"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заң күшi бар Жарлығының 3-бабының 6)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1653 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2183 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 1 сәуiрдегi
N 2922 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан былай - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiндегi орталық мемлекеттiк орган.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Республика Президентiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын орталық аппарат, орталық аппарат жанындағы бөлімшелер құрайды, оларды ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін Комитет төрағасы құрады және олар осы Ереже, сондай-ақ өздері туралы ережелер негізінде іс-қимыл жасайды. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-әрекетінің тиісті бағыттары бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы үшін жеке-дара жауап береді.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1997.07.15. N 3600 Жарлығымен.
II. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң негiзгi
функциялары
4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
1) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң стратегиясын әзiрлейдi және тактикасын айқындайды;
2) ведомстволарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдарының, әскери қарсы барлау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлерінің арнаулы мақсаттағы бөлiмшелердiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бағыттайды, үйлестiредi және бақылайды, оларға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
4) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентiн және мемлекеттiк органдарды хабардар етедi;
5) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерiмен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланысты орнатады, ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасады және оларды орындайды;
7) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
8) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi және қосалқы бағыттарын тiкелей iске асырады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1997.07.15. N 3600 Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.11.30. N 492 Жарлығымен.
5. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi өз құзыретi шегiнде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заң күшi бар Жарлығымен өзiнiң қарауына жатқызылған өзге функцияларды да орындайды.
III. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметiн
ұйымдастыру
6. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн Төраға басқарады. Оны
қызметке Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және Республика Президентi қызметтен босатады.
7. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Төрағаның орынбасарларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының басшылары Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1997.07.15. N 3600 Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.11.30. N
492 Жарлығымен.
8. Ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы генералдар (адмиралдар) атқаратын, лауазымдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1997.07.15. N 3600 Жарлығымен.
9. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы:
1) Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады, ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады және оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн дербес жауап бередi, Комитет Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерін және ведомстволарын құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар жасайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарын, әскери қарсы барлау органдарын, әскерлерді, арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарын және ведомствоға қарасты ұйымдарды құрады, қайта құрады және таратады;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, әскери қарсы барлау органдарының, әскерлердің, арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылымын, функционалдық міндеттері мен штатын, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді, бұған олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволар кірмейді;
4) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады, өзiнiң қарауындағы лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларына қайшы келетiн бұйрықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзады;
5) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұйымдастыру-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
7) Республиканың мемлекеттiк органдарымен, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерiмен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Комитет атынан өкiлдiк етедi;
8) халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерiмен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және құқық қорғау органдарымен келiсiм бойынша осы мемлекеттерге Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлдерiн жiбередi;
9) ұйымдастыру, құрылымдық-штаттық, кадрлық, қаржылық, өндiрiстiк-шаруашылық және өзге де мәселелердi шешуде Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасы орынбасарларының, ведомство басшыларының, құрылымдық бөлiмшелерi мен органдары лауазымды адамдарының өкілеттігін айқындайды;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының келісімімен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы бойынша департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тізбе бойынша өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау мен босату тәртібін белгілейді;
11) жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар әскерге шақырылатын адамдарды және запастағы әскери мiндеттiлердi жалпы әскери есептен шығара отырып, ұлттық қауiпсiздiк органдарына әскери қызметке алады;
12) қатардағы, матростық, сержанттық және старшиналық құрамдардың әскери қызметшiлерi, прапорщиктер, мичмандар, кiшi және аға құрамдардың офицерлерi атқаратын лауазымдардың тiзбесiн бекiтедi;
13) бастапқы офицерлiк атақ және жоғары офицер құрамының атақтарын, ал көтермелеу түрiнде - мерзiмiнен бұрын және атқаратын штаттық қызметi бойынша көзделгендегiден бiр саты жоғары кезектен тыс әскери атақ бередi;
14) iстiң мүддесi үшiн офицер құрамының адамдарын бұрынғы қызметi бойынша лауазымдық жалақысын және әскери атағының шегiн сақтай отырып, ауыстырып отырады;
15) ұлттық қауіпсіздік органдарының іс үстіндегі резерв офицерлерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызметтерге орналастыру жөніндегі мәселелерді олардың басшыларымен келісе отырып шешеді.
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерi үшiн кадрлар даярлауды шарттық негiзде шешедi;
17) еңбекке ақы төлеудiң бекiтiлген қоры және басқа да қаражат шегiнде әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық және шаруашылық мақсаттағы объектiлердiң, өзге де ұйымдардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң, қызметтiк үй-жайлар мен ғимараттарды күзету және қызмет көрсету жөнiндегi персоналының санын белгiлейдi;
18) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға ақша қаражатын бөледi;
19) Комитеттiң және оған бағынысты органдардың әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн белгiленген тәртiппен көтермелейдi және жазалайды;
20) жоғары әскери атақтар беру және ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ құрметтi атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
21) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн жұмысшылар мен қызметкерлерін ведомстволық наградалармен наградтайды.
22) әскери қызметшілерге, жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы белгілеудің тәртібі мен шарттарын анықтайды;
23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Әскери кеңесі туралы ережені, оның саны мен құрамын бекітеді.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 1997.07.15. N 3600 Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 2000.11.30. N 492 Жарлығымен.
10. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы болмаған кезде оның мiндетiн Төрағаның тапсыруы бойынша бiрiншi орынбасары немесе орынбасарларының бiрi атқарады.
11. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету, жедел-қызметтiк жұмыс пен кадрлармен жұмыс iстеудiң аса маңызды мәселелерiн қарау, бұлар жөнiнде келiсiлген шешiмдер қабылдау үшiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде алқа құрылады.
Алқа құрамына Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы (алқа төрағасы). Төрағаның бiрiншi орынбасары және орынбасарлары (лауазымдары бойынша), Комитеттiң жедел құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары және басқа да лауазымды адамдар енедi.
Алқа мүшелерiн Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Республиканың Президентi бекiтедi және алқа мүшесiнiң мiндетiнен босатады.
Алқа шешiмi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрығымен жария етiледi.
Төраға мен алқа мүшелерiнiң арасында келiспеушiлiк туындаған жағдайда Төраға өз шешiмiн қабылдайды және болған келiспеушiлiк туралы Қазақстан Республикасының Президентiне хабарлайды. Алқа мүшелерi өз пiкiрлерiн Республиканың Президентiне мәлiмдеуге хақылы.
Алқа мiндеттерi, өкiлеттiктерi мен қызметiнiң тәртiбi Комитет Төрағасы бекiтетiн Ережемен реттеледi.