Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі N 2922 Жарлығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.08.2013 № 613 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысы;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1653 қаулысы;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2183 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2922 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.05.2022 № 893 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай ведомстволары бар:

      1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;

      3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" арнаулы мақсаттағы қызметі;

      4) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;

      5) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі.

      3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өзінің қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Сығанақ көшесі, 66.

      10. Осы Ереже Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кәсіпкерлік субъектілерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделері үшін барлау ақпаратына қол жеткізу;

      3) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдауға қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаулармен қамтамасыз ету;

      4) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;

      5) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;

      7) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

      8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;

      10) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      12) Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарды бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;

      13) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

      14) Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;

      15) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қорғалған байланысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;

      16) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      17) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;

      18) ұлттық қауіпсіздік органдарында бірыңғай тәсілдерді басқару, қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;

      20) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      21) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;

      22) Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      қызмет бабында пайдалану үшін;

      қызмет бабында пайдалану үшін;

      астыртын әрекет ететін объектілерді (кәсіпорындарды және ұйымдарды) құру, сондай-ақ қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, құпия көмекшілерді, бөлімшелердің, ұйымдардың, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін шифрлайтын құжаттарды пайдалану;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға жеке басын куәландыратын құжаттарды және өзгертілген сауалнамалық деректері бар өзге де құжаттарды, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың жәрдемімен дайындау және беру;

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер қабылдау;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Техникалық кеңесін және өз құзыреті шегінде сараптама комиссияларын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарын құру;

      сотқа жүгіну;

      қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;

      криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;

      құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнаулы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес арнаулы құралдарды пайдалану;

      мақсаттары мен іс-әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарына, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыру;

      барлау қызметін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде радиоэлектрондық және арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының сыртқы барлауды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      өз әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу жолын жабу және оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу туралы мәселелерді дербес немесе уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде басқа органдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде орындалуы міндетті тапсырмалар беру;

      іс жүргізуде жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауіпсіздік органдарына шақыру, олардан түсініктемелер, анықтамалар, құжаттар алу және олардан көшірмелер түсіру, шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп әкелу;

      қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда негізді күдік болған кезде заңнамаға сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда күдікті адамдарды ұстап алуды жүргізу, ұстап алынғандардың құжаттарын тексеруді, оларды және олардың көлік құралдарын жеке жете тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ олардың алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою;

      терроризмге қарсы операцияларға қатысу және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мен ұстап алу, ұстап алынғандарды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға орнына бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне (ұйымдарына) жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, сондай-ақ өзге ұйымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалану. Байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талап етуі бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары соның салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;

      егер кешіктіру азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мақсатында ұйымдардың, әскери құралымдар мен бөлімдердің аумағы мен үй-жайларына, азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, оларға тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіру. Ұлттық қауіпсіздік органдары азаматтарға тиесілі тұрғын және өзге де үй-жайларға күштеп кіру жағдайлары туралы прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар етеді;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу;

      ерекше режимдегi және өзге де объектiлердің арнайы күзетiлетiн аумақтарына кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзышылықтар жасаған, шекаралық аймақта заңсыз болған адамдарды әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардан түсініктемелер алу, оларды жеке жете тексеруді, заттары мен құжаттарын жете тексеруді және алып қоюды жүзеге асыру;

      бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарға қатысты оларды, жекелеген жағдайларда, ұлттық қауіпсіздік органдарының келісуімен, құқық қорғау органдары және соттар ұстап алған және күзетпен ұстаған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторының және тергеу изоляторларының бар болуы;

      мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің, мемлекеттік органдардағы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы, сондай-ақ өзге де ұйымдардағы шифрлау қызметі іс-қимылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      өзінің орналасқан жерінен тыс жерде ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған өзге де құрылымдық бөлімшелерге ие болу;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстарды орнату, қолдау және дамыту, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;

      ұйымдармен шарттар, келісімдер (меморандумдар) жасасу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті бірлескен бұйрықтарды шығару;

