2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 48 бабы 3-тармағына және 71 бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген:
1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу;
2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықта белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне таныстырсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі .
Министр Н. Әшімов
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі N 143-Ө
бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1) І санаттағы әлеуетті радиациялық қауіпті объектілер үшін негізгі өндіріс қызметтерінің түрлері (қосалқысыз және қосымшасыз осы өндірістің негізгі технологиялық процессі):
атом энергиясын қолдану объектілерін орналастыру, құру, пайдалануға беру, пайдалану, тоқтатып қою және пайдаланудан шығару;
ядролық материалдармен жұмыс істеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, осы материалдар мен заттардан тұратын, сонымен қатар ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды өндіру, пайдалану, өңдеу, тасымалдау және орналастыру;
ядролық жарылыс жүргізу орындарындағы барлық қызмет түрлері;
2) өндіріс объектілерінің санитарлық жіктегішіне сай қауіптіліктің 1-классына жататын негізгі өндіріс қызметтерінің түрлері:
химиялық өндіріс;
металлургиялық, машина жасау және металл өңдейтін объектілер;
кен және руда емес қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), табиғи газды барлау және өндіру объектілері, оның ішінде, кен орындарын игеру және жайғастыру, сондай-ақ Теңіз операцияларын қолдау объектілерін қоспағанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында шаруашылық қызметі;
ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламалары;
құрылыс өнеркәсібі ( цемент өндірісі, сонымен қатар жергілікті цемент, асбест және оның өнімдерін өндіру );
микрообиология өнеркәсібі;
минералды отын жаққандағы электр және жылу энергиясын өндіру (отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары);
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартына 2-Қосымшаға қосылмаған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыштардың жаңа ұшу жолдарының және бөлінетін бөлшектерінің құлау аймақтарын қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдары (Мәскеу, 1994 жыл 10 желтоқсан);
4) техникалық-экономикалық негіздемелер (ТЭН), трансшекаралық ауқымдағы қашық объектілерді (магистралдық газ және мұнай өнімдері құбырлары, темір жол және автокөлік жолдарды) салу (жөндеу) жобалары;
5) республикалық маңызы бар экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісім-шарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
6) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
7) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін аулауға және пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
8) аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды аулау мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
9) Қазақстан Республикасы аумақтарын ұйымдастырудың бас сұлбасы;
10) аумақтық дамудың өңіраралық сұлбалары;
11) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
12) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның ішінде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1) осы Бөлудің 1-тармағында көрсетілген негізгі өндірісті қоспағанда, әлеуетті радиациялық қауіптіліктің І-санатына жататын қызмет түрлері;
2) санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1-классына жататын негізгі өндіріс қызмет түрлері:
құрылыс өнеркәсібі ( шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісі, стационарлық зауыттарда асфальтбетон өндіру);
ағаштың қатты бөлігін өңдеу;
т оқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі;
жануар өнімдерін өңдеу;
т ағам өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу;
а уыл шаруашылығы объектілері;
с анитарлық-техникалық, транспорттық инфрақұрылымның ғимараттары, қондырғылар мен тағайындалуы коммуналды объектілер;
ж үкті түсіретін және сақтайтын, жүктер мен кемелердің фумигация өндірісінің, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының қоймалары, орындары мен айлағы;
3) өндіріс объектілерін санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 2 сыныбына жататын өндіріс қызмет түрлері;
4) Қоршаған ортаға әсерін бағалау ілеспе материалдарымен "Байқоңыр" кешенінің объектілері бойынша жоспарланып отырған шаруашылық қызметінің жобалары, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің қолда бар объектілері үшін қ оршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен реконструкциялау, дамыту, техникалық қайта жарақтау, қайта бейімдеу, жою жобалары, қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиялары нормативтерінің жобалары;
5) осы Бөлудің 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда кен және руда емес қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), табиғи газды барлау және өндіру объектілері;
6) мұнай-газ саласының кәсіпорындары мұнай кен орындарында қысқа мерзімді жұмыстар (теңіз жұмыстарынан басқа) жүргізетін және қызметі өндіріс объектілерінің санитарлық жіктегішіне сай (ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулер, мұнай кәсіпшілігіндегі бүлінген жерлерге техникалық қалпына келтіруді жүргізу, қондырғыларда әр түрлі әдістермен мұнай саласының қалдықтарын өңдеу және басқа) жіктелмейді, ұңғымаларды салу;
7) Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жұмыстарына – қолдау көрсету базалары, айлақтар, полигондар, тазарту және басқа, қолдау операцияларын жүзеге асырушы кәсіпорындар;
8) техникалық-экономикалық негіздеме, облыстық маңызы бар қашық объектілердің (газ және мұнай өнімдері құбырлары, теміржол және автокөлік жолдарды) салу (жөндеу) жобалары;
9) облыстық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік инвестициялық жобалар, экологиялық және өзге де бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде;
10) облыстық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін аулауға және пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін объектілерді қоспағанда аулау лимиттеріне, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерін өндіруге және пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жобалары, оның ішінде табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспары;
14) орман орналастыру, орман пайдалану және орман қорғау шараларын жүзеге асыру жөніндегі материалдар;
15) су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалар;
16) жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту және бір санаттан екіншісіне ауыстыру үшін құжаттары және жерге орналастыру жобалары.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі N 143-Ө
бұйрығымен бекітілді
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері
1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 1 000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін - жылына 50 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 2 000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 10 000 тонна.
2. Қалған жағдайларда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның оның аумақтық бөлімшелерімен беріледі.