Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1180 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құр

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 129 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2314. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Ядролық физика институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорынның жауапты сақтауында тұрған 13Я "Ява" қондырғысын 1992 жылғы 18 наурыз-2002 жылғы 1 қаңтар кезеңі үшін Қазақстан Республикасының үлестік жарнасын төлеу есебіне "Біріккен ядролық зерттеулер институты" халықаралық үкіметаралық ұйымына (Дубна қаласы, Ресей Федерациясы) 5 636 600 (бес миллион алты жүз отыз алты мың алты жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша беру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп 13Я "Ява" қондырғысын беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі