Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, "Заң газеті" 11.09.2009 ж., "Юридическая газета" 11.09.2009 ж. № 138 жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерту енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiнде:
9-тармақтағы "көрсетілген көмек;" деген сөздерден кейін ""Бота" Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы;" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың екінші абзацындағы "түзете алады" деген сөздер "түзетеді" деген сөзбен өзгертілсін.
2. Әлеуметтiк көмек департаментi (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Г. Әбдіқалықова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
____________ А. Қүрішбаев | |
2010 жылғы 30 желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Статистика агентігінің төрағасы | |
________________ А. Смаилов | |
2010 жылғы 27 желтоқсан |