Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптардың қосарлануын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 30
наурыздағы N 76 қаулысының
қосымшасы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы
N 243
қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1180 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1180 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі
N 129
қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2314 тіркелген), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы
N 304
қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар, оның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуден өткізуді талап етілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға әділет органында тіркелген белгісімен және мөрімен құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістердің және/немесе толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмесін ұсынады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 486
қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы
N 162
қаулысымен, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген), "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы
N 118
қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 486
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 бірлескен қаулысымен, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2854
тіркелген, 2004 жылғы 29 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, N 117-118 (24427-24428), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы
N 164
қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы
N 415
қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында "алқалы атқарушы органы басшысының орынбасары" деген сөздер "лауазымды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшінші абзацында "бухгалтер" деген сөзден кейін "немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-4 қосымшада:
"Басшы" деген сөзден кейін "(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бас бухгалтер" деген сөздерден кейін "(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға,)" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге органдарының нормативтік құқықтық кесімдері бюллетенінде жарияланған N 15, 2005 ж. маусым, 111-бет) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
4-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
5-тармақта "қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды қарамай қаржы ұйымына қайтарады" деген сөздер "қаржы ұйымына ескертулерді көрсете отырып, жазбаша жауап қайтарады." деген сөздермен ауыстырылсын;
4. (Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 190 Қаулысымен (қаулы»"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. (Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 190 Қаулысымен (қаулы»"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4042 тіркелген):
аталған қаулымен бекітілген Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы Ереженің 4,5 және 6 тармақтарында көрсетілген құжаттарды бір жыл өткеннен кейін және (немесе) аталған құжаттардың мазмұнын өзгерту және (немесе) оларды ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші туралы мәліметтерді өзгертуден басқа жағдайда осының алдында уәкілетті органға ұсынған тұлғалар бермейді. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште немесе уәкілетті органға осының алдында берілген құжаттар туралы мәліметтер (жіберілетін құжаттың күні, нөмірі), сондай-ақ оларды ұсыну негіздемелері көрсетіледі.".
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Еншілес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4079 тіркелген):
1-тармақта, атауы "Еншілес" деген сөздің алдында "Банкке" деген сөзбен толықтырылсын, "Еншілес" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Еншілес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесінде:
атауы "Еншілес" деген сөздің алдында "Банкке" деген сөзбен толықтырылсын, "Еншілес" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Банк Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорды - еншілес ұйымын иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 11-1-бабының 3-тармағының 1), 3), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға ұсынылмайды.
Банк Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорды - еншілес ұйымды құруға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, аффилиирленген тұлғалар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға ұсынылмайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Банк Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қордың жарғылық капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 11-1-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.".
8. (Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 190 Қаулысымен (қаулы»"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4180 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің есеп беру ережесінде:
2-тармақ "Банктердің" деген сөздің алдында "Қазақстан Республикасы резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын, "Банктердің" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын;
"2-1. Бір уақытта басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, ашық жинақтаушы зейнетақы қордың ірі қатысушысы болып табылатын банктің ірі қатысушысының есептілігі егер қатысушы уәкілетті органға талап етілген кезең бойынша осы есептілікті бұрын ұсынған жағдайда ұсынылмайды.".
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4167 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 19 мамырда N 89-90 (1069-1070) жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттар бір жыл өткен және (немесе) осы құжаттардың мазмұны өзгерген және (немесе) мәліметтерді ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші жөніндегі осы мәліметтер өзгерген жағдайларын қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға берген тұлғалар ұсынбайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын берген құжаттар жөніндегі мәліметтер (күні, жіберілетін құжаттың нөмірі), сондай-ақ оларды ұсынудың негізі көрсетіледі.".
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға аяң рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4171 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесiнде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорды - еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 32-бабының 4-тармағының 1), 3), 4), 8), 9) тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қордың жарғылық капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшін Заңның 32-бабының 4-тармағының 3), 8), тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.";
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4174 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының есеп беру ережесінде:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының резиденттерін - сақтандыру ұйымдарын қоспағанда" деген сөздер "Қазақстан Республикасы резиденттерін - екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорды қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бір уақытта басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, екінші деңгейдегі банктің, ашық жинақтаушы зейнетақы қордың ірі қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның ірі қатысушысының есептілігі егер ірі қатысушы уәкілетті органға талап етілген кезең бойынша осы есептілікті бұрын ұсынған жағдайда ұсынылмайды.".
13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4141 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72 (1051-1052) жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Осы ереженің 4, 5 тармағында көрсетілген құжаттар бір жыл өткен және (немесе) осы құжаттардың мазмұны өзгерген және (немесе) мәліметтерді ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші жөніндегі осы мәліметтер өзгерген жағдайларын қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға берген тұлғалар ұсынбайды. Ашық зейнетақы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын берген құжаттар жөніндегі мәліметтер (күні, жіберілетін құжаттың нөмірі), сондай-ақ оларды ұсынудың негізі көрсетіледі.".
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есебін беруді ұсыну жөніндегі Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4150 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 5 мамырда N 81 (1061) жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есебін беруді ұсыну жөніндегі ережесінде:
2-тармақ "Қордың" деген сөздің алдында "Қазақстан Республикасының резиденттерін - екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бір уақытта басқа Қордың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қордың ірі қатысушысының есептілігі ірі қатысушы уәкілетті органға талап етілген кезең бойынша осы есептілікті бұрын ұсынған жағдайда ұсынылмайды.".
15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4145 тіркелген) 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, банкті - еншілес ұйымды иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 1), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.
Жинақтаушы Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, банктің еншілес ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, аффилиирленген тұлғалар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға ұсынылмайды.";
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.".