Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығы.

Жаңартылған

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион 148 (бір жүз қырық сегіз) миллиард 287 (екі жүз сексен жеті) миллион 307 (үш жүз жеті) мың теңге (2015 жылы 395 (үш жүз тоқсан бес) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге, 2016 жылы 752 (жеті жүз елу екі) миллиард 848 (сегіз жүз қырық сегіз) миллион 832 (сегіз жүз отыз екі) мың теңге) мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:

      1) 2015 жылы:

      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 178 (бір жүз жетпіс сегіз) миллиард теңге;

      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 8 (сегіз) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;

      Боржақты - Ерсай теміржол желісі құрылысын аяқтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 6 (алты) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;

      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзацтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР Президентінің 17.02.2015 N 1003 Жарлығының 2-т. қараңыз.

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу тетігі арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 60 (алпыс) миллиард теңге;

      жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы үшін бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға - 30 (отыз) миллиард теңге;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайту үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға - 5 (бес) миллиард 792 (жеті жүз тоқсан екі) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;

      ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын субсидиялауға - 13 (он үш) миллиард теңге;

      техникалық стандарттар мен регламенттерді бақылау үшін зертханалық базаны нығайтуға - 1 (бір) миллиард 107 (бір жүз жеті) миллион 826 (сегіз жүз жиырма алты) мың теңге;

      жер қойнауының перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға - 4 (терт) миллиард 609 (алты жүз тоғыз) миллион 118 (бір жүз он сегіз) мың теңге;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде қажетті инфрақұрылымды тартуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 9 (тоғыз) миллиард 781 (жеті жүз сексен бір) миллион 530 (бес жүз отыз) мың теңге;

      жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша қосымша қаржыландыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге - 7 (жеті) миллиард 200 (екі жүз) миллион теңге;

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;

      бірінші кезекте үш ауысымдық оқытуды және мектептердің авариялығын жою үшін білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге — 19 (он тоғыз) миллиард 447 (төрт жүз қырық жеті) миллион 400 (төрт жүз) мың теңге;

      мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге - 12 (он екі) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;

      жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;

      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 8 (сегіз) миллиард теңге;

      Халықаралық ғарыш станциясына Қазақстан Республикасы ғарышкерінің ұшуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу - 5 (бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;

      2) 2016 жылы:

      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - -151 (бір жүз елу бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;

      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;

      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға- 17 (он жеті) миллиард теңге;

      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 89 (сексен тоғыз) миллиард 956 (тоғыз жүз елу алты) миллион 507 (бес жүз жеті) мың теңге;

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 402 (төрт жүз екі) миллион 608 (алты жүз сегіз) мың теңге;

      білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 57 (елу жеті) миллиард 371 (үш жүз жетпіс бір) миллион 837 (сегіз жүз отыз жеті) мың теңге;

      жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;

      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 12 (он екі) миллиард 332 (үш жүз отыз екі) миллион 643 (алты жүз қырық үш) мың теңге;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға - 87 (сексен жеті) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;

      "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін салу үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қарыз алу көлемін ұлғайту және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қорландыру үшін қосымша қаражат тарту үшін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 25 (жиырма бес) миллиард теңге;

      Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып-қону жолағын реконструкциялау үшін "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;

      жаппай құрылыс салынатын аудандардағы тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 60 (алпыс) миллиард 458 (төрт жүз елу сегіз) миллион 517 (бес жүз он жеті) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық шеңберінде 12000 (он екі мың) және 3000 (үш мың) орындық Мұз айдындарының құрылысын аяқтауға Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 10 (он) миллиард 908 (тоғыз жүз сегіз) миллион 407 (төрт жүз жеті) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге Алматы қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт бөлуге - 10 (он) миллиард 750 (жеті жүз елу) миллион 1 (бір) мың теңге;

      2017 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада объектілері үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін салу мен реконструкциялау үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфертін бөлуге - 4 (төрт) миллиард 398 (үш жүз тоқсан сегіз) миллион 22 (жиырма екі) мың теңге;

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде индустриялық инфрақұрылым жүргізуге облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 14 (он төрт) миллиард 565 (бес жүз алпыс бес) миллион 48 (қырық сегіз) мың теңге;

      "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер бөлуге - 62 (алпыс екі) миллиард 971 (тоғыз жүз жетпіс бір) миллион 641 (алты жүз қырық бір) мың теңге;

      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының салымшыларына өтемақы төлеуге - 18 (он сегіз) миллиард 733 (жеті жүз отыз үш) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;

      көрме контентін қалыптастыру, ІТ-инфрақұрылымын құру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары үшін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 60 (алпыс) миллиард теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.02.2