      үкіметтік және президенттік байланыс желілерін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына көрсетілетін байланыс қызметтерiн қоспағанда, анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін шифрлық байланыс желісі бөлімшелерінің жұмысын, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін белгіленген тәртіппен тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар тарату құралдарын пайдаланудың жолын кесу;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өтеусiз жəне заңнамалық актiлерде коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне жататын архивтік жедел, тергеу және басқа да материалдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ақпараттық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерінің жүйелерін әзірлеу және құру;

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және өзге де ұйымдарының қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін шарттық негізде пайдалану;

      Қазақстан Республикасының органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы және өзге де органдары үшін кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілері мен үй-жайларына кіру (көлікпен кіру) және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғалардың (Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған күзетілетін және өзге де адамдарды қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардың өзімен алып жүрген заттарын жете тексеру;

      құпиялық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарында іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, тексеруді ұйымдастыру;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында пайдаланылу, дайындалу және (немесе) ресімделу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, дайындау және (немесе) ресімдеу. Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олар беретін құжаттарды осы абзацта көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша, бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;

      басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға құжаттардың бланкілері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін ұлттық қауіпсіздік органдарына беру туралы орындалуы міндетті сауалдар жолдау;

      Қазақстан Республикасының өзге де сыртқы барлау субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың дайындалу және (немесе) ресімделу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілерді айқындалатын басқа да құжаттарын Қазақстан Республикасының өзге де сыртқы барлау субъектілері және арнаулы мемлекеттік органдары үшін дайындау және (немесе) ресімдеу. Сыртқы барлаудың өзге де субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін құжаттарын, оның ішінде оларға берілетін құжаттарды осы абзацта көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша, бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;

      жедел-техникалық іс-шараларды жүргізу үшін тауарларды арнаулы техникалық құралдарға және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізу, олар бойынша тиісті қорытындылар беру;

      жеке және заңды тұлғалардың арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу туралы өтініштерін қарау, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификацияларды тіркеу;

      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдардың импорты мен экспортына лицензияларды келісуді жүзеге асыру;

      арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнаулы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлау құралдарын әзірлеу, өндіру және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;

      үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері үшін шарттық негізде кадрлар даярлауды жүзеге асыру;

      бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және электрондық жабдығының өзге де түрлерін пайдалану;

      Интернет желісіне қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;

      байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктелеріне қосу және интернет-трафикті өткізу тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне елдің қауіпсіздігіне төнетін қатерлер туралы хабарлау;

      "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыру;

      қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

      терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған өзге де іс-әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;

      заңнамада ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың іс-әрекетінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруының алдын алуда және жолын кесуде мемлекеттік органдарға көмек көрсету;

      мемлекеттік органдарда, әскери құралымдарда, бөлімдер мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау. Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнаулы тексеру жүргізу;

      тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қорғаныс кешені, атом энергетикасы, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның шегінен тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысу;

      Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, шет елдердің мемлекет, үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ ел аумағында өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру;

      ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу;

      жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін радиоэлектрондық құралдардан хабар таратушы берілетін радиосәулелерді анықтау;

      шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыру, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалану, дамыту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтеріне техникалық енуді болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелерін көрсететін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

      ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

      мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметшісінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізу;

      прокурордың қадағалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты жазбаша талаптарын орындау;

      қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салу бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беру;

      жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтеріне техникалық енуді болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;

      3) жүктелген міндеттерді шешу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін құқықтық, кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, әскери-медициналық (медициналық), қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын тұжырымдау;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      5) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін арнаулы байланыс түрлерімен жарақтандыру, инженерлік-техникалық қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар арқылы таралып кетуін болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстарды орнату, қолдау және дамыту;

      7) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметін үйлестіру;

      8) ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысу, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет салаларында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін, мемлекеттік органдары мен ұйымдарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      11) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған өзге де іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органдардың терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастыру;

      12) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру;

      13) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға әзірлік жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарсы барлау, жедел-іздестіру және барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тікелей жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға елдің қоғамдық қауіпсіздігін, заңдылығын, құқықтық тәртібін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде, олардың алдына қойылған өзге де міндеттерді шешуде көмек көрсету;

      16) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде көмек көрсету;

      17) қарсыластың барлау-нұқсан келтіру акцияларын жүргізуіне жағдай жасайтын сыртқы және ішкі факторларды оқшаулау және бейтараптандыру бойынша, соның ішінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көші-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органдармен бірге шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      18) террористік қауіптілік деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім туралы, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіпке ұшыраған көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қолданатын шаралар, дағдарыстық жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың әрекеттері туралы халықты құлақтандыру;

      19) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      20) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау;

      21) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнаулы тексеру жүргізу, сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және (немесе) қызметтерді көрсетуге байланысты қызметке рұқсаттар беру;

      22) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;

      23) бюджеттік өтінімді дайындау қағидаларын және оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішінде келісу мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      24) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      26) Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      27) барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру процесінде ақпаратты жасырын алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнаулы техникалық құралдардың айналымы саласында бақылауды жүзеге асыру;

      28) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың техникалық, оның ішінде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастыру;

      29) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау;

      30) басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      31) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде міндетті арнаулы тексеру жүргізуін ұйымдастыру;

      32) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізуін ұйымдастыру;

      33) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін, жұмыскерлерін, құпия көмекшілерін, мекемелерін, үй-жайлары мен көлік құралдарын, сондай-ақ олардың ведомстволық тиесілігін, оның ішінде шет елдерде қорғауды және шифрлауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;

      34) жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      35) Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      36) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету теориясы мен практикасы саласында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      37) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      38) террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      39) ұлттық қауіпсіздік органдарын жауынгерлік, техникалық, материалдық, кадрлық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да қамтамасыз ету түрлерін ұйымдастыру, оның ішінде қызметкерлерді, әскери қызметшілер мен жұмыскерлерді тамақтандыру, ғимараттар мен құрылысжайларды күрделі салу және реконструкциялау, жөндеу, тұрғын үй және казармалық-тұрғын үй құрылысы, жөндеу;

      40) ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржы-шаруашылық және әскери-медициналық (медициналық) қызметін ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асыру;

      41) ұлттық қауіпсіздік органдарында архив ісін ұйымдастыру, ақпараттық жүйелерді құру және осы мақсаттарда пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      42) ұлттық қауіпсіздік органдарының психологиялық-физиологиялық зерттеулер жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      43) полиграфологиялық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық жүйесінде есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44) ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери-дәрігерлік сараптама, сондай-ақ наркологиялық тестілеу жүргізу;

      45) ұстап алынғандарды, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда күдік келтірілген, айыпталған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, гауптвахталарында күзетпен ұстауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың жұмыс істеу және оларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      46) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану;

      47) өз өкілеттіктері шегінде құрлықта, аумақтық және ішкі суларда, континенттік қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      48) өз құзыреті шегінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      49) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге қатысу, Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау;

      50) шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынастар арналарында саяси, әлеуметтік-экономикалық және криминогендік жағдайды талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      51) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде шақыру комиссияларының жұмысына қатысу;

      52) жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректер негізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мұқтажы үшін әскерге шақыру контингентіне мониторингті және іріктеуді жүзеге асыру;

      53) шектес мемлекеттердің аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру;

      54) ұлттық қауіпсіздік органдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

      55) ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      56) арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, қорғалған байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді, қару-жарақ пен жарақтандыру құралдарын әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру;

      57) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      58) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның "электрондық үкімет" құрамына қатысуы, ұлттық қауіпсіздік органдарының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толықтыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

      59) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      60) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру және лицензиаттардың қызметін олардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша бақылау;

      61) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      62) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің және өзге де сыртқы барлау субъектілері мен арнаулы мемлекеттік органдарының тапсырмалары бойынша басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын (жедел бүркемелеу құжаттарын) дайындауды және (немесе) ресімдеуді белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;

      63) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

      64) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау;

      65) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық актілер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіру және бақылау;

      66) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылау;

      67) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық шаралар жүйесін әзірлеу;

