"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1653 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2183 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президентi |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 282 Жарлығымен.
Ескерту. Кіріспе алынып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті) — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі — ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) күзетуге, Үкіметтік байланыс қызметінің және "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, 2014.11.14 № 954; 22.11.2016 № 372қ жарлықтарымен.1-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ мынадай: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (құпия), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (құпия), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" Арнаулы мақсаттағы қызметі (құпия) ведомстволары бар.
Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 372қ жарлықтарымен.2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзінің нышаны мен айырым белгісі, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерінде есепшоттары, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес валюталық есепшоттары бар.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.5. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің штаттық санын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ұлттық қауіпсіздік органдары штаттық санының лимиті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.
7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 20.
8. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мемлекеттік мекемесі.
(құпия).
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.10. Осы Ереже Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.10-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кәсіпкерлік субъектілерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы және негізгі міндеттері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
10-2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен елдің конституциялық құрылысы негіздерінің, мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуеті қорғалуының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды құру, ұстап тұру және дамыту, Мемлекеттік шекараны күзету, үкіметтік байланысты ұстап тұру және қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.11. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеттері:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;
4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
8-1) Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
8-2) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу;
8-3) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
8-4) ұлттық қауіпсіздік органдарын басқару, олардың қызметін ұйымдастыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру және іске асыру;
8-5) заңнамада белгіленген тәртіппен жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу;
8-6) жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарымен және актілерімен анықталған өзге де міндеттер болып табылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, 2014.11.14 № 954 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) жарлықтарымен.3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі функциялары, міндеттері мен құқықтары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
12. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;
2) мемлекеттік саясат шегінде қызмет бағытының стратегиясын, мақсатын, есебін, мақсатты индикаторлары мен орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаға арналған ұлттық қауіпсіздіктік органдарының жүйесін дамыту стратегиясын тұжырымдайды;
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
4) жүктелген міндеттерді шешу мен стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін құқықтық, кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын әзірлейді;
5) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін дамыту стратегиясын іске асыру үдерісіне мониторингті жүзеге асырады;
6) ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемаларды табу мен шешудің тетіктерін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыс орнатады, қолдайды және дамытады;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, шет мемлекеттердің үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
10) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен Қазақстан Республикасының Президентін және мемлекеттік органдарын қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, экономикалық және қорғаныс әлеуеті негіздерін қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен қорғау бойынша қарсы барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
12) ұлттық қауіпсіздік органдарымен қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде жасырын әдістер мен құралдарды қолдану тәртібін анықтайды;
13) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады;
14) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейін арттыруға ықпал етеді;
15) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруына бақылауды жүзеге асырады;
16) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел-іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
17) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
18) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған міндеттерді шешуге көмек көрсетеді;
19) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
20) уәкілетті органдармен қарсыластың барлау-бүлдіру акциясын жүргізуі үшін жағдай жасайтын сыртқы және ішкі факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, соның ішінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көші-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
21) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
22) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
23) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
24) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылайды;
25) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатты ресімдеуге (қайта ресімдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргізумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша іс-шараларды жүргізумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды іске асырады;
26) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
27) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;
27-1) - 27-6) (құпия);
28) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда желілер мен байланыс құралдарының пайдаланылуын анықтауды және оның жолын кесуді қамтамасыз етеді;
29) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
30) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
31) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
32) шифрлау құралдарын есепке алу, тарату, тасымалдау, сүйемелдеу және олармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді;
33) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
34) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үдерісінде ақпаратты жасырын алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласына бақылау жасауды жүзеге асырады;
35) техникалық, соның ішінде криптографиялық, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің және олардың персоналдарының, сондай-ақ шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысады;
37) Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолданады;
38) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
39) ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік қызметке кіретін және онда жұмыс істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіппен және шекте міндетті арнайы тексеру жүргізуін ұйымдастырады;
40) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
41) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілерін, мекемелердің, орын-жайлардың және көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін құпиялау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
42) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының құпия көмекшілерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
43) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
44) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
45) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесі саласында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
46) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін белгілейді және ұйымдастырады;
47) ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін органдар іс-қимылының үйлесімділігі басшылығы мен келісімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, олардың қызметінің тактикасын анықтайды, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
48) ұлттық қауіпсіздік органдарын жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа түрлермен қамтамасыз етуді, соның ішінде қызметкерлер, әскери қызметшілер мен жұмыскерлердің тамақтануын, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салуды және қайта салуды, жөндеуді, тұрғын үй және казармалық тұрғын үй салуды, жөндеуді ұйымдастырады;
49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асырады;
50) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
51) ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттау мен құжаттаманы басқару, іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, мұрағаттық істі ұйымдастыру тәртібін белгілейді, осы мақсатта ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;
52) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
53) ұлттық қауіпсіздік органдарының психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуі адамдардың денсаулығы жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды айқындайды;
53-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында полиграфологиялық зерттеулердің жүргізілу тәртібін айқындайды;
54) әскери-дәрігерлік сараптама, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардағы аурулардың, мертігулердің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланысты-байланысты еместігін белгілеу үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ полиграфологиялық, психологиялық-әлеуметтанулық зерттеу мен есірткіге қатысты тест жүргізеді;
55) ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, абақтыларында ұсталғандарды, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдіктілерді, айыпталушыларды заңнамаға сәйкес қамауда ұстауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олардың жұмыс істеу және оларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалау тәртібін белгілейді;
56) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
57) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, құрлықтық қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз етеді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
59) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысады;
59-1) шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық ахуалды талдауды және болжамдауды жүзеге асырады;
59-2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде әскерге шақыру комиссияларының жұмысына қатысады;
59-3) Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректер негізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мұқтажы үшін шақырылатын контингентке мониторингті және оларды іріктеуді жүзеге асырады;
59-4) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі, сондай-ақ "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
60) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерінде, органдарында және ведомстволарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді;
61) ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
62) арнайы байланыс құралдарын, ақпараттық жүйені, қару-жарақ құралдары мен жабдықтарын, арнайы техникалық және өзге де құралдарды әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
63) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақытылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
64) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" құрамына қатысуын қамтамасыз етеді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурстарын ақпараттық материалдармен толтыру бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
64-1) (құпия);
64-2) (құпия);
64-3) (құпия);
64-4) (құпия);
64-5) (құпия);
64-6) (құпия);
64-7) (құпия);
64-8) (құпия);
64-9) (құпия);
64-10) (құпия);
64-11) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
64-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
64-13) Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімімен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
64-14) ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің және өзге де сыртқы барлау субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың (жедел бүркеме құжаттарын) құжаттарын дайындауды және (немесе) ресімдеуді белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;
64-15) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
64-16) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
64-17) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
64-18) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;
64-19) мемлекеттің киберкеңістіктегі инфрақұрылымдары объектілерінің ақпараттарын, коммуникациялары мен стратегиялық объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
65) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, 2014.11.14 № 954 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 22.11.2016 № 373 жарлықтарымен.12-1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі - Шекара қызметі) функциялары:
1) шекаралық саясатты іске асырады;
2) Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды орындауға және әзірлеуге қатысады;
3) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттерді орындауды ұйымдастырады;
4) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауға қатысты мәселелер бойынша өз құзыретінің шегінде халықаралық ұйымдардың іс-қимылына қатысады;
5) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге қатысады;
6) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
7) Шекара қызметінің құрылымына кіретін бөлімшелердің (бұдан әрі - Шекара қызметінің бөлімшелері) іс-қимылына басшылықты, үйлестіруді жүзеге асырады және келісімділігін қамтамасыз етеді, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
