"Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 18572 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылы 14 тамызда "Заң газеті" газетінде № 123 (1720) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 126 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
Министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 143-Ө бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын өндірістік объектілерінің межеленіп отырған қызметтің жобалау құжаттамасы;

      2) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының (Мәскеу қаласы, 1994 жылғы 10 желтоқсан) 2-қосымшасына енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштарының жаңа ұшу трассалары мен бөлінетін бөлшектерін құрау аудандары бөлігінде шаруашылық қызмет жобалары;

      3) орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін аулау мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      5) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздеме;

      6) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      7) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      8) өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын жалпы объект бойынша норматив эмиссияларының біреуі асқан жағдайда:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 4000 тоннадан астам;

      2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 15000 тоннадан астам;

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 70000 тоннадан астам қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары .

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сай қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын, Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобаалды (өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1, 2-сыныбына жататын) және жобалау құжаттамасы, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларын қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының құрамында жүргізілетін шаруашылық қызметтің І санаттағы (өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1,2 сыныбына жататын) объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама);

      2) осы Бөлудің 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге "Байқоңыр" кешенінің объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;

      3) мұнай кен орындарында қысқа мерзімді жұмыстар (ұңғымаларды күрделі жөндеуді, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулерді, сейсмикалық барлау жұмыстарын, мұнай кеніштерінде бұзылған жерлерді рекультивациялауды, мұнай саласының қалдықтарын әртүрлі әдістермен қондырғыларда қайта өңдеуді), ұңғымалар салу жобалары;

      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстардың қолдау операцияларын - қолдау базалары, айлақтар, полигондар, тазарту құрылыстарын жүзеге асыру бойынша жобалары;

      5) Заңның 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын тізбесіне енгізілген балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелері;

      6) осы Бөлудің 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      7) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жобалары, соның ішінде табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарлары;

      9) 1-тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген жобалардан басқа өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 126 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 143-Ө бұйрығымен
бекітілген

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 1000 тонна;

      2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 10000 тонна;

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 500000 тонна.

      2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.

      3. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 49-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізген уәкілетті орган береді.

      Ескертпе.

      Осы бөлімнің 1-тармағының әрекеті қоршаған ортаға нормативтер эмиссияларын орнатумен мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда қолданылады.