      68) киберкеңістікте мемлекеттің ақпаратын, коммуникацияларын және стратегиялық инфрақұрылым объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      69) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      70) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу саласындағы қызметін үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      71) радиожиілік спектрін пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен техникалық саясатты әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі қызметін бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;

      72) террористік тұрғыдан осал ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің санаттарына сәйкес тізбесін әзірлеу және бекіту;

      73) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру;

      74) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

      75) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      76) террористік тұрғыдан осал ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      77) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы техникалық регламенттерді әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      78) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүзеге асыру;

      79) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы ұлттық қауіпсіздік органдарының пайдалануы үшін бөлген радиожиіліктерді бөлуді және есепке алуды жүзеге асыру;

      80) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      81) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, жедел-қызметтік жұмыстың, кадрлармен жұмыстың неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының құрамын және оның қызмет тәртібін бекіту;

      82) ұлттық қауіпсіздік органдарында құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін әзірлеу және бекіту;

      83) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша қамтуға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      84) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін, жетондарын дайындау, беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлеу және бекіту;

      85) террористік тұрғыдан осал ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      86) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымдар тізілімдерінде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің типтік емес лауазымдарының, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің типтік емес әскери лауазымдары әскери-есептік мамандықтарының тізбелерін әзірлеу және бекіту;

      87) қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер лауазымдарының, оның ішінде типтік емес лауазымдардың, сондай-ақ қатардағы және сержанттар құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлер лауазымдарының санаттарын (тарифтік разрядтарын) әзірлеу және бекіту;

      88) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме мен онда сотталғандарды ұстау тәртібінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      89) лауазымдық айлықақыны есептеу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қызмет өтілін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      90) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметі өтілінің ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына еңбек сіңірген жылдарына есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      91) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      92) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет өткеруі туралы келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы немесе әскери атақ беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      93) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      94) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      95) Ұлттық қауіпсіздік комитеті кезекшілік қызметінің жұмысын ұйымдастыру, оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының кезекшілік қызметтерімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың кезекшілік қызметтерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      96) ұлттық қауіпсіздік органдарының полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      97) ұлттық қауіпсіздік органдарының құпия көмекшілерімен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      98) ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия көмекшілерді есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      99) ұлттық қауіпсіздік органдарында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      100) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Регламентін әзірлеу және бекіту;

      101) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      102) ұлттық қауіпсіздік органдарында талдамалық зерттеулер жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      103) ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік институттарға хабар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      104) ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      105) ұлттық қауіпсіздік органдарында электрондық құжат айналымы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      106) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      107) ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде мөрлерді, мөртабандарды және қатаң есептілік бланкілерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      108) ұлттық қауіпсіздік органдарында кезекшілікті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      109) ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде рұқсаттама және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      110) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық-насихаттау жұмысының қағидалары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      111) ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      112) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің үлгілік штаттарын және штаттық нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      113) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      114) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      115) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде (ұйымдарында) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілеу;

      116) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      117) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және зейнеткерлерін санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      118) ұлттық қауіпсіздік органдарында сүңгуірлік түсулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      119) ұлттық қауіпсіздік органдарында парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      120) ұлттық қауіпсіздік органдарында биікте атқарылатын даярлық қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      121) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне қосу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      122) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      123) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      124) ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомствоішілік айырым реквизиттарының (қосымша шеврондардың, эмблемалардың және арнаулы автомобиль техникасының біріздендірілген бояуының) сипаттамасы мен нысандарын әзірлеу және бекіту;

      125) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бөлімшелер мен лауазымдардың тізбесін, сондай-ақ қызметті жеңілдікті шарттармен еңбек сіңірген жылдарына есепке жатқызу шарттарын әзірлеу және бекіту;

      126) ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      127) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерінің отбасына жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді және жәрдемақыларды тағайындау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнетақы куәлігі нысанының сипаттамасын әзірлеу және бекіту;

