Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Ре

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2854. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 289-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Арнаулы әскерлеріне арналған штат санының лимиті шегінде 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтау аудандық пайдалану бөлімі", 25 бірлік штат санымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Шымкент аудандық пайдалану бөлімі" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.

      2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі