтық табысында өтініш беруші алынған табыс туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.

      15. Адам (отбасы) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.

      Адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс

      16. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының мынадай түрде алынған табысы ескеріледі:

      1) Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:

      еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);

      қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;

      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;

      сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;

      бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін төлем түрлері;

      мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай ризығы;

      жұмыс беруші төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;

      әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін ағымдағы тұрғын үй төлемдері;

      2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;

      жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

      төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;

      үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды оқыту шығындарын өтеу;

      қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;

      патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;

      мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;

      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;

      отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;

      зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;

      төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;

      қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларға және оқу орындарының басқа тыңдаушыларға төленетін стипендия;

      табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;

      төтенше жағдай немесе шектеу іс-шараларын кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарын, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін соманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.11.2020 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2021 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.08.2022 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2023 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Жиынтық табыстың құрамына қызметкерлер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші төлейтiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.

      18. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, төлемдер, алименттер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.

      19. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

      20. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      21. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері туралы мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде еңбекақы түрінде алынған табыс жұмыс берушінің еркін нысандағы анықтамаларымен расталады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер түрінде табыс алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары беретін анықтамалармен расталады.

      Тәуелсіз қызметкердің табысы еркін нысандағы жазбаша өтінішпен расталады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс

      22. Адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысын есептеген кезде келесі:

      1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;

      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;

      3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған табыс ескеріледі.

      Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;

      4) тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған табыс ескеріледі. Бұл ретте табыс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.

      Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы табысы алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген табыстың сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен кем болмайтындай айқындалады. Жиынтық табыс алынған шаманы не есепке жатқызу үшін белгіленген табыс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады.

      Бұл ретте патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патенттің құнын есептеу кезінде мәлімделген табыс сомасын осы есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болмайтындай айқындалады.

      Жеке тұлғалардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы кәсіпкерлік қызметті дамытуға мемлекеттік қолдау алғаннан кейінгі алғашқы алты айда есепке алынбайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері туралы ақпарат болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде азаматтық-құқықтық шарт бойынша алынған табыс шарттың көшірмесімен және тапсырыс берушінің жүгінер алдындағы тоқсанға алынған орындалған жұмыс (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің мөлшері туралы анықтамасымен расталады.

      Азаматтық шарт жасамай жұмыспен қамтылған адамдардың жиынтық табысы олардың өтініші негізінде расталады. Бұл жағдайда орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің заттай бөлігі нарықтық бағамен ақшалай эквивалентте жиынтық табысқа қосылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс

      25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында ескеріледі.

      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы отбасының жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша ескеріледі.

      Отбасы мүшесі алатын алименттер отбасының жиынтық табысында ескеріледі, ал отбасы мүшесінің басқа отбасында тұрып жатқан балаларға төлейтін алименттері табысынан алынып тасталынады.

      26. Асырауындағыларды асырауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен адамдардың алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша еркін нысандағы өтiнiш негiзiнде есептеледi.

      Төлеушi:

      1) жұмыс iстемейтiн және Орталықта жұмыссыз ретiнде тiркелген (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасын ұсынған кезде);

      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде);

      3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған кезде "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атақарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде;

      4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекетке тұрақты тұруға кеткен;

      5) тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына, сондай-ақ төлеушінің әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты жиынтық табыс алиментті ескермей есептеледі.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.01.2021 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2021 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      27. Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасындағы неке бұзылса не бұзылмаса, олар бірге тұрған кезде отбасының жиынтық табысында алимент өндіріп алынған жұбайдың табыстары толық ескеріледі.

      Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасында неке бұзылса, бірақ жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, оның табыстары олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, отбасының жиынтық табысында толық ескеріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алименттер туралы анықтамаларымен не алынған алименттер туралы пошта аударымдарының түбіртегімен , сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы актісін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде расталады. 3 айдан астам мерзімге алимент бойынша берешек қалыптасқан кезде сот орындаушысының алименттер бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      29. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс отбасының жиынтық табысының құрамына қосылады.