      128) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ олардың шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      129) ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      130) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      131) ұлттық қауіпсіздік органдарының радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      132) Қазақстан Республикасының заңнамасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      133) ұлттық қауіпсіздік органдарында қаржылық және бухгалтерлік есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      134) ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті арнаулы техникалық құралдарды әзірлеу, пайдалануға беру және пайдаланудан алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      135) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми өкілдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136) шифрлау құралдарын есепке алу, тарату, тасымалдау, сүйемелдеу және олармен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      137) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің кинологиялық жұмыс жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      138) ұлттық қауіпсіздік органдарында жоспарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      139) ұлттық қауіпсіздік органдарында криминалистикалық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      140) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұстап алу, Мемлекеттік шекарадан өтуді бақылау, заңды шектеу қойылған адамдарға қатысты кіруді және шығуды жабу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      141) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінде жедел есепте тұрған адамдарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      142) ұлттық қауіпсіздік органдарында ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      143) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті электрондық ақпараттық ресурстарының және мемлекеттік органдар деректерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      144) ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік, арнаулы және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      145) ұлттық қауіпсіздік органдарында шифрды ашу жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146) ұлттық қауіпсіздік органдарында радиожиілік спектрін және радиоэлектрондық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      147) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      148) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру, жүзеге асыру және есепке алу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      149) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған, сондай-ақ әскери бөлімдерді (мекемелерді) немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      150) ұлттық қауіпсіздік органдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      151) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      152) ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясын қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      153) жабдықты және қорғалған байланыс желілерін орналастыру және монтаждау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      154) ұлттық қауіпсіздік органдарының үкіметтік, қорғалған байланыс желілерінің және арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге дайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      155) ұлттық қауіпсіздік органдарының жергілікті және қалааралық құлақтандыру жүйелерін (желілерін) ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      156) ұлттық қауіпсіздік органдарында жергілікті есептеуіш желілерді ұйымдастыру және құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      157) ұлттық қауіпсіздік органдарында электрондық поштаны ұйымдастыру және техникалық пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      158) ұлттық қауіпсіздік органдарында Интернет желісіне қол жеткізу шлюзін ұйымдастыру және техникалық пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      159) ұлттық қауіпсіздік органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      160) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамын және олардың отбасы мүшелерін лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты оларды құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      161) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында әскери қызметшілердің әкімшілік қамақты өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      162) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      163) ұлттық қауіпсіздік органдарының қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспорттарының даналарын есепке алу, сақтау және (немесе) жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      164) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге туристік және жекеше арналар арқылы шығу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      165) ұлттық қауіпсіздік органдарында броньды қорғану құралдарын санаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      166) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданатын немесе жұмысқа тартылатын кандидаттарға арнаулы тексеру жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      167) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарына хабар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      168) ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды пайдалануға байланысты қызметке рұқсаттар беру тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      169) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі практикалық іс-шараларды жүргізудің нормалары мен әдістемелерін айқындау жөніндегі басшылық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      170) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      171) ұлттық қауіпсіздік органдарында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      172) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінде жасалатын құжаттар тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      173) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл бөлімшелерін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      174) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери басқару органдарында қару-жарақпен және радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды және сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      175) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара корабльдеріне, катерлеріне және өзге де жүзу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      176) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери басқару органдарында әскерлер қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      177) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу;

