Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кiдiртуге болмайтын мұқтаждарын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға көзделген резервiнен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 98 860 000 (тоқсан сегiз миллион сегiз жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бөлiнетiн

 

қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне 2000 жылдың қорытындысы бойынша есеп берсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.