"Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 170-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 тамызда № 7824 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 14, 829-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйе қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң және тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу және бекiту кезiнде ескерiлетiн энергетика секторының табиғи монополия субъектiлерi тарифтерiнiң (бағаларының, алым ставкаларының) оның ішінде, өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеу тәртiбiн нақтылайды.";

      5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:

      тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;

      электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;

      жылу энергиясын өндiруді, беруді, таратуды және (немесе) онымен жабдықтауды;

      электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;

      электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері;";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде акцияларын құнды қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілі Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ олар мен аффилиирленген заңды тұлғалардың iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасы активтердiң iске қосылған коэффициентiне активтердiң нақты құнының туындысы ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлмеген Субъектiлер негiзгi құралдары сенiмдi басқаруға, мүлiктiк жалға, лизингi бойынша немесе өзге мәмiлелер нәтижесiнде алынған Субъектiлер, сондай-ақ "Халықтық IPO" бағдарламасының шеңберінде құнды қағаздар нарығына акцияларды шығаруды жүзеге асыратын Субъектілер үшiн:";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері (магистральдық және қалалық таратушы желілері, су құбыржолдары) қызметін көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда ставкасы экономиканың осы секторына инвестициялау тәуекелдерiн есептеу әдiсi арқылы мынадай формула бойынша есептеледi:

      ПС = r f + БС + ТТ, мұндағы

      r f – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып айқындалатын тәуекелсіз ставка.

      БС - Субъект шығарған және айналымның сол мерзiмiндегi мемлекеттiк құнды қағаздарға қатысты айналымда жүрген борыштық мiндеттемелерге, егер борыштық міндеттемелер шығару орын алса, қойылатын сыйақы негізінде айқындалатын субъекті бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Ондай болмаған жағдайда, ол қызметтiң сондай түрiмен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында сондай кредиттiк рейтингiсi бар басқа Субъектiлердiң тәуекелi үшiн борыштық сыйақыларды ескере отырып, айқындалады.

      ТТ - қазiргi бар су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінiң тозу дәрежесiн және ұзақ уақыт толық жөндеу көрсетпеуді сипаттайтын технологиялық тәуекел және осыған байланысты авариялардың туындау мүмкіндігі және қосымша шығыстарды жүзеге асыру.

      ТР = (Z x P)/С x 100%, мұндағы

      Z - Субъект бойынша 3-5 жыл iшiндегi деректердiң негiзiнде авариялардың салдарларын жоюға арналған орташа есеппен бір жылғы шығындар;

      P - Субъект бойынша 3-5 жыл iшiндегi деректердiң негiзiнде авариялардың болу ықтималдығы және мынадай формула бойынша айқындалады:

      P = Ка/365, мұндағы

      Ка – қызметтер көрсетуді 24 сағаттан артық тоқтатуға алып келген авариялар санының орташа санының мәнi;

      Қ - Субъектiнiң негiзгi құралдарына қайта бағалау жүргiзгенге дейiн негiзгi құралдардың есептi кезеңнiң (жыл, тоқсан) басындағы қалдық құны.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi үшiн пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының (бұдан әрi - ОӨКҚ) әдiсi арқылы есептелінедi және мынадай формула бойынша айқындалады:

      ПҚ (ОӨКҚ) = ((1 - g) x re) + (g x rd), мұндағы

      g - қаржыландырудың жалпы құрылымдағы Субъектiнiң заемдық және жекеменшiк капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалауды ескерiп барлық капитал құрылымындағы (меншiк және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң жеке капиталының теріс мәнi жағдайында, леверидж деңгейi бiрге тең шама ретiнде қабылданады;

      rе - жеке капиталға сыйақының ставкасы (%);

      rd - заемдық қаражатқа сыйақының ставкасы (%).

      Заемдық қаражатқа сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      rd = rf + БС, мұндағы

      Меншiк капиталға сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      re = rf + rа, мұндағы

      ra - меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы. Меншік капиталға тәуекел үшiн сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тәуекел үшiн сыйақының негiзiнде тұтастай айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетiледi:

      r а = b х (15,7% - r f), мұндағы

      b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициентi.

      "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар нарығында акциялар шығаруды жүзеге асыратын Субъектілерді қоспағанда, салалық бета коэффициент 1,3 деңгейiнде, энергетикалық сектор ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған.

      Акционерлік капиталға арналған сыйақы құны заем қаражатына арналған сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейіннен жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағаларына А.В. Шкарупаға және Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов