Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5799 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 19.05.2015 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына, 5-бабына сәйкес, "2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын (қосымшаға сәйкес) қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін.
      2. "Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда жәрдемдесу бойынша шараларды қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Әмрин

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 183
қаулысына қосымша

Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. Ұзақ жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл шамасындай);
      2. Отбасында екеуі де жұмыс істемейтін азаматтар;
      3. 50 жастан асқан азаматтар;
      4. 29 жасқа дейінгі жастар.