      30. Отбасының жиынтық табысында ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесіне, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгілік жеке нормативтік карточкасы негізінде есептеледі.

      Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген (осы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып түзетеді.

      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына еркін нысандағы жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.10.2018 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.

      32. Табысты есептеу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастырылатын Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.

      Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан (осы Қағидаларға 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.

      Малды (құсты) есепті кезеңде өткізу кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.10.2018 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.

      35. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Орталық өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

      36. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік карточкада көрсетілген (осы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.

      Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын-ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді.

  Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2022 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана

Ауданы, қаласы

1

2

1. Дала аймағы

Солтүстік Қазақстан облысы

1. Айыртау ауданы
2. Ақжар ауданы
3. Мағжан Жұмабаев ауданы
4. Есіл ауданы
5. Жамбыл ауданы
6. Қызылжар ауданы
7. Мамлют ауданы
8. Шал ақын ауданы
9. Аққайың ауданы
10. Тайынша ауданы
11. Тимирязев ауданы
12. Уәлиханов ауданы
13. Ғабит Мүсірепов ауданы
14. Петропавл қаласы

Ақмола облысы

1. Біржан сал ауданы
2. Зеренді ауданы
3. Бурабай ауданы
4. Сандықтау ауданы
5. Бұланды ауданы
6. Ақкөл ауданы
7. Ерейментау ауданы
8. Жақсы ауданы
9. Көкшетау қаласы
10. Степногор қаласы

Қостанай облысы

1. Қарабалық ауданы
2. Федоров ауданы
3. Меңдіқара ауданы
4. Ұзынкөл ауданы
5. Денисов ауданы
6. Әулиекөл ауданы
7. Қарасу ауданы
8. Алтынсарин ауданы
9. Сарыкөл ауданы
10. Қостанай ауданы
11. Бейімбет Майлин ауданы
12. Қостанай қаласы
13. Рудный қаласы

Павлодар облысы

1. Ертіс ауданы
2. Железин ауданы
3. Тереңкөл ауданы

2. Қуаң дала аймағы

Батыс Қазақстан облысы

1. Ақжайық ауданы
2. Тасқала ауданы
3. Бәйтерек ауданы
4. Теректі ауданы
5. Бөрілі ауданы
6. Шыңғырлау ауданы
7. Орал қаласы

Ақтөбе облысы

1. Қобда ауданы
2. Мәртөк ауданы
3. Әйтеке би ауданы
4. Қарғалы ауданы
5. Алға ауданы
6. Ақтөбе қаласы

Қостанай облысы

1. Қамысты ауданы
2. Наурызым ауданы
3. Жітіқара ауданы
4. Лисаковск қаласы

Ақмола облысы

1. Есіл ауданы
2. Атбасар ауданы
3. Қорғалжын ауданы
4. Шортанды ауданы
5. Целиноград ауданы
6. Астрахан ауданы
7. Аршалы ауданы
8. Егіндікөл ауданы
9. Жарқайың ауданы

Нұр-Сұлтан қаласы

1. Нұр-Сұлтан қаласы

Қарағанды облысы

1. Нұра ауданы
2. Қарқаралы ауданы
3. Осакаров ауданы
4. Абай ауданы
5. Бұқар жырау ауданы
6. Қарағанды қаласы
7. Сарань қаласы
8. Шахтинск қаласы
9. Теміртау қаласы

Павлодар облысы

1. Ақтоғай ауданы
2. Баянауыл ауданы
3. Аққулы ауданы
4. Май ауданы
5. Павлодар ауданы
6. Успен ауданы
7. Шарбақты ауданы
8. Павлодар қаласы
9. Ақсу қаласы
10. Екібастұз қаласы

Абай облысы

1. Бесқарағай ауданы
2. Бородулиха ауданы
3. Көкпекті ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

1. Алтай ауданы

3. Шөлейтті аймақ

Алматы облысы

1. Қонаев қаласы

Батыс Қазақстан облысы

1. Бөкөйордасы ауданы
2. Жаңақала ауданы
3. Жәнібек ауданы
4. Қазталов ауданы
5. Қаратөбе ауданы
6. Сырым ауданы

