Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2195 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Москва қаласында қол қойылған "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Шарттың мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмеген.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Шартқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.06.29 № 447-IV Заңымен.