Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 48 бабы 3-тармағына және 71 бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген:
1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу";
2) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықта белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне таныстырсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Әшімов |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
Ескерту. Бөлу жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 18.04.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:
1) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын өндірістік объектілерінің межеленіп отырған қызметтің жобалау құжаттамасы;
2) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының (Мәскеу қаласы, 1994 жылғы 10 желтоқсан) 2-қосымшасына енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштарының жаңа ұшу трассалары мен бөлінетін бөлшектерін құрау аудандары бөлігінде шаруашылық қызмет жобалары;
3) орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
4) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін аулау мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
5) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздеме;
6) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;
7) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
8) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптауына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын жалпы объект бойынша норматив эмиссияларының біреуі асқан жағдайда:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тоннадан астам, мұнай-газ өнеркәсібі үшін жылына 1000 тоннадан астам;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тоннадан астам;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тоннадан астам қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары.
Күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтерінің, сондай-ақ астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың полигондарының қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.09.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:
1) өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сай қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын, Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобаалды (өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1, 2-сыныбына жататын) және жобалау құжаттамасы, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларын қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының құрамында жүргізілетін шаруашылық қызметтің І санаттағы (өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1,2 сыныбына жататын) объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама);
2) осы Бөлудің 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге "Байқоңыр" кешенінің объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;
3) мұнай кен орындарында қысқа мерзімді жұмыстар (ұңғымаларды күрделі жөндеуді, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулерді, сейсмикалық барлау жұмыстарын, мұнай кеніштерінде бұзылған жерлерді рекультивациялауды, мұнай саласының қалдықтарын әртүрлі әдістермен қондырғыларда қайта өңдеуді), ұңғымалар салу жобалары;
4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстардың қолдау операцияларын - қолдау базалары, айлақтар, полигондар, тазарту құрылыстарын жүзеге асыру бойынша жобалары;
5) Заңның 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын тізбесіне енгізілген балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелері;
6) осы Бөлудің 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
7) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жобалары, соның ішінде табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарлары;
9) 1-тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген жобалардан басқа өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығымен бекітілген |
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
Ескерту. Бөлу жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 18.04.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 1000 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 4000000 тонна.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.09.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.
3. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 49-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізген уәкілетті орган береді.
Ескертпе.
Осы бөлімнің 1-тармағының әрекеті қоршаған ортаға нормативтер эмиссияларын орнатумен мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда қолданылады.