Қостанай облысы

1. Амангелді ауданы
2. Жангелді ауданы
3. Арқалық қаласы

Ақтөбе облысы

1. Ойыл ауданы
2. Темір ауданы
3. Ырғыз ауданы
4. Хромтау ауданы
5. Мұғалжар ауданы

Қарағанды облысы

1. Шет ауданы
2. Ақтоғай ауданы
3. Балқаш қаласы
4. Приозерск қаласы

Ұлытау облысы

1. Жаңаарқа ауданы
2. Ұлытау ауданы
3. Жезқазған қаласы
4. Қаражал қаласы
5. Сәтбаев қаласы

 
Абай облысы

1. Абай ауданы
2. Аягөз ауданы
3. Жарма ауданы
4. Семей қаласы
5. Курчатов қаласы

4. Шөлді аймақ

Атырау облысы

1. Жылыой ауданы
2. Индер ауданы
3. Исатай ауданы
4. Құрманғазы ауданы
5. Қызылқоға ауданы
6. Мақат ауданы
7. Махамбет ауданы
8. Атырау қаласы

Қызылорда облысы

1. Арал ауданы
2. Жалағаш ауданы
3. Жаңақорған ауданы
4. Қазалы ауданы
5. Қармақшы ауданы
6. Сырдария ауданы
7. Шиелі ауданы
8. Қызылорда қаласы

Ақтөбе облысы

1. Байғанин ауданы
2. Шалқар ауданы

Маңғыстау облысы

1. Бейнеу ауданы
2. Қарақия ауданы
3. Маңғыстау ауданы
4. Түпқараған ауданы
5. Мұнайлы ауданы
6. Ақтау қаласы
7. Жаңаөзен қаласы

Түркістан облысы

1. Созақ ауданы
2. Отырар ауданы

Жамбыл облысы

1. Сарысу ауданы
2. Талас ауданы
3. Тұрар Рысқұлов ауданы

Алматы облысы

1. Балқаш ауданы

5. Тау eтeгі-шөлді-далалық аймақ

Алматы облысы

1. Еңбекшіқазақ ауданы
2. Жамбыл ауданы
3. Кеген ауданы
4. Қарасай ауданы
5. Райымбек ауданы
6. Талғар ауданы
7. Ұйғыр ауданы
8. Іле ауданы

Жетісу облысы

1. Ақсу ауданы
2. Алакөл ауданы
3. Кербұлақ ауданы
4. Көксу ауданы
5. Қаратал ауданы
6. Панфилов ауданы
7. Сарқанд ауданы
8. Ескелді ауданы
9. Талдықорған қаласы
10. Текелі қаласы

Алматы қаласы

1. Алматы қаласы

Жамбыл облысы

1. Байзақ ауданы
2. Жамбыл ауданы
3. Жуалы ауданы
4. Қордай ауданы
5. Мерке ауданы
6. Мойынқұм ауданы
7. Шу ауданы
8. Тараз қаласы

Түркістан облысы

1. Арыс ауданы
2. Бәйдібек ауданы
3. Жетісай ауданы
4. Келес ауданы
5. Қазығұрт ауданы
6. Мақтаарал ауданы
7. Ордабасы ауданы
8. Сайрам ауданы
9. Сарыағаш ауданы
10. Сауран ауданы
11. Төлеби ауданы
12. Түлкібас ауданы
13. Шардара ауданы
14. Кентай қаласы
15. Түркістан қаласы

Абай облысы

1. Үржар ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

1. Зайсан ауданы

Шымкент қаласы облысы

1. Шымкент қаласы

6. Оңтүстік Сібір таулы және тау eтeгі аймағы

Шығыс Қазақстан облысы

1. Глубокое ауданы
2. Катонқарағай ауданы
3. Шемонаиха ауданы
4. Тарбағатай ауданы
5. Күршім ауданы
6. Ұлан ауданы
7. Өскемен қаласы
8. Риддер қаласы

Абай облысы

1. Ақсуат ауданы

     

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
2-қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

