Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2154.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтерді реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестікті қорғау 
жөніндегі агенттігінің    
2003 жылғы 27 қаңтардағы   
N 17 бұйрығымен       
бекітілген         

Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика
секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн
табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң
реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын
есептеу жөнiндегi нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "іске қосылған активтердің коэффициенті" деген сөздер "активтердің іске қосылғандық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылды;
      барлық мәтін бойынша "акционерлік (меншік)"деген сөздер "меншік" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 70-НҚ бұйрығымен.

      Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеу бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында әзiрлендi.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Нұсқаулық "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010.12.24 347-НҚ (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нұсқаулық сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің, оның ішінде өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, ағымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу және бекіту кезінде ескерілетін пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеуді нақтылайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3.Нұсқаулық сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрi - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы (таза табысты) негiздi есептеу және алу мүмкiндiгi мақсатында енгiзiледi.
      Бұл ретте инвестицияларды қаржыландыру көздері өзіндік және (немесе) заемдық қаражаттар - пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру кезінде қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004.02.13 N 70-НҚ, 2010.12.24 347-НҚ (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) активтердiң iске қосылғандық коэффициентi табиғи монополия саласына жататын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде Субъектiнiң негiзгi құралдарының iс жүзiнде пайдаланылуын (iске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегi көрсеткiш;
      2) капиталдың құны - табиғи монополия саласына қатысты қызметтi жүзеге асыруға байланысты инвестициялық тәуекелдi көрсететiн заемдық және өз қаражаттарына сыйақы ставкасын сипаттайтын шама;
      3) меншiк капиталы - Субъектiнiң қатысушылары немесе акционерлерiне тиесiлi, Субъектiнiң қатысушылары мен акционерлерiне белгiлi бiр табыс алуға құқық беретiн үлестердiң немесе акцияларды белгiлi бiр санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлiнбейтiн пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
      4) пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейi - уәкiлеттi органның бекiтуiне жататын тұтынушыларға сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдi жұмыс iстеуi мен сапасын жақсарту үшiн алу құқығы берiлген, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) құрамына кiретiн пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза табыс);
      5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi – орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
      6) iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы - Субъектiнiң меншiгiнде орналасқан және Субъектiнiң немесе пайда алуға құқығы бар қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде пайдаланылатын активтердiң реттелетiн құны;
      7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:
      тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;
      электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;
      топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау;
      электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;
      электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейін
айқындау тәртібі

      6. Пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейі іске қосылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретінде, мынадай формула бойынша айқындалады:
                      ПҰД = АРБ х ПС, мұндағы,
      ПҰД - пайданың ұйғарынды деңгейі (теңге),
      АРБ - іске қосылған активтердің реттелетін базасы (теңге),
      ПС - пайда ставкасы (%).

3. Табиғи монополия субъектілері үшін іске
қосылған реттелетін базаны айқындау тәртібі

      7. "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде акцияларын құнды қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілі Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олар мен аффилиирленген заңды тұлғалардың iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасы активтердiң iске қосылған коэффициентiне активтердiң нақты құнының туындысы ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
                    АРБ = АҚ х К іа , мұндағы,
      АҚ - активтердің нақты құны (теңге),
      К іа - активтердің іске қосылғандық коэффициенті.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8. Активтердің іске қосылғандық коэффициенті Субъектінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) негізгі құралдарымен өндіретін және (немесе) көрсететін нақты көлемінің (алдындағы төрт тоқсан үшін немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) олардың технологиялық қуатына арасалмағы ретінде айқындалады.

      9. Активтердің іске қосылғандық коэффициентін және уәкілетті органның келісімі бойынша Субъекті айқындайды.

      10. Активтердің нақты құнын конкурстық негізде таңдап алынған тәуелсіз бағалау ұйымдарының оларды қайта бағалау нәтижесінде алынған Субъектілердің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалады. Субъектінің негізгі құралдарын қайта бағалау уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.

      11. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлмеген Субъектiлер негiзгi құралдары сенiмдi басқаруға, мүлiктiк жалға, лизингi бойынша немесе өзге мәмiлелер нәтижесiнде алынған Субъектiлер, сондай-ақ "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде құнды қағаздар нарығына акцияларды шығаруды жүзеге асыратын Субъектілер үшiн:
      1) іске қосылған активтердің реттелетін базасы Субъектілердің негізгі құралдарын сатып алудың (сатып алу және сатып алудың басқа тәсілдері) құнының негізінде иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін, негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуіне әкеп соқтыратын іс жүзінде өндірілетін (жыл сайынғы) инвестицияларды, жұмыстың жөндеу және басқа да түрлерін иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін (жыл сайынғы) іс жүзінде есептелетін амортизациялық аударымдарды шегеруді ескере отырып айқындалады;
      2) акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк мекемелердiң, акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ олармен үлестес заңды тұлғалардың iске қосылған активтерінің реттелетiн базасы осы Нұсқаулықтың 7, 8, 9, 10-тармақтарымен анықталады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ, 2004 жылғы 13 ақпандағы N 70-НҚ, 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

4. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкаларын есептеу тәртібі

      12. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасы пайданың (салық салынғаннан кейінгі таза табыс) ұйғарынды деңгейін есептеу үшін пайдаланылады.

      13. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін пайда ставкасы 30% дейін мөлшерінде қабылданады.
      Қаржыландыру көздерін инвестициялар көлемдерінен асырған кезде, пайда инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражаттарды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажет деңгейге дейін төмендету жағына түзетілетін болады.
      Егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3-қа 200 теңгеден асатын болса қосымша құн салығынсыз пайда ставкасы тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге берген өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінде қабылданады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 27.02.2013 № 69-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының (бұдан әрi - ОӨКҚ) әдiсi арқылы есептелінедi және мынадай формула бойынша айқындалады:

      ПҚ (ОӨКҚ) = ((1 - g) x re) + (g x rd), мұндағы

      g - қаржыландырудың жалпы құрылымдағы Субъектiнiң заемдық және жекеменшiк капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалауды ескерiп барлық капитал құрылымындағы (меншiк және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң жеке капиталының теріс мәнi жағдайында, леверидж деңгейi бiрге тең шама ретiнде қабылданады;
      rе - жеке капиталға сыйақының ставкасы (%);
      rd - заемдық қаражатқа сыйақының ставкасы (%).
      Заемдық қаражатқа сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      rd = rf + БС, мұндағы

      Меншiк капиталға сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      re = rf + rа, мұндағы

      ra - меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы. Меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тәуекел үшiн сыйақының негiзiнде тұтастай айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетiледi:

      r а = b х (15,7% - r f), мұндағы

      b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициентi.
      «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар нарығында акциялар шығаруды жүзеге асыратын Субъектілерді қоспағанда, салалық бета коэффициент 1,3 деңгейiнде, энергетикалық сектор ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған.
      Акционерлік капиталға арналған сыйақы құны заем қаражатына арналған сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.07.23 № 170-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.