      178) ұлттық қауіпсіздік органдарында пайдаланылатын дербес электрондық есептеуіш машиналарына арналған бағдарламалық қамтылым қорын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      179) ахуалдық хабар беру шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен аумақтық органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      180) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      181) ұлттық қауіпсіздік органдарының құпия көмекшісі қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуға байланысты қаза тапқан не мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зиян келген жағдайларда біржолғы жәрдемақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      182) ұлттық қауіпсіздік органдарының тапсырмалары бойынша техникалық, оның ішінде криминалистік және полиграфологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      183) ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел есепке алу істері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      184) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің отбасы мүшелерін эвакуациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      185) ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      186) азаматтық қорғаныс желісі бойынша сигналдар алынған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары кезекшілік қызметтерінің іс-қимылдары жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      187) соғыс уақытында және оқу-жаттығуларда ұлттық қауіпсіздік органдарында іс жүргізу және құжаттармен жұмыс істеуде құпиялылық режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      188) ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмылдыру дайындығын тексеру және бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      189) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери және арнаулы есебін ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының запасында болу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      190) соғыс уақытына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде мөрлермен және мөртабандармен қамтамасыз ету және оларды есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      191) ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық және химиялық байқауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      192) ұлттық қауіпсіздік органдарында азаматтық қорғаныс туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      193) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыруы мен жүргізу тактикасы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      194) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ақпаратты іріктеу, жинақтау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      195) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шараларына және тергеу әрекеттеріне мамандардың қатысуын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      196) ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз етуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      197) ұлттық қауіпсіздік органдарының алдын алу-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру, жүзеге асыру және есепке алу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      198) ұлттық қауіпсіздік органдарында бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      199) ұлттық қауіпсіздік органдарында ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      200) Қазақстан Республикасының азаматтарын ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде ерікті негізде жұмысқа тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      201) ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы техникалық құралдарды пайдалану, есепке алу, сақтау және уақытша пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      202) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық және өзге де органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      203) шифрлау құралдарына техникалық құжаттаманың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      204) Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасында көзделген қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі шараларын ұлттық қауіпсіздік органдарының ұйымдастыруы және қолдануы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      205) ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жедел-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      206) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      207) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің республикалық қорғалған байланыс желісін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      208) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      209) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      210) ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      211) ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеретін қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, штаттық жасырын қызметкерлеріне, сондай-ақ жасырын құрамының әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      212) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды мемлекеттік құпияға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      213) арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату қағидаларын, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      214) мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдарының тізбесін әзірлеу және оны бекітуге ұсыну;

      215) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      216) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау және сертификаттар беру қағидаларын әзірлеу;

      217) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздерінің меншік иесіне келтірілген залалдың мөлшерлерін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      218) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілері санатына жатқызу қағидаларын әзірлеу;

      219) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      220) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге байланысты оларды арнаулы тексеру қағидаларын әзірлеу және оны бекітуге ұсыну;

      221) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат беру;

      222) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      223) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      224) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      225) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери полициясы әскери қызметшілерінің жетондарын беру, пайдалану қағидаларын жəне олардың сипаттамасын әзірлеу және бекіту;

      226) Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      227) өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      228) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери шаруашылығы туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      229) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жоспарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      230) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндетті тікелей орындайтын бөлімшелеріндегі кезекші күштер мен құралдардың құрамы туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      231) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға шекара наряды туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      232) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      233) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі басқару органдарының қызметі жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      234) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      235) Мемлекеттік шекараны күзетудің техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      236) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі инженерлік-техникалық құралдарының жай-күйін бағалау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      237) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында, әскери, арнаулы оқу орындарында және құрылымдық бөлімшелерінде зымырандық-артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қамтамасыз ету, ұйымдастыру, пайдалану және есепке алу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      238) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің зымырандық-артиллериялық қару-жарағын жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, құрал-сайманды, керек-жарақты, калибрлер жабдығын, сүртетін-майлайтын және басқа материалдарды күтіп-ұстау және жұмсау нормалары туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      239) ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      240) ұлттық қауіпсіздік органдарында зымырандық-артиллериялық қару-жарақты санаттарға бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      241) ұлттық қауіпсіздік органдарында оқ-дәрілерді және танкіге қарсы басқарылатын реактивтік снарядтарды санаттарға бөлу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      242) ұлттық қауіпсіздік органдарында оқ-гильза қорын құру туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      243) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде автотехникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      244) ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      245) әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      246) ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақты сақтау орындарын күзетуді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      247) ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақты сақтау орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      248) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      249) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында оқу-баспа қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      250) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін заттай қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      251) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      252) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін ветеринариялық қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      253) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін пәтерлік-пайдаланушылық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      254) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      255) Қазақстан Республикасының теңізінде, өзендерінде және өзге де су айдындарында шекара корабльдері мен катерлерін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      256) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің шекара корабльдерінің, катерлері мен кемелерінің техникалық және өзге де құжаттамасын дайындау, келісу, оларды өндіруді бақылау және қабылдау жөніндегі қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      257) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      258) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде кинологиялық қызмет пен із кесушілікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      259) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      260) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жылқыларды ұстау және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      261) Мемлекеттік шекараны күзетуді инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      262) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын әзірлеу және бекіту;

      263) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіруі және аумағынан шығуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      264) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысу;

      265) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысу;

      266) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      267) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      268) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      269) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      270) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      271) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      272) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау, сараптау, байқаудан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      273) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      274) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;

      275) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      276) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      277) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      278) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми жұмыскерлерінің лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      279) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      280) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын мамандықтар мен біліктіліктердің, білім беру бағдарламаларының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      281) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында білім алудың нысандары мен технологияларын әзірлеу және бекіту;

      282) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      283) ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру қағидаларын, жүргізу тәртібі мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      284) ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кандидаттарды тексеруге қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      285) ұлттық қауіпсіздік органдарына конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      286) ұлттық қауіпсіздік органдары конкурстық комиссиясының қағидалары мен жұмысын әзірлеу және бекіту;

      287) ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру туралы келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату жөніндегі қағидаларды, сондай-ақ оның нысанын әзірлеу және бекіту;

      288) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу және жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      289) ұлттық қауіпсіздік органдары білім алушыларының контингентін қалыптастыру, қызметкерлерінің қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуін ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      290) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      291) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      292) ұлттық қауіпсіздік органдарының ішкі қызмет жарғысын әзірлеу және бекіту;

      293) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысанын кию қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      294) қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қолданыстағы резервке алу және олардың ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      295) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      296) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне қайта аттестаттау жүргізу және арнаулы атақ беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      297) сержанттар құрамы мен офицерлер құрамы атқаруға жататын лауазымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарының тиісті құрамының қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде көрсетілген лауазымдарға төмен тұрған құрамның қызметкерлерін тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      298) профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына ұлттық қауіпсіздік органдарының тиісті құрамының қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға жұмыскерлер қатарындағы адамдарды, оның ішінде уақытша тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      299) қызметкерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату, бастықтың қарамағына қабылдау, қызметтен шығару, арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасу кезінде ұсынуды ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      300) ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары офицерлік құрамы атқаруға жататын бос лауазымдар бойынша қызметкерге лауазымды уақытша атқаруды жүктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      301) ұлттық қауіпсіздік органдарында кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      302) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;

      303) ұлттық қауіпсіздік органдарында заттай мүліктің алынбаған нәрселерінің орнына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      304) бір елді мекеннен екінші елді мекенге көшуге байланысты қызмет бойынша ауысқан кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      305) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      306) ұлттық қауіпсіздік органдарына әскери қызметке ауыстыру тәртібімен кірген құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақ беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      307) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілеріне коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      308) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бейбіт уақытта ұлттық қауіпсіздік органдары әскери басқару органдарының әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту;

      309) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бейбіт уақытта ұлттық қауіпсіздік органдары әскери басқару органдарының әскери қызметшілерін тамақтандыру нормаларын әзірлеу және бекіту;

      310) ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      311) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      312) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      313) жұмылдыру, соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында және қызметтік қажеттілік жағдайында ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшісінің жыл сайынғы негізгі демалысын үзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      314) қызмет бабында пайдалану үшін;

      315) қызмет бабында пайдалану үшін;

      316) қызмет бабында пайдалану үшін;

      317) қызмет бабында пайдалану үшін;

      318) қызмет бабында пайдалану үшін;

      319) қызмет бабында пайдалану үшін;

      320) қызмет бабында пайдалану үшін;

      321) қызмет бабында пайдалану үшін;

      322) қызмет бабында пайдалану үшін;

      323) қызмет бабында пайдалану үшін;

      324) қызмет бабында пайдалану үшін;

      325) қызмет бабында пайдалану үшін;

      326) қызмет бабында пайдалану үшін;

      327) қызмет бабында пайдалану үшін;

      328) қызмет бабында пайдалану үшін;

      329) қызмет бабында пайдалану үшін;