8) Шекара қызметі бөлімшелерінің тұрақты дайындығын жауынгерлік
және жедел-қызметтік дайындықтың түрлі дәрежесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді;
9) жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызметті өткеруді ұйымдастырады;
10) Шекара қызметі жедел бөлімшелерінің барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру іс-қимылдарын ұйымдастырады;
11) шекара маңы аудандарында радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асырады;
12) Мемлекеттік шекара арқылы жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де іс-әрекетіне қарсы күрес жөніндегі Шекара қызметі тиісті бөлімшелері жүргізетін негізгі бағыттарын анықтайды;
13) Шекара қызметі бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын моральдық-психологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
14) жеке құрам арасында әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау, көпұлтты әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтің қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
15) әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
16) Шекара қызметінің бөлімшелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, олардың жеке құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
17) перспективалық жоспарлауды және Шекара қызметінің бөлімшелерін пәтерге орналастыруды қоса алғанда, жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық, медициналық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады;
19) Шекара қызметі бөлімшелерінің бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
20) Шекара қызметі объектілерінің және оның бөлімшелерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлейді және қабылдайды;
21) Шекара қызметін және оның бөлімшелерін мерзімдік қызмет, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және жұмыскерлерді алуды жүргізеді және ұйымдастырады;
22) кадрларды орналастыруды және әскери атақтарды беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының қарауына номенклатураға сәйкес лауазымға тағайындау және әскери атақ беру бойынша ұсыныстар енгізеді;
23) Академияны және өзге де оқу бөлімдерін басқаруды және олардың жұмысының сапасына бақылауды жүзеге асырады;
24) Шекара қызметі академиясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және де шет мемлекеттердің басқа да оқу орындары мен орталықтарында кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
25) Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы оқу үдерісінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізеді;
26) белгіленген сан шегінде Шекара қызметі бөлімшелерінің ұйымдастырушылық құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
27) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өз қарауына жатқызылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.12-1-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің функциялары:
1) (құпия);
2) (құпия);
3) (құпия);
4) (құпия);
5) (құпия);
6) (құпия);
7) (құпия);
8) (құпия);
9) (құпия);
10) (құпия);
11) (құпия);
12) (құпия);
13) (құпия);
14) (құпия);
15) (құпия);
16) (құпия);
17) (құпия);
18) (құпия);
19) (құпия);
20) (құпия);
21) (құпия);
22) (құпия);
23) (құпия);
24) (құпия);
25) (құпия);
26) (құпия);
27) (құпия);
28) (құпия);
29) (құпия);
30) (құпия);
31) (құпия);
32) (құпия);
33) (құпия);
Ескерту. Ереже 12-1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 372қ жарлығымен.12-2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің функциялары:
1) (құпия);
2) (құпия);
3) (құпия);
4) (құпия);
5) (құпия);
6) (құпия);
7) (құпия);
8) (құпия);
9) (құпия);
10) (құпия);
11) (құпия);
12) (құпия);
13) (құпия);
14) (құпия);
15) (құпия).
Ескерту. Ереже 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, жаңа редакцияда - 2014.11.14 № 954 жарлықтарымен.12-3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік қызметке кіретін және онда жұмыс істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіппен және шекте міндетті арнайы тексеруді жүргізуге;
2) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне техникалық енудің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыруға;
3) ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге;
4) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз әскерилендірілген құрамалардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіби одақтарының, діни негіздегі партиялардың, сондай-ақ шетел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіби одақтарды қаржыландырудың алдын алуға және жолын кесуге көмек көрсетуге;
5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қорғаныс өнеркәсібі кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешен, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;
6) ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыруға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолдануға;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасында болған кезеңде мемлекет басшыларының, шетел үкіметтері мен халықаралық ұйым басшыларының, сондай-ақ ел аумағында өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатты ресімдеуге (қайта ресімдеуге) рұқсат беруге арнайы тексеру жүргізуге;
11-1) жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулелерді анықтауға;
12) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өз қарауына жатқызылған өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. Ереже 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, өзгеріс енгізілді - 2014.11.14 № 954; 22.11.2016 № 373 жарлықтарымен.13. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) тергеп-тексерілуі заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық, психологиялық-социологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;
1-1) құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыруға, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес пайдалануға;
2) мақсаттары мен іс-әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарына, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыруға;
3) радиоэлектроникалық және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, барлау қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауға;
4) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келулерінің жолын жабу және одан шығару туралы мәселелерді шешуге;
5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамамен көзделген шектерде басқа органдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
6) азаматтарды өндірістегі материалдар бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарына шақыруға, олардан түсініктеме, анықтама, құжаттар алуға және олардан көшірлемелер түсіруге; шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелуге;
7) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың өздерімен болған заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;
8) терроризмге қарсы операцияларға қатысуда және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға;
9) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдарды қудалау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары олардың байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талаптары бойынша осының салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;
10) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тартуға;
11) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;
12) арнайы күзетілетін ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де объектілерге ену немесе енуге әрекет етумен байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алуды жүзеге асыруға құқылы. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардан түсініктемелер алуға, оларды жеке тексеруді және тексеруді, олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;
13) шарттық негізде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің, әскери құрамалардың және өзге де ұйымдардың қызметтік орын-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және өзге де орын-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін пайдалануға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы және тергеу изоляторлары бар болуға құқылы. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланады;
15) заңнамада белгіленген тәртіпте әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін медициналық, мекемелер мен бөлімшелерін иеленуге;
15-1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті функциясының бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оның орналасқан жерден тыс оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін иеленуге;
16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасауға;
17) ұйымдармен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажет болатын шарттар, келісімдер жасауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлескен бұйрықтар шығаруға;
18) мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалған құпиялардың сақталуын, мемлекеттік органдардағы, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардағы, сондай-ақ өзге де ұйымдардағы арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің, шифрлік қызмет іс-қимылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруға, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге құқылы. Белгіленген тәртіппен шифрлік байланыс желісі бөлімшелерінің, сондай-ақ кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін оларды жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланған жағдайда тоқтатуға;
19) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, радиоэлектрондық хабар тарату құралдарының қолданылуына жол бермеуге;
19-1) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
20) ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден, әскери құрамалар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз алуға;
21) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін іссапарға, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге;
22) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты мұрағаттық оперативтік, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ғылыми-зерттеу мекемелерімен, оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
24) арнайы байланыс құралдарын, ақпараттық жүйені, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда қару-жарақ құралдары мен жабдықтарды әзірлеуге, жасауға, сатып алуға және пайдалануға құқылы. Осы мақсатта ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, Қазақстан Республикасының органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісім шарттар жасасуға;
25) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлауды, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес арнаулы және өзге де органдары, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға;
26) зерттеу мен тексеру жүргізгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асыруға;
27) жеке тұлғалар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілеріне және орын-жайларына кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа);
28) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарының іс жүргізуін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша жұмыс жағдайын тексеруді бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалануға, әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.
Ұлттық қауіпсіздік органдары осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олар беретін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бірлескен оларды нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен құжаттарды әзірлейді және (немесе) ресімдейді;
29-1) сыртқы барлау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында жасау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін әзірлеуге және (немесе) ресімдеуге құқылы.
Сыртқы барлаудың өзге де субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдар осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін құжаттарды, оның ішінде оларға берілетін құжаттарды пайдалану қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар өтеусіз негізде оларды бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен әзірлейді және (немесе) ресімдейді;
29-2) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттар мен қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сұрауларды жіберуге;
30) құпия;
31) құпия;
31-1) жедел-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізуге, олар бойынша тиісті қорытындылар беруге;
31-2) арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беретін құжаттар) беру, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификациялар тіркеу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
31-3) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың импортына және экспортына лицензияларды келісуді жүзеге асыруға;
31-4) (құпия);
31-5) (құпия);
32) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, 2014.11.14 № 954 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) жарлықтарымен.4. Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің қызметін ұйымдастыру
14. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылықты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (бірінші басшы) жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.14-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.15. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Төрағаның орынбасарларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының басшыларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
16. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өкілеттігі:
1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары мен аумақтық органдарын, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін құру, тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымын, штаттық құрылымын бекітеді, сондай-ақ олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволарды қоспағанда, олар туралы ережелерді (жарғыларды) бекітеді;
4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады, өзінің қарамағындағы лауазымды адамдар шығарған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларына қайшы келетін құқықтық актілерді жояды;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұйымдастыру-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан өкілдік етеді;
7) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
8) халықаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдерін жібереді;
9) ұйымдастырушылық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге де мәселелерді шешуде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен лауазымды тұлғаларының өкілеттігін айқындайды;
10) Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және Республика астанасы бойынша департаменттерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеттің өзге де органдарының бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген лауазымды тұлғаларын тағайындау және босату тәртібін белгілейді;
11) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымдар номенклатурасын, қатардағы және сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), кіші және аға құрам офицерлері құрамындағы қызметкерлерімен және әскери қызметшілер атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді, сондай-ақ әрекет етуші резервтегі офицерлердің санын белгілейді;
12) офицерлік құрамның алғашқы арнайы немесе әскери атағын және "полковник" ("бірінші рангілі капитан") атағын, ал көтермелеу түрінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кезектен тыс мерзімінен бұрын арнайы және әскери атақ және атқарып отырған әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары әскери атақ береді;
13) қызметкерлер мен әскери қызметшілерді ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекет етуші резервке алу мен олардың қызметті өткеру тәртібін белгілейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары әрекет етуші резервтегі офицерлерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың басшыларының келісімі бойынша лауазымдар атқаруы жөніндегі мәселелерді шешеді;
14) бекітілген қаржыландыру жоспарларының шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға көзделген қаржы қаражатын орталықтандырады және бөледі;
15) ұлттық қауіпсіздік органдарындағы құпиялауға жататын мәліметтердің тізбесін бекітеді;
16) алып тасталды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен;
17) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оған бағынысты органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлерін тәртіптік тұрғыдан көтермелейді және жаза қолданады;
18) Қазақстан Республикасының Президентіне ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне жоғары арнайы және әскери атақтар беру туралы және мемлекеттік наградалармен наградтау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
19) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен наградтайды;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарлама) қаржыландыру жоспары бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі мен шарттарын анықтайды;
21) қызметкерлер, әскери қызметшілер мен жұмыскерлердің қызметтік куәліктерінің және ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің ішінен зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік куәліктерінің сипатын бекітеді, сондай-ақ оларды беру және пайдалану тәртібін белгілейді;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери кеңесі туралы ережені, оның саны мен құрамын бекітеді;
23) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген лауазымдар тізілімдерінде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілерінің типтік емес лауазымдар тізбелерін бекітеді;
24) лауазымдық жалақыларын анықтау кезінде коэффициенттерді белгілеу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілердің қызмет өтілін есептеу тәртібін және шарттарын анықтайды;
25) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына олардың арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке кіргенге дейінгі еңбек қызметінің өтілін лауазымдық жалақыларын есептеу және зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына қосу тәртібі мен шарттарын анықтайды;
26) офицерлердің типтік емес лауазымдары мен оларға тиісті шектегі арнайы және әскери атақтардың тізбелерін бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кандидаттарды, жоғары немесе орта арнайы білімі бар шақырылушыларды тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке немесе әскери қызметке және жалпы әскери есептен шығара отырып, әскери міндеттілерді запасқа шығарады, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады және қызметтен немесе әскери қызметтен шығарады, әскери атақ береді және лауазымдарға ауыстырады;
28) Қызметкерлермен, әскери қызметшілермен және әскери міндеттілермен келісімшарттар жасасу, қызметке тағайындау, босату, жұмыстан шығару, сондай-ақ оларға арнайы немесе әскери атақ беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін белгілейді;
29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкері және әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, төмендету және алып тастау тәртібін белгілейді;
30) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін белгілейді;
31) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға белгіленген тәртіппен олардың басшыларының келісімімен арнаулы мемлекеттік органдарында қызметте және әскери қызметте қалдыра отырып, іссапарға жіберуді жүзеге асырады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін;
32) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламаларының көлемінде, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы және өзге де органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламаларының көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беруді жүзеге асырады;
33) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекшілік қызметінің іс-қимылын ұйымдастырады, оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының кезекшілік қызметтерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
34) ұлттық қауіпсіздік органдарында ғылыми-зерттеу қызмет ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
35) Ұлттық қауіпсіздік комитеті регламентін бекітеді;
36) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
37) Ұлттық қауіпсіздік органдарында талдаулық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекітеді;
38) Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік институттарды
ақпараттандыру қағидаларын бекітеді;
39) Ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия және құпия емес іс жүргізу нұсқаулығын бекітеді;
40) Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы электрондық құжат айналымы жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
41) Ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия және құпия емес іс жүргізу бөлімшелері туралы типтік ережені бекітеді;
42) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы ережені бекітеді;
43) Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде мөрлер, мөртабандар мен қатаң есептілік бланктерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
44) Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы есептік-тіркеу тәртібін бақылау комиссиясы туралы ережені бекітеді;
45) Ұлттық қауіпсіздік органдарында тәулік бойы кезекшілікті
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;
46) Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
47) Ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық-насихат жұмысының қағидалары мен тәртібін бекітеді;
48) Ұлттық қауіпсіздік органдары медициналық бөлімшелеріндегі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
49) Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
50) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен зейнеткерлерін санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;
51) Сүңгуірлік түсу қағидаларын бекітеді;
51-1) Әуе-десанттық дайындық қағидаларын бекітеді;
51-2) Биікте атқарылатын дайындық қағидаларын бекітеді;
52) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері жетондарының үлгілерін және оларды беру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті жекелеген бөлімшелерінің ішкі ведомстволық айырым реквизиттарының (қосымша шеврондарының, эмблемаларының және арнайы автомобиль техникасының бірыңғай түсін) сипатын және нысанын бекітеді;
53) қызметкерлер мен әскери қызметшілерге жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына мынадай қызметтерді есептеу тәртібі мен шарттарын белгілейді:
авиацияда ұшу жұмысында, соның ішінде реактивтік және турбовинтті авиацияда;
су астында және барокамераларда ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін сүңгуірлер лауазымдарында;
парашютпен жүйелі түрде секірумен байланысты міндеттерді орындайтын лауазымдарда;
арнаулы мақсаттағы бөлімшелерде;
заставаларда, посттарда, комендатураларда, бақылау-өткізу пункттерінің бөлімшелерінде, ауысымды маневрлік топтарда, Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын кемелер мен катерлерде және шекара әскерінің басқа да бөлімшелерінде;
теңіз деңгейінен 1000 метрден 1500 метрге дейінгі биіктіктегі жоғары таулы жерлерде, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде;
жаппай қоғамға қарсы көріністермен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті күзету мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын құрамаларда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарда тапсырмалар орындайтын қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
тікелей посттық қызмет атқарып жүрген, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет өткеріп жүрген жедел құрамға;
барлаушы-әйелдерге;
54) Ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оларды Ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
55) әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерлерін жерлеуге және оның отбасына бір жолғы жәрдемақы төлемдерін тағайындау туралы нұсқаулықты бекітеді;
56) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің қызметтік іссапарлары туралы нұсқаулықты бекітеді;
57) ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери тасымалдар мен олар үшін есеп айырысуларды ресімдеу қағидаларын бекітеді;
58) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
59) ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері немесе әскери қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу туралы нұсқаулықты бекітеді;
60) тұрақты жұмыс істейтін ведомстволық бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
61) ұлттық қауіпсіздік органдарында қаржылық және бухгалтерлік есептің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу тәртібін бекітеді;
62) құпия;
63) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдері туралы ережені бекітеді;
64) құпия;
65) құпия;
66) құпия;
67) құпия;
68) құпия;
69) құпия;
70) құпия;
71) құпия;
72) құпия;
73) құпия;
74) құпия;
75) құпия;
76) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
77) құпия;
78) құпия;
79) құпия;
80) құпия;
81) құпия;
82) құпия;
83) құпия;
84) құпия;
85) құпия;
86) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
87) құпия;
88) құпия;
89) құпия;
90) құпия;
91) құпия;
92) құпия;
92-1) (құпия);
93) құпия;
94) құпия;
95) құпия;
96) құпия;
97) құпия;
98) құпия;
99) құпия;
100) құпия;
101) құпия;
102) құпия;
103) құпия;
104) құпия;
105) құпия;
106) құпия;
107) құпия;
108) құпия;
109) құпия;
110) құпия;
111) құпия;
112) құпия;
113) құпия;
114) құпия;
115) құпия;
116) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
117) құпия;
118) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
119) құпия;
120) құпия;
121) құпия;
122) құпия;
123) құпия;
124) құпия;
124-1) құпия;
124-2) құпия;
124-3) құпия;
124-4) алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
124-5) құпия;
124-6) құпия;
124-7) құпия;
124-8) құпия;
124-9) құпия;
124-10) (құпия);
124-11) (құпия);
124-12) (құпия);
124-13) (құпия);
124-14) (құпия);
124-15) (құпия);
125) ұлттық қауіпсіздік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады;
125-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің кинологиялық жұмысты жүргізу тәртібін анықтайды;
125-2) ұлттық қауіпсіздік органдарында жоспарлау тәртібін анықтайды;
125-3) ұлттық қауіпсіздік органдары заңды тұлғаларының шартты және шынайы атауларын қолдану тәртібін анықтайды;
125-4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Ұстау, Мемлекеттік шекарадан өтуді бақылау, заңды шектеу қойылған адамдарға қатысты кіруді және шығуды жабу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-5) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінде жедел есепте тұрған адамдарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-6) Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы ақпараттық жүйелерді құру, жұмыс істеуін және дамытуды қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
125-7) Ұлттық қауіпсіздік органдарында электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау, өңдеу, беру және оған ену қағидаларын бекітеді;
125-8) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік органдар деректерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
125-9) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті білім деңгейіндегі жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
125-10) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарында оқитындарға тәжірибе (тағылымдама) ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
125-11) Ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел-жауынгерлік, арнаулы және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-12) Ұлттық қауіпсіздік органдарында шифрды ашу жұмысын жүргізу қағидаларын бекітеді;
125-13) Ұлттық қауіпсіздік органдарында радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды пайдалану қағидаларын бекітеді;
125-14) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық және өзге де органдарының өзара іс-қимылы тәртібін белгілейді;
125-15) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекітеді;
125-16) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, жүзеге асыру және есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
125-17) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған, сондай-ақ бөлім мен қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерін іздеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
125-18) Ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
125-19) Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің күштік және техникалық қорғанысын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асыру және бақылау қағидаларын бекітеді;
