Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4141. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25.  N 7  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту және қайтарып алу туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сәйкес келген жеке және заңды тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін уәкілетті органға тиісті құжаттарды 2006 жылғы 1 шілдеге дейін береді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет кезеңі аралығында 25 проценттен артық акцияларды тікелей немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иеленуге рұқсат беру Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 31-П  бұйрығы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 484 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет кезеңі аралығында 25 проценттен артық акцияларды тікелей немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иеленуге рұқсат беру Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 31-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 376  қаулысы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3427 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы     
N 58 қаулысымен бекітілген    

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту және қайтарып алу
Ережесі

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат беру, беруден бас тарту тәртібін белгілейді.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың ірі қатысушысы және бірлескен түрде Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар туралы ұғымдар Заңның  1-бабының  15-4) тармақшасымен және  36-1-бабының  8 тармағымен белгіленген.

      2. Қордың ірі қатысушысының Қор акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі Қордың дауыс беретін акцияларының көлемі бойынша есептеледі.

  2-тарау. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
берілген өтінішті беру және қарау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) уәкілетті органға Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берілетін өтінішті еркін нысанда, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі, тұрақты мекен-жайы (тұратын жері) туралы, Қордың сатып алуды болжалдап отырған акцияларының проценттік ара-қатынасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Өтініш беруші бірлесіп Қордың ірі қатысушысы болуды болжалдап отырған тұлғалардың және Қордың акцияларын жанама иелену (дауыс беру) жүзеге асырылатын акцияларды (жарғы капиталдарындағы қатысу үлесі) иеленетін тұлғалардың тізімін көрсете отырып береді.

      4. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін тұлға бір мезгілде өтінішімен бірге уәкілетті органға Заңның  36-1-бабының  4-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
      Өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
      Заңның  36-1-бабының  4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын Қордың акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде Қордың акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
      Мінсіз іскерлік бедел жөніндегі мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтама түрінде берген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы екендігін растайтын құжатты (көрсетілген құжатты берген күн өтініш берген күннің алдындағы үш айдан аспауы тиіс);
      осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын басқа құжаттардың көшірмелерін.
      Өтініш беруші ұсынатын Қордың қаржылық жағдайы нашарлау мүмкіндігі жағдайында, Қорды кері капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      Қордың ағымдағы жағдайына баға беру;
      Қорды қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі шараларды толығынан сипаттау (шығыстарды төмендету бойынша шаралар, пруденциалдық нормативтер мен басқа шаралар орындалатын мөлшерге дейін меншікті капиталды қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржы салымдар және өзге де іс-шаралар);
      Қорды қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
      сауықтыру шаралардың болжамдау экономикалық әсері (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; Қордың меншікті қаражаты (капиталы) мөлшерінің өзгеруі, Қордың қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда, тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлға онда осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, қосымша тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген, талап етілетін барынша төмен рейтингтің болуы туралы мәліметтерді береді.

      5-1. Осы ереженің 4, 5 тармағында көрсетілген құжаттар бір жыл өткен және (немесе) осы құжаттардың мазмұны өзгерген және (немесе) мәліметтерді ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші жөніндегі осы мәліметтер өзгерген жағдайларын қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға берген тұлғалар ұсынбайды. Ашық зейнетақы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын берген құжаттар жөніндегі мәліметтер (күні, жіберілетін құжаттың нөмірі), сондай-ақ оларды ұсынудың негізі көрсетіледі.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тұлға Қор акцияларының жиырма бес және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) иеленген (дауыс берген) жағдайда ол Қордың жанама иеленушісі (онда шешім белгілеу мүмкіндігі болған жағдайда және (немесе) шарттың күшімен және өзге жағдаймен шешім қабылдауға ықпал ету) болып танылады:
      1) Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар (Қор акцияларының он және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар);
      2) бірлесіп Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың ең болмаса бірі;
      3) Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан артық процентін тікелей және (немесе) жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғалар.
      Сондай-ақ Қордың акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиынтықты түрде жиырма бес және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) иеленген (шешім белгілеу мүмкіндігі болған жағдайда және (немесе) шарттың күшімен және өзге жағдаймен шешім қабылдауға ықпал ету) жағдайда ол Қордың жанама иеленушісі болып мына тұлғалар танылады:
      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
      жақын туыс болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері) және апалары (сіңлілері), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы);
      осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысы болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері) және апалары (сіңлілері), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы).

