"Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әдiлет м

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы N 47-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 9 наурызда тiркелді. Тіркеу N 2731. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө  өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы қаңтар";
      "Жауапты мемлекеттік органдар" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 4) тармақшасы "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін".

       Премьер-Министр