80

1796




Көкөністер

100

6422




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

35

802




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

25

762




Жидек дақылдары

33

2832




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

2200

43960




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

165

36749




Шошқалар (шошқа еті)

71

18429




Қойлар, ешкілер ет/жүн

20/2,5

5300




Жылқы (жылқы еті)

124

21125




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

137 дана

1233




Етті құс (құс еті)

1,8

351




  "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
3-қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

70

1777




Көкөністер

80

6264




Бақшалар

100

2600




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

35

741




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

22

681




Жидек дақылдары

30

2815




Жүзім

25

1348




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

1900

40721




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

159

34130




Шошқалар (шошқа еті)

66

16896




Қойлар, ешкілер ет/жүн

19/2,5

5130




Жылқы (жылқы еті)

124

22753




Түйе (түйе еті)

126

14805




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

152 дана

1500




Етті құс (құс еті)

1,9

373,2





  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
4-қосымша

Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

74

1974




Көкөністер

80

7241




Бақшалар

86

2920




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

22

884




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

20

778




Жидек дақылдары

15

2820




Жүзім

20

963




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

1100

27300




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

162

37854




Шошқалар (шошқа еті)

68

17649




Қойлар, ешкілер ет/жүн

20

5493




Жылқы (жылқы еті)

162

19975




Түйе (түйе еті)

228

14109




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

156 дана

1540




Етті құс (құс еті)

1,5

304,2





  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
5-қосымша

Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

90

2079




Көкөністер

100

7410




Бақшалар

110

2980




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

20

714




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

28

700




Жидек дақылдары

15

2818




Жүзім

20

1027




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

880

22645




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

138

34439




Шошқалар (шошқа еті)

60

15432




Қойлар, ешкілер ет/жүн

19

5103




Жылқы (жылқы еті)

140

19651




Түйе (түйе еті)

218

13684




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

125 дана

986




Етті құс (құс еті)

1,3

253,2





  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
6-қосымша

Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

108

2294




Көкөністер

125

6585




Бақшалар

120

2655




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

40

905




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

35

735




Жидек дақылдары

40

2797




Жүзім

43

1342




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

2500

39815




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

178

41855




Шошқалар (шошқа еті)

66

16736




Қойлар, ешкілер ет/жүн

19

5255




Жылқы (жылқы еті)

180

24339




Түйе (түйе еті)

126

13650




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

169 дана

1675




Етті құс (құс еті)

1,3

253,2





  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алуға үміткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесіне
7-қосымша

Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 22.02.2019 № 94 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өсімдік шаруашылығының өнімі

Өнім

Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг

Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Картоп

90

2358




Көкөністер

90

6648




Бақшалар

130

2684




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт)

30

952




Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік)

15

762




Жидек дақылдары

63

2822




Жүзім

55

1412




      Мал шаруашылығының өнімі

Өнім

1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге

1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті ірі қара мал (сүт)

1900

46248




Eтті ірі қара мал (сиыр еті)

171

40463




Шошқалар (шошқа еті)

69

17782




Қойлар, ешкілер ет/жүн

20

5274




Жылқы (жылқы еті)

173

24209




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

172 дана

1697




Етті құс (құс еті)

1,3

246,2





  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
8-қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу ережесiне
9-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормалар карточкасы

      Өтiнiш берушiнiң Тегі, аты, әкесінің аты. ____________________________________________

      Облыс, аудан____________________________________________________________________

      Үйiнiң мекенжайы _______________________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

      20__ж. "__"_________ ________________________________________

                        (2-ші бағаны үшін өтiнiш берушiнiң қолы)

      ______________________________________________________________

                  (есептеуді жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнің
2009 жылғы 28 шілдедегі
N 237-ө бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1782 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж, N 18, 592-құжат).

      2. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 78-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1821 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж, N 21, 619-құжат).

      3. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2061 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж, N 3, 776-құжат).

      4. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы N 47-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2731 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж, N 19, 175-құжат).

      5. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң міндетін атқарушының 2007 жылғы 6 тамыздағы N 191-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4882 тіркелген, "Заң" газетінде жарияланған, 2007 ж. N 179).

      6. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 19-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5118 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 ж, N 2, 306-құжат).