ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион 202 (екі жүз екі) миллиард 938 (тоғыз жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге (2015 жылы 395 (үш жүз тоқсан бес) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге, 2016 жылы 807 (сегіз жүз жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге) мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:
1) 2015 жылы:
республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 178 (бір жүз жетпіс сегіз) миллиард теңге;
Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 8 (сегіз) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
Боржақты - Ерсай теміржол желісі құрылысын аяқтау үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 6 (алты) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;
Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзацтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР Президентінің 17.02.2015 N 1003 Жарлығының 2-т. қараңыз.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу тетігі арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 60 (алпыс) миллиард теңге;
жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы үшін бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға - 30 (отыз) миллиард теңге;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайту үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға - 5 (бес) миллиард 792 (жеті жүз тоқсан екі) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;
ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын субсидиялауға - 13 (он үш) миллиард теңге;
техникалық стандарттар мен регламенттерді бақылау үшін зертханалық базаны нығайтуға - 1 (бір) миллиард 107 (бір жүз жеті) миллион 826 (сегіз жүз жиырма алты) мың теңге;
жер қойнауының перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға - 4 (терт) миллиард 609 (алты жүз тоғыз) миллион 118 (бір жүз он сегіз) мың теңге;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде қажетті инфрақұрылымды тартуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 9 (тоғыз) миллиард 781 (жеті жүз сексен бір) миллион 530 (бес жүз отыз) мың теңге;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қосымша қаржыландыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге - 7 (жеті) миллиард 200 (екі жүз) миллион теңге;
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
бірінші кезекте үш ауысымдық оқытуды және мектептердің авариялығын жою үшін білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге — 19 (он тоғыз) миллиард 447 (төрт жүз қырық жеті) миллион 400 (төрт жүз) мың теңге;
мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге - 12 (он екі) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 8 (сегіз) миллиард теңге;
Халықаралық ғарыш станциясына Қазақстан Республикасы ғарышкерінің ұшуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу - 5 (бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
2) 2016 жылы:
республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 151 (бір жүз елу бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;
Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 17 (он жеті) миллиард теңге;
үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 90 (тоқсан) миллиард теңге;
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 57 (елу жеті) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 41 (қырық бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға - 101 (бір жүз бір) миллиард 600 (алты жүз) миллион теңге;
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қарыз алу көлемін ұлғайту және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қорландыру үшін қосымша қаражат тарту үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 25 (жиырма бес) миллиард теңге;
Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып-қону жолағын реконструкциялау үшін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;
жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 61 (алпыс бір) миллиард теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық шеңберінде 12000 (он екі мың) және 3000 (үш мың) орындық Мұз айдындарының құрылысын аяқтауға Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 10 (он) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге Алматы қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада объектілері үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін салу және реконструкциялау үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 15 (он бес) миллиард теңге;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 63 (алпыс үш) миллиард теңге;
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшыларына өтемақы төлеуге - 20 (жиырма) миллиард 900 (тоғыз жүз) миллион теңге;
көрме контентін қалыптастыру, ІТ-инфрақұрылымын құру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 60 (алпыс) миллиард теңге бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.02.2015 № 1003; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2015 № 81; 17.11.2015 № 114; 20.02.2016 N 200 Жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) бюджеттік кредиттеу және республикалық бюджеттен субсидия бөлу үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.02.2015 № 1003 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев