"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің
2003 жылғы 27 қаңтардағы
N 17 бұйрығымен
бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "іске қосылған активтердің коэффициенті" деген сөздер "активтердің іске қосылғандық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылды;
барлық мәтін бойынша "акционерлік (меншік)"деген сөздер "меншік" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 70-НҚ бұйрығымен.
Су шаруашылығы және канализациялық жүйелерге және (немесе) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеудің тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқаулық "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010.12.24 347-НҚ (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйе қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң және тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу және бекiту кезiнде ескерiлетiн энергетика секторының табиғи монополия субъектiлерi тарифтерiнiң (бағаларының, алым ставкаларының) оның ішінде, өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеу тәртiбiн нақтылайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Нұсқаулық су шаруашылығы мен канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін табиғи монополия субъектілерін тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы (таза табысты) негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.
4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру кезінде қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004.02.13 N 70-НҚ, 2010.12.24 347-НҚ (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) меншік капиталы - Субъектінің қатысушылары немесе акционерлеріне тиесілі, Субъектінің қатысушылары мен акционерлеріне белгілі бір табыс алуға құқық беретін үлестердің немесе акцияларды белгілі бір санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлінбейтін пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
2) пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейі - уәкілетті органның бекітуіне жататын тұтынушыларға сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиімді жұмыс істеуі мен сапасын жақсарту үшін алу құқығы берілген, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) құрамына кіретін пайда (салық салынғаннан кейінгі таза табыс);
3) активтердің іске қосылғандық коэффициенті табиғи монополия саласына жататын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде Субъектінің негізгі құралдарының іс жүзінде пайдаланылуын (іске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегі көрсеткіш;
4) алынып тасталды;
5) алынып тасталды;
6) іске қосылған активтердің реттелетін базасы - Субъектінің меншігінде орналасқан және Субъектінің немесе пайда алуға құқығы бар қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде пайдаланылатын активтердің реттелетін құны;
7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:
тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;
электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;
жылу энергиясын өндiруді, беруді, таратуды және (немесе) онымен жабдықтауды;
электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;
электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері;
8) капиталдың құны - табиғи монополия саласына қатысты қызметті жүзеге асыруға байланысты инвестициялық тәуекелді көрсететін заемдық және өз қаражаттарына сыйақы ставкасын сипаттайтын шама;
9)тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі – орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003.05.23 N 138-НҚ, 2004.02.13 N 70-НҚ, 2010.12.24 347-НҚ (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
2. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейін
айқындау тәртібі
6. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейі іске қосылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретінде, мынадай формула бойынша айқындалады:
ПҰД = АРБ х ПС, мұндағы,
ПҰД - пайданың ұйғарынды деңгейі (теңге),
АРБ - іске қосылған активтердің реттелетін базасы (теңге),
ПС - пайда ставкасы (%).
3. Табиғи монополия субъектілері үшін іске
қосылған реттелетін базаны айқындау тәртібі
7. "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде акцияларын құнды қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілі Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олар мен аффилиирленген заңды тұлғалардың iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасы активтердiң iске қосылған коэффициентiне активтердiң нақты құнының туындысы ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
АРБ = АҚ х К іа , мұндағы,
АҚ - активтердің нақты құны (теңге),
К іа - активтердің іске қосылғандық коэффициенті.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
8. Активтердің іске қосылғандық коэффициенті Субъектінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) негізгі құралдарымен өндіретін және (немесе) көрсететін нақты көлемінің (алдындағы төрт тоқсан үшін немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) олардың технологиялық қуатына арасалмағы ретінде айқындалады.
9. Активтердің іске қосылғандық коэффициентін және уәкілетті органның келісімі бойынша Субъекті айқындайды.
10. Активтердің нақты құнын конкурстық негізде таңдап алынған тәуелсіз бағалау ұйымдарының оларды қайта бағалау нәтижесінде алынған Субъектілердің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалады. Субъектінің негізгі құралдарын қайта бағалау уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.
11. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлмеген Субъектiлер негiзгi құралдары сенiмдi басқаруға, мүлiктiк жалға, лизингi бойынша немесе өзге мәмiлелер нәтижесiнде алынған Субъектiлер, сондай-ақ "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде құнды қағаздар нарығына акцияларды шығаруды жүзеге асыратын Субъектілер үшiн:
1) іске қосылған активтердің реттелетін базасы Субъектілердің негізгі құралдарын сатып алудың (сатып алу және сатып алудың басқа тәсілдері) құнының негізінде иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін, негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуіне әкеп соқтыратын іс жүзінде өндірілетін (жыл сайынғы) инвестицияларды, жұмыстың жөндеу және басқа да түрлерін иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін (жыл сайынғы) іс жүзінде есептелетін амортизациялық аударымдарды шегеруді ескере отырып айқындалады;
2) акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк мекемелердiң, акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ олармен үлестес заңды тұлғалардың iске қосылған активтерінің реттелетiн базасы осы Нұсқаулықтың 7, 8, 9, 10-тармақтарымен анықталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ, 2004 жылғы 13 ақпандағы N 70-НҚ, 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
4. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкаларын есептеу тәртібі
12. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасы пайданың (салық салынғаннан кейінгі таза табыс) ұйғарынды деңгейін есептеу үшін пайдаланылады.
13. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері (магистральдық және қалалық таратушы желілері, су құбыржолдары) қызметін көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда ставкасы экономиканың осы секторына инвестициялау тәуекелдерiн есептеу әдiсi арқылы мынадай формула бойынша есептеледi:
ПС = r f + БС + ТТ, мұндағы
r f – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып айқындалатын тәуекелсіз ставка.
БС - Субъект шығарған және айналымның сол мерзiмiндегi мемлекеттiк құнды қағаздарға қатысты айналымда жүрген борыштық мiндеттемелерге, егер борыштық міндеттемелер шығару орын алса, қойылатын сыйақы негізінде айқындалатын субъекті бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Ондай болмаған жағдайда, ол қызметтiң сондай түрiмен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында сондай кредиттiк рейтингiсi бар басқа Субъектiлердiң тәуекелi үшiн борыштық сыйақыларды ескере отырып, айқындалады.
ТТ - қазiргi бар су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінiң тозу дәрежесiн және ұзақ уақыт толық жөндеу көрсетпеуді сипаттайтын технологиялық тәуекел және осыған байланысты авариялардың туындау мүмкіндігі және қосымша шығыстарды жүзеге асыру.
ТР = (Z x P)/С x 100%, мұндағы
Z - Субъект бойынша 3-5 жыл iшiндегi деректердiң негiзiнде авариялардың салдарларын жоюға арналған орташа есеппен бір жылғы шығындар;
P - Субъект бойынша 3-5 жыл iшiндегi деректердiң негiзiнде авариялардың болу ықтималдығы және мынадай формула бойынша айқындалады:
P = Ка/365, мұндағы
Ка – қызметтер көрсетуді 24 сағаттан артық тоқтатуға алып келген авариялар санының орташа санының мәнi;
Қ - Субъектiнiң негiзгi құралдарына қайта бағалау жүргiзгенге дейiн негiзгi құралдардың есептi кезеңнiң (жыл, тоқсан) басындағы қалдық құны.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
14. Энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының (бұдан әрi - ОӨКҚ) әдiсi арқылы есептелінедi және мынадай формула бойынша айқындалады:
ПҚ (ОӨКҚ) = ((1 - g) x re) + (g x rd), мұндағы
g - қаржыландырудың жалпы құрылымдағы Субъектiнiң заемдық және жекеменшiк капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалауды ескерiп барлық капитал құрылымындағы (меншiк және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң жеке капиталының теріс мәнi жағдайында, леверидж деңгейi бiрге тең шама ретiнде қабылданады;
rе - жеке капиталға сыйақының ставкасы (%);
rd - заемдық қаражатқа сыйақының ставкасы (%).
Заемдық қаражатқа сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:
rd = rf + БС, мұндағы
Меншiк капиталға сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:
re = rf + rа, мұндағы
ra - меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы. Меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тәуекел үшiн сыйақының негiзiнде тұтастай айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетiледi:
r а = b х (15,7% - r f), мұндағы
b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициентi.
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар нарығында акциялар шығаруды жүзеге асыратын Субъектілерді қоспағанда, салалық бета коэффициент 1,3 деңгейiнде, энергетикалық сектор ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған.
Акционерлік капиталға арналған сыйақы құны заем қаражатына арналған сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.