      7. Осы Ережеге сәйкес Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш жөніндегі шешім уәкілетті органға құжаттардың толық пакетін берген күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданады.

      8. Құжаттарды бергенде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды екінші рет берген жағдайда оларды қарау мерзімін есептеу жаңадан басталады.

      8-1. Уәкілетті орган Заңның 36-2-бабында көзделген негіздер бойынша Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады. Уәкілетті органның Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін беруге белгіленген мерзімде өтініш берушіге дәлелденген жауап жазбаша түрде беріледі.
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-2. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
      Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға алдын-ала уәкілетті органның келісімін алған және атауының өзгеруіне байланысты кейін әділет органдарында қайта тіркеуден өткен тұлға әділет органдарынан алынған растаушы құжаттарды алған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органға береді.
      Осы өзгерістер үшін уәкілетті органның келісімін алу және Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға алдын-ала берілген келісім талап етілмейді.

      10. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті органның аталған келісімін алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің немесе Қордың акциясын сатып алғандығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінің үзінді көшірмелерін ұсынады.
      Құрылып отырған Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға Қордың акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қордың акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.
      Жоғарыда аталған мерзімде үзінді көшірмелері берілмеген жағдайда уәкілетті орган берген келісімнің өзінің қолданылуын тоқтатады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған, бірақ кейін Қордың ірі қатысушысы белгісі болмаған тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде растаушы құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Заңның  36-2-бабында  көрсетілген негіздемелер бойынша уәкілетті орган Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін қайтарып алады.
      Бұл жағдайда осы шара қолданылған тұлға Заңның  36-1-бабының  10-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындайды және қысқарту жасалған немесе растаушы құжаттарды қоса бере отырып, өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған сәттен бастап үш күндік мерзім ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      13. Уәкілетті орган Қордың ірі қатысушысына осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

      14. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

                                       Ашық жинақтаушы зейнетақы
                                         қорының ірі қатысушысы
                                      мәртебесін иеленуге келісімді
                                      беру, қайтарып алу Ережесіне
                                               1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы 
    мәртебесін иеленуге келісімін алғысы келетін өтініш иесі
      - заңды тұлғаның, өтініш иесі - жеке тұлға басшы
              қызметкері туралы қысқаша деректер

____________________________________________________________________
           (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері ________________________
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ___________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________
6. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

N

Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туысқандық қатынастары

Жұмыс орны және қызметі

1

  

  

  

  

      Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
      Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
      Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

Мөр орны
Күні _____________

 

                                       Ашық жинақтаушы зейнетақы
                                         қорының ірі қатысушысы
                                      мәртебесін иеленуге келісімді
                                      беру, қайтарып алу Ережесіне
                                               2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.  N 114  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Өтініш иесі - заңды тұлғаның басшы қызметкері өтініш
        иесі - жеке тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы
                          мәліметтер

1. Білімі

Оқу орнының атауы

Келіп түскен күні - аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемеле-
рі, біліктілігі

Оқу орнының ор-
наласқан жері

  

  

  

  

  

      2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер 

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат деректемелері

  

  

  

3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс кезеңі

Жұмыс
орны

Лауазымы

Тәртіптік шара қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептері

  

  

  

  

  

4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы
орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған
немесе өтелмеген соттылығының бар болуы жөніндегі мәліметтер

Күні

Сот
органының
атауы

Соттың
тұратын
орны

Жазаның
түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республика-
сының Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың процессуалды шешімді қабылдаған күні

6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен
заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 (аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
                       сомасын көрсету қажет)
7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған
жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленгендігі болуы
(болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (иә/жоқ, аффилиирлік сипаттарын көрсету)
9. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат: __________________________
____________________________________________________________________
      Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
      Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

Мөр орны
Күні ______________