Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 143-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5741 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 48 бабы 3-тармағына және 71 бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қосымша берілген:

      1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу";

      2) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықта белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне таныстырсын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Әшімов

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 143-Ө бұйрығымен
бекітіген

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді бөлу жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.03.06 № 63-ө бұйрығымен.

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын мынадай өндірістік объектінің негізгі өндірісі бойынша (осы өндірістің қосалқы өндірісті қоспағандағы негізгі технологиялық процесі) қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

      химия өндірісі;

      металлургия, машина жасау және метал өңдеу объектілері;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау мен өндіру, пайдалы қазбаларды (кең таралғандардан басқа) өндіру объектілері;

      құрылыс өнеркәсібі (цемент, сондай-ақ жергілікті өндірісі, асбест және одан жасалатын бұйымдар өндірісі);

      микробиологиялық өнеркәсіп;

      минералды отын жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі (эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары, отын ретінде көпір мен мазут пайдаланатын жылу электр станциялары);

      2) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының (Мәскеу, 1994 жылғы 10 желтоқсан) № 2 қосымшасына енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштарының жаңа ұшу трассалары мен бөлінетін бөлшектерін құрау аудандары бөлігінде шаруашылық қызмет жобалары;

      3) Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

      4) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      6) аулау лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      7) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      8) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      10) шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;

      11) шаруашылық қызмет жүргізудің ерекше режимі бар аумақтардың құрылыс жүргізудің (дамытудың) бас жоспарларының жобалары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 03.09.2013 № 268-ө (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      2) өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын қызмет түрлері:

      құрылыс өнеркәсібі (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісі, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісі);

      ағаш өңдеу;

      тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі;

      жануарлар өнімдерін өңдеу;

      тамақ өнімдерін және дәмін келтіретін заттарды өңдеу;

      ауыл шаруашылығы объектілері;

      санитарлық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер;

      жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймалары, айлақтары мен орындары, жүктер мен кемелердің фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері;

      3) осы Бөлудің 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру объектілері;

      4) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      5) осы Бөлудің 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге "Байқоңыр" кешенінің объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;

      6) мұнай кен орындарында (теңіз объектілерін қоспағанда) қысқамерзімді жұмыстар (ұңғымаларды күрделі жөндеуді, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулерді, сейсмикалық барлау жұмыстарын, мұнай кеніштерінде бұзылған жерлерді техникалық қайта культивациялауды, мұнай саласының қалдықтарын әртүрлі әдістермен қондырғыларда қайта өңдеуді және өзгелерін), ұңғымалар салуды жүргізетін мұнай-газ саласы кәсіпорындары;

      7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстардың қолдау операцияларын жүзеге асыратын кәсіпорындар – қолдау базалары, айлақтар, полигондар, тазарту құрылыстары және өзгелері;

      8) облыстық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      9) осы Бөлудің 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      10) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жобалары, соның ішінде табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарлары;

      12) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14) қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары;

      15) аумақтардың, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың құрылысын жүргізудің (дамытудың) бас жоспарларының жобалары.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 143-Ө бұйрығымен
бекітіген

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 08.12.2016 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді бөлу жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.03.06 № 63-ө бұйрығымен.

       1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 500 тонна;

      2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 10000 тонна;

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 500000 тонна.

      2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.