"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заң күшi бар Жарлығының 3-бабының 6)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1653 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2183 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 1 сәуiрдегi
N 2922 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 282 Жарлығымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті) — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) күзетуге, Арнаулы ақпарат қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары, ведомостволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары бар.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзінің нышаны мен айырым белгісі, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерінде есепшоттары, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес валюталық есепшоттары бар.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысады.
5. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысуға құқығы бар.
6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің штаттық санын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ұлттық қауіпсіздік органдары штаттық санының лимиті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.
7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 20.
8. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мемлекеттік мекемесі.
10. (құпия).
Осы Ереже Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеттері
11. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеттері:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;
5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында және олардың шетелдегі өкілдіктерінде шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарымен және актілерімен анықталған өзге де міндеттер болып табылады.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі функциялары мен құқықтары
12. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;
2) мемлекеттік саясат шегінде қызмет бағытының стратегиясын, мақсатын, есебін, мақсатты индикаторлары мен орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаға арналған ұлттық қауіпсіздіктік органдарының жүйесін дамыту стратегиясын тұжырымдайды;
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
4) жүктелген міндеттерді шешу мен стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін құқықтық, кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын әзірлейді;
5) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін дамыту стратегиясын іске асыру үдерісіне мониторингті жүзеге асырады;
6) ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемаларды табу мен шешудің тетіктерін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыс орнатады, қолдайды және дамытады;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, шет мемлекеттердің үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
10) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен Қазақстан Республикасының Президентін және мемлекеттік органдарын қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, экономикалық және қорғаныс әлеуеті негіздерін қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен қорғау бойынша қарсы барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
12) ұлттық қауіпсіздік органдарымен қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде жасырын әдістер мен құралдарды қолдану тәртібін анықтайды;
13) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады, осы салалардағы өзара іс-қимыл мен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Терроризмге қарсы операцияларды өткізуге, терроризмге қарсы операцияларды құқықтық режиммен қамтамасыз етуге қатысады;
14) террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, практикалық оқу-жаттығулар өткізу мен өзге де шараларды іске асыру арқылы терроризмге қатысты осал объектілерді терроризмге қарсы қорғаудың деңгейін арттыруға ықпал етеді;
15) мемлекеттік органдардың қауіпсіздік жүйесін және террористік қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға дайындығын күшейту бойынша шаралар кешенін іске асыруына, сондай-ақ терроризмге қатысты осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне және олардың басшыларының заңнамамен көзделген талаптарды орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
16) заңнамамен белгіленген тәртіппен жедел іздестіру және қарсы барлау қызметін, анықтау мен алдын ала тергеуді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
17) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз әскерилендірілген құрамалардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіби одақтарының, діни негіздегі партиялар қызметінің, сондай-ақ шетел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіби одақтарды қаржыландыруының алдын алуға және жолын кесуге көмек көрсетеді;
18) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған міндеттерді шешуге көмек көрсетеді;
19) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қорғаныс кешені, атом энергетикасы, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және өзге де стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
20) уәкілетті органдармен қарсыластың барлау-бүлдіру акциясын жүргізуі үшін жағдай жасайтын сыртқы және ішкі факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, соның ішінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көші-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
21) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
22) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
23) ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады;
24) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылайды;
25) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатты ресімдеуге (қайта ресімдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргізумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша іс-шараларды жүргізумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды іске асырады;
26) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға және одан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының оның шегінен тыс жерлерге шығуына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның аумағынан тыс жерлерге шығуына, олардың мемлекет аумағында болу, оларға Қазақстан Республикасында саяси баспана беру, сондай-ақ олардың Қазақстанның аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысады;
27) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;
28) жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулелерді анықтауды және оның жолын кесуді қамтамасыз етеді;
29) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында шифрлік жұмысты ұйымдастырады;
30) үкіметтік байланысты пайдалануды ұйымдастырады;
31) ұлттық қауіпсіздік органдарының қажеттілігі үшін байланыстың жеке қорғалған жүйесін ұйымдастырады;
32) шифрлік құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес орталықтандырылған есепке алуды, оларды Қазақстан Республикасы аумағына және шетелге теміржол, әуе, су және автомобиль көліктерімен тасымалдауды және сүйемелдеуді ұйымдастырады, шифрлік құралдарды есепке алу, тарату, тасымалдау, сүйемелдеу және олармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
34) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үдерісінде ақпаратты жасырын алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласына бақылау жасауды жүзеге асырады;
35) техникалық, соның ішінде криптографиялық, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің және олардың персоналдарының, сондай-ақ шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысады;
37) Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолданады;
38) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңде мемлекет басшыларының, шетел үкіметтері мен халықаралық ұйым басшыларының, сондай-ақ ел аумағында өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;
39) мемлекеттік қызметке кіретін және онда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шекте міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
40) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне техникалық енудің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асырады;
41) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілерін, мекемелердің, орын-жайлардың және көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін құпиялау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
42) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының құпия көмекшілерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
43) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
44) ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етеді;
45) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесі саласында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
46) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін белгілейді және ұйымдастырады;
47) ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін органдар іс-қимылының үйлесімділігі басшылығы мен келісімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, олардың қызметінің тактикасын анықтайды, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
48) ұлттық қауіпсіздік органдарын жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа түрлермен қамтамасыз етуді, соның ішінде қызметкерлер, әскери қызметшілер мен жұмыскерлердің тамақтануын, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салуды және қайта салуды, жөндеуді, тұрғын үй және казармалық тұрғын үй салуды, жөндеуді ұйымдастырады;
49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
50) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
51) ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттау мен құжаттаманы басқару, іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, мұрағаттық істі ұйымдастыру тәртібін белгілейді, осы мақсатта ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;
52) ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде шифрді ашу жұмысын жүргізуді ұйымдастырады;
53) ұлттық қауіпсіздік органдарының полиграфологиялық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге адамдардың денсаулығы жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды айқындайды;
54) әскери-дәрігерлік сараптама, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардағы аурулардың, мертігулердің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланысты-байланысты еместігін белгілеу үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ полиграфологиялық, психологиялық-әлеуметтанулық зерттеу мен есірткіге қатысты тест жүргізеді;
55) ұлттық қауіпсіздік органдарының уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында, абақтыларында ұсталғандарды, қылмыс жасауға күдіктілерді, айыптыларды заңнамаға сәйкес қамауда ұстауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның жұмыс істеу және онда жедел іздестіру қызметін ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету және қадағалау тәртібін белгілейді;
56) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
57) мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
58) жергілікті жерлерде Мемлекеттік шекараны заңсыз өзгертудің алдын алу және жолын кесу, Мемлекеттік шекара режимін қолдау, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекаралық режимді және режимді сақтау бойынша шаралар әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады;
59) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауға қатысты мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың қызметіне, Мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға, шет мемлекеттердің шекаралық ведомстволарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша халықаралық келіссөздерге қатысады;
60) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерінде, органдарында және ведомстволарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді;
61) ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
62) арнайы байланыс құралдарын, ақпараттық жүйені, қару-жарақ құралдары мен жабдықтарын, арнайы техникалық және өзге де құралдарды әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
63) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақытылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
64) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" құрамына қатысуын қамтамасыз етеді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурстарын ақпараттық материалдармен толтыру бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
65) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.
13. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, сараптамалық-криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанулық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;
2) мақсаттары мен іс-әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарына, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыруға;
3) радиоэлектроникалық және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, барлау қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауға;
4) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келулерінің жолын жабу және одан шығару туралы мәселелерді шешуге;
5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көзделген шектерде басқа органдарға міндетті түрде орындалатын тапсырма беруге;
6) азаматтарды өндірістегі материалдар бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарына шақыруға, олардан түсініктеме, анықтама, құжаттар алуға және олардан көшірлемелер түсіруге; шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелуге;
7) заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге. Қылмыс жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алуды жүзеге асыруға;
8) терроризмге қарсы операцияларға қатысуда және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға;
9) қылмыстардың алдын алу, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп күдік туғызған адамдардың ізін кесу мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары олардың талаптары бойынша байланыс құралдары мен көлік құралдарына келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;
10) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тартуға;
11) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына берілген қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;
12) арнайы күзетілетін ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де объектілерге ену немесе енуге әрекет етумен байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алуды жүзеге асыруға құқылы. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардан түсініктемелер алуға, оларды жеке тексеруді және тексеруді, олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;
13) шарттық негізде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің, әскери құрамалардың және өзге де ұйымдардың қызметтік орын-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және өзге де орын-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін пайдалануға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде тұтқындау ұйғарылған адамдарды немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған, сондай-ақ әкімшілік ұсталған және әкімшілік тұтқындалған адамдарды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторын, тергеу изоляторларын, абақтыларын иеленуге құқылы. Кейбір жағдайларда ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша, - құқық қорғау органдарымен ұсталғандарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін;
15) заңнамада белгіленген тәртіпте әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін медициналық, мекемелер мен бөлімшелерін иеленуге;
16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасауға;
17) ұйымдармен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажет болатын шарттар, келісімдер жасауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлескен бұйрықтар шығаруға;
18) мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалған құпиялардың сақталуын, мемлекеттік органдардағы, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардағы, сондай-ақ өзге де ұйымдардағы арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің, шифрлік қызмет іс-қимылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруға, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге құқылы. Белгіленген тәртіппен шифрлік байланыс желісі бөлімшелерінің, сондай-ақ кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін оларды жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланған жағдайда тоқтатуға;
19) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, радиоэлектрондық хабар тарату құралдарының қолданылуына жол бермеуге;
20) ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден, әскери құрамалар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз алуға;
21) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін іссапарға, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге;
22) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты мұрағаттық оперативтік, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ғылыми-зерттеу мекемелерімен, оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
24) арнайы байланыс құралдарын, ақпараттық жүйені, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда қару-жарақ құралдары мен жабдықтарды әзірлеуге, жасауға, сатып алуға және пайдалануға құқылы. Осы мақсатта ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, Қазақстан Республикасының органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісім шарттар жасасуға;
25) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлауды, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес арнаулы және өзге де органдары, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға;
26) зерттеу мен тексеру жүргізгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асыруға;
27) жеке тұлғалар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілеріне және орын-жайларына кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа);
28) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарының іс жүргізуін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша жұмыс жағдайын тексеруді бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық қарастылығын құпиялау мақсатында әзірленуі және (немесе) ресімделуі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
30) құпия;
31) құпия;
32) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
4. Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің қызметін ұйымдастыру
14. Ұлттық қауіпсіздік комитетін Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және Республика Президенті қызметтен босатады.
15. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Төрағаның орынбасарларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының басшыларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы:
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады және оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін дербес жауап береді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары мен аумақтық органдарын, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін құру, тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымын, штаттық құрылымын бекітеді, сондай-ақ олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволарды қоспағанда, олар туралы ережелерді (жарғыларды) бекітеді;
4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады, өзінің қарамағындағы лауазымды адамдар шығарған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларына қайшы келетін құқықтық актілерді жояды;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұйымдастыру-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан өкілдік етеді;
7) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операцияларды өткізу бойынша, терроризм актілерінің жолын кесу бойынша республикалық жедел штабтың жетекшісі болып табылады, бұл ретте терроризмге қарсы операцияларды өткізудің басынан бастап ол аяқталғанға дейін оның жетекшісі және оны өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілерінің, қызметкерлерінің және мамандардың бастығы болады;
8) халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдерін жібереді;
9) ұйымдастырушылық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге де мәселелерді шешуде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы орынбасарларының, ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының басшылары мен лауазымды тұлғаларының өкілеттігін айқындайды;
10) Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және Республика астанасы бойынша департаменттерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеттің өзге де органдарының бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген лауазымды тұлғаларын тағайындау және босату тәртібін белгілейді;
11) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымдар номенклатурасын, қатардағы және сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), кіші және аға құрам офицерлері құрамындағы қызметкерлерімен және әскери қызметшілер атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді, сондай-ақ әрекет етуші резервтегі офицерлердің санын белгілейді;
12) офицерлік құрамның алғашқы арнайы немесе әскери атағын және "полковник" ("бірінші рангілі капитан") атағын, ал көтермелеу түрінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кезектен тыс мерзімінен бұрын арнайы және әскери атақ және атқарып отырған әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары әскери атақ береді;
13) қызметкерлер мен әскери қызметшілерді ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекет етуші резервке алу мен олардың қызметті өткеру тәртібін белгілейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары әрекет етуші резервтегі офицерлерінің мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың басшыларының келісімі бойынша лауазымдар атқаруы жөніндегі мәселелерді шешеді;
14) бекітілген қаржыландыру жоспарларының шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға көзделген қаржы қаражатын орталықтандырады және бөледі;
15) ұлттық қауіпсіздік органдарындағы құпиялауға жататын мәліметтердің тізбесін бекітеді;
16) террористік қатынаста осал объектілердің тізбесін бекітеді;
17) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оған бағынысты органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлерін тәртіптік тұрғыдан көтермелейді және жаза қолданады;
18) Қазақстан Республикасының Президентіне ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне жоғары арнайы және әскери атақтар беру туралы және мемлекеттік наградалармен наградтау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
19) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен наградтайды;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарлама) қаржыландыру жоспары бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі мен шарттарын анықтайды;
21) қызметкерлер, әскери қызметшілер мен жұмыскерлердің қызметтік куәліктерінің және ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің ішінен зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік куәліктерінің сипатын бекітеді, сондай-ақ оларды беру және пайдалану тәртібін белгілейді;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери кеңесі туралы ережені, оның саны мен құрамын бекітеді;
23) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген лауазымдар тізілімдерінде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілерінің типтік емес лауазымдар тізбелерін бекітеді;
24) лауазымдық жалақыларын анықтау кезінде коэффициенттерді белгілеу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері және әскери қызметшілердің қызмет өтілін есептеу тәртібін және шарттарын анықтайды;
25) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына олардың арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке кіргенге дейінгі еңбек қызметінің өтілін лауазымдық жалақыларын есептеу және зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына қосу тәртібі мен шарттарын анықтайды;
26) офицерлердің типтік емес лауазымдары мен оларға тиісті шектегі арнайы және әскери атақтардың тізбелерін бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кандидаттарды, жоғары немесе орта арнайы білімі бар шақырылушыларды тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке немесе әскери қызметке және жалпы әскери есептен шығара отырып, әскери міндеттілерді запасқа шығарады, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады және қызметтен немесе әскери қызметтен шығарады, әскери атақ береді және лауазымдарға ауыстырады;
28) Қызметкерлермен, әскери қызметшілермен және әскери міндеттілермен келісімшарттар жасасу, қызметке тағайындау, босату, жұмыстан шығару, сондай-ақ оларға арнайы немесе әскери атақ беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін белгілейді;
29) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкері және әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, төмендету және алып тастау тәртібін белгілейді;
30) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін белгілейді;
31) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға белгіленген тәртіппен олардың басшыларының келісімімен арнаулы мемлекеттік органдарында қызметте және әскери қызметте қалдыра отырып, іссапарға жіберуді жүзеге асырады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін;
32) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламаларының көлемінде, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы және өзге де органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарындағы оқу бағдарламаларының көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беруді жүзеге асырады;
33) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекшілік қызметінің іс-қимылын ұйымдастырады, оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының кезекшілік қызметтерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
34) ұлттық қауіпсіздік органдарында ғылыми-зерттеу қызмет ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
35) Ұлттық қауіпсіздік комитеті регламентін бекітеді;
36) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
37) Ұлттық қауіпсіздік органдарында талдаулық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекітеді;
38) Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік институттарды
ақпараттандыру қағидаларын бекітеді;
39) Ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия және құпия емес іс жүргізу нұсқаулығын бекітеді;
40) Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы электрондық құжат айналымы жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
41) Ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия және құпия емес іс жүргізу бөлімшелері туралы типтік ережені бекітеді;
42) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы ережені бекітеді;
43) Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде мөрлер, мөртабандар мен қатаң есептілік бланктерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
44) Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы есептік-тіркеу тәртібін бақылау комиссиясы туралы ережені бекітеді;
45) Ұлттық қауіпсіздік органдарында тәулік бойы кезекшілікті
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;
46) Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
47) Ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық-насихат жұмысының қағидалары мен тәртібін бекітеді;
48) Ұлттық қауіпсіздік органдары медициналық бөлімшелеріндегі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
49) Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
50) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен зейнеткерлерін санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;
51) сүңгуірлік түсу, әуе-десанттық және биікте атқарылатын дайындық қағидаларын бекітеді;
52) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері жетондарының үлгілерін және оларды беру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті жекелеген бөлімшелерінің ішкі ведомстволық айырым реквизиттарының (қосымша шеврондарының, эмблемаларының және арнайы автомобиль техникасының бірыңғай түсін) сипатын және нысанын бекітеді;
53) қызметкерлер мен әскери қызметшілерге жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына мынадай қызметтерді есептеу тәртібі мен шарттарын белгілейді:
авиацияда ұшу жұмысында, соның ішінде реактивтік және турбовинтті авиацияда;
су астында және барокамераларда ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін сүңгуірлер лауазымдарында;
парашютпен жүйелі түрде секірумен байланысты міндеттерді орындайтын лауазымдарда;
арнаулы мақсаттағы бөлімшелерде;
заставаларда, посттарда, комендатураларда, бақылау-өткізу пункттерінің бөлімшелерінде, ауысымды маневрлік топтарда, Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын кемелер мен катерлерде және шекара әскерінің басқа да бөлімшелерінде;
теңіз деңгейінен 1000 метрден 1500 метрге дейінгі биіктіктегі жоғары таулы жерлерде, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде;
жаппай қоғамға қарсы көріністермен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті күзету мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын құрамаларда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарда тапсырмалар орындайтын қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
тікелей посттық қызмет атқарып жүрген, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет өткеріп жүрген жедел құрамға;
барлаушы-әйелдерге;
54) ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оларды құру қағидаларын бекітеді;
55) әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерлерін жерлеуге және оның отбасына бір жолғы жәрдемақы төлемдерін тағайындау туралы нұсқаулықты бекітеді;
56) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің қызметтік іссапарлары туралы нұсқаулықты бекітеді;
57) ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери тасымалдар мен олар үшін есеп айырысуларды ресімдеу қағидаларын бекітеді;
58) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
59) ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері немесе әскери қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу туралы нұсқаулықты бекітеді;
60) тұрақты жұмыс істейтін ведомстволық бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
61) ұлттық қауіпсіздік органдарында қаржылық және бухгалтерлік есептің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу тәртібін бекітеді;
62) құпия;
63) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдері туралы ережені бекітеді;
64) құпия;
65) құпия;
66) құпия;
67) құпия;
68) құпия;
69) құпия;
70) құпия;
71) құпия;
72) құпия;
73) құпия;
74) құпия;
75) құпия;
76) құпия;
77) құпия;
78) құпия;
79) құпия;
80) құпия;
81) құпия;
82) құпия;
83) құпия;
84) құпия;
85) құпия;
86) құпия;
87) құпия;
88) құпия;
89) құпия;
90) құпия;
91) құпия;
92) құпия;
93) құпия;
94) құпия;
95) құпия;
96) құпия;
97) құпия;
98) құпия;
99) құпия;
100) құпия;
101) құпия;
102) құпия;
103) құпия;
104) құпия;
105) құпия;
106) құпия;
107) құпия;
108) құпия;
109) құпия;
110) құпия;
111) құпия;
112) құпия;
113) құпия;
114) құпия;
115) құпия;
116) құпия;
117) құпия;
118) құпия;
119) құпия;
120) құпия;
121) құпия;
122) құпия;
123) құпия;
124) құпия;
125) ұлттық қауіпсіздік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады;
126) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Төрағаның тапсырмасы бойынша бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.
18. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, жедел-қызметтік іс-қимыл мен кадрлармен жұмыс істеудің аса маңызды мәселелерін қарау, бұлар жөнінде келісілген шешімдер қабылдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде алқа құрылады.
Алқа құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (алқа төрағасы), оның бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымдары бойынша), Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының шешімі бойынша ведомстволардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.
Алқаның міндеттері, өкілеттіктері мен қызмет тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін ережемен регламенттеледі.
19. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын тұжырымдау үшін консультативтік-кеңестік орган - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесі құрылады. Ғылыми-техникалық кеңестің міндеттері, құрамы, өкілеттіктері мен тәртібі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін ережемен регламенттеледі.
20. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілері Қазақстан Республикасының режимдік немесе айрықша режимдік объектілерінің қатарына жатады.
5. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүлігі
21. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүлігі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ баланста құны көрсетілетін өзге де мүліктен құралады.
22. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
6. Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
23. Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.