125-20) Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Арыстан" қызметінің жеке құрамын, қару-жарақ, оқ-дәрілерін және арнайы техникасын тасымалдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе көлігін тарту қағидаларын бекітеді;
125-21) Қорғалған байланыс жабдықтары мен желілерін орналастыру және монтаждау қағидаларын бекітеді;
125-22) Соғыс уақытында жұмысқа ұлттық қауіпсіздік органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін дайындау қағидаларын бекітеді;
125-23) Бейбіт уақытта және соғыс уақытында ұлттық қауіпсіздік органдарының құжаттық шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланысының ведомстволық желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
125-24) Ұлттық қауіпсіздік органдарының жергілікті және қалааралық хабарландыру жүйелерін (желілерін) ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
125-25) Ұлттық қауіпсіздік органдарында локальді есептеуіш желілерді ұйымдастыру және құру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-26) Ұлттық қауіпсіздік органдарында электронды поштаны ұйымдастыру және техникалық пайдалану жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-27) Ұлттық қауіпсіздік органдарында Интернет желісіне ену шлюзін ұйымдастыру және техникалық пайдалану жөніндегі қағидаларды бекітеді;
125-28) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
125-29) Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамын және олардың отбасы мүшелерін қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оларды құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
126) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, 2014.11.14 № 954 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 22.11.2016 № 372қ жарлықтарымен.17. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Төрағаның тапсырмасы бойынша бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.
17-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттігін анықтайды.
Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.18. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, жедел-қызметтік іс-қимыл мен кадрлармен жұмыс істеудің аса маңызды мәселелерін қарау, бұлар жөнінде келісілген шешімдер қабылдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде алқа құрылады.
Алқа құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (алқа төрағасы), оның бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымдары бойынша), Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының шешімі бойынша ведомстволардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.
Алқаның міндеттері, өкілеттіктері мен қызмет тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін ережемен регламенттеледі.
19. Бағдарламалық құралдармен, арнайы және өзге де техникалық құралдармен жарақтандыру саласында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметін бірыңғай саясатын тұжырымдау үшін консультативтік-кеңесші орган - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Техникалық кеңесі құрылады. Техникалық кеңес қызметінің құрамы мен тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін Ережемен регламенттеледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.19-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады, оның қызмет тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.20. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілері Қазақстан Республикасының режимдік немесе айрықша режимдік объектілерінің қатарына жатады. Оларды қорғау Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.5. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүлігі
21. Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.22. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
22-1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Ескерту. Ереже 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.6. Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
23. Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында тұрған ұйымдардың
тізбесі
Ескерту. Жарлық тізбемен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
"Қазимпекс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының
қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Ескерту. Жарлық тізбемен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (құпия).
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (құпия).
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (құпия).
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (құпия).
5. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (құпия).
6. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (құпия).
7. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (құпия).
8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (құпия).
9. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (құпия).
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (құпия).
11. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (құпия).
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті (құпия).
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (құпия).
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті (құпия).
15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (құпия).
16. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (құпия).
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының олардың орналасқан жерден тыс оқшауланған және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын құрылымдық бөлімшелері - қалалық (аудандық) бөлімдері мен бөлімшелері бар.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпарат қызметі
(құпия)
Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.11.14 № 954 Жарлығымен.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ескерту. Жарлық тізбемен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613, өзгеріс енгізілді - 2014.11.14 № 954; 22.11.2016 № 372қ; 22.11.2016 № 373 (қолданысқа енгізілу тәртібін ескертуден қараңыз) жарлықтарымен.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" Арнаулы мақсаттағы қызметі (құпия).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы (құпия).
3. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 373 (қолданысқа енгізілу тәртібін ескертуден қараңыз) Жарлығымен.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.
7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 373 (қолданысқа енгізілу тәртібін ескертуден қараңыз) Жарлығымен.8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 373 (қолданысқа енгізілу тәртібін ескертуден қараңыз) Жарлығымен.
9. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.
10. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
11. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.
13. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 372қ жарлығымен.
14. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2016 № 373 (қолданысқа енгізілу тәртібін ескертуден қараңыз) Жарлығымен.Ескертпе: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер олардың орналасқан жерден тыс оқшауланған және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын құрылымдық бөлімшелерін иеленуге құқылы.