      330) қызмет бабында пайдалану үшін;

      331) қызмет бабында пайдалану үшін;

      332) қызмет бабында пайдалану үшін;

      333) қызмет бабында пайдалану үшін;

      334) қызмет бабында пайдалану үшін;

      335) қызмет бабында пайдалану үшін;

      336) қызмет бабында пайдалану үшін;

      337) қызмет бабында пайдалану үшін;

      338) қызмет бабында пайдалану үшін;

      339) қызмет бабында пайдалану үшін;

      340) қызмет бабында пайдалану үшін;

      341) қызмет бабында пайдалану үшін;

      342) қызмет бабында пайдалану үшін;

      343) қызмет бабында пайдалану үшін;

      344) қызмет бабында пайдалану үшін;

      345) қызмет бабында пайдалану үшін;

      346) қызмет бабында пайдалану үшін;

      347) қызмет бабында пайдалану үшін;

      348) қызмет бабында пайдалану үшін;

      349) қызмет бабында пайдалану үшін;

      350) қызмет бабында пайдалану үшін;

      351) қызмет бабында пайдалану үшін;

      352) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылықты оның Төрағасы жүзеге асырады, ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.

      18.Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      19. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын ұйымдастырады;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары мен аумақтық органдарын, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді құру, тарату және қайта ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен аумақтық органдарының, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен штаттарын бекітеді, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша ережелерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволарды қоспағанда, олар туралы ережелерді (жарғыларды) бекітеді;

      4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілер шығарады, өзінің қарамағындағы лауазымды адамдар қабылдаған, Конституцияның нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін құқықтық актілерді жояды;

      5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұйымдастыру-штаттық, кадрлық, әскери-медициналық (медициналық) және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атынан өкілдік етеді;

      7) халықаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді;

      8) өзінің орынбасарларына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен лауазымды адамдарына өкілеттіктерді береді;

      9) Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің бастықтарын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге де органдарының бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген лауазымды адамдарын тағайындау және босату тәртібін белгілейді;

      10) лауазымдар номенклатурасын, жоғары офицерлік құрамды қоспағанда, қызметкерлер мен әскери қызметшілер, жұмыскерлер атқаратын, лауазымдар тізбесін бекітеді, сондай-ақ қолданыстағы резерв қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің санын айқындайды;

      11) офицерлік құрамның алғашқы арнаулы немесе әскери атағын және "полковник" ("бірінші рангілі капитан") атағын, ал көтермелеу түрінде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кезектен тыс мерзімінен бұрын арнаулы немесе әскери атақ және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделгеннен бір саты жоғары арнаулы немесе әскери атақ береді;

      12) ұлттық қауіпсіздік органдарының қолданыстағы резерв қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы лауазымдарды қоса атқаруы жөніндегі мәселелерді олардың басшылығымен келісім бойынша шешеді;

      13) бекітілген қаржыландыру жоспарлары шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарын қамтуға көзделген бюджет қаражатын орталықтандырады және бөледі;

      14) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оған бағынысты органдардың қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін тәртіптік тұрғыдан көтермелейді және жазалайды;

      15) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін көтермелейді;

      16) Қазақстан Республикасының Президентіне ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілері мен жұмыскерлеріне жоғары арнаулы немесе әскери атақтар беру және оларды мемлекеттік наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы ұсынулар енгізеді;

      17) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен наградтайды;

      18) ұлттық қауіпсіздік органының бөлімшесін басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кандидаттарды, жоғары немесе арнаулы орта білімі бар әскерге шақырылушыларды ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдайды және әскери міндеттілерді әскери есептен шығара отырып, запасқа шығарады, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады және қызметтен шығарады, арнаулы немесе әскери атақтар береді және лауазымдар бойынша ауыстырады;

      20) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін белгіленген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметте қалдыра отырып, олардың басшыларының келісімімен мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға іссапарға жібереді. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін;

      21) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламалары көлемінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы және өзге де органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламалары көлемінде мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;

      22) ұлттық қауіпсіздік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасы.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы емханасы бар орталық әскери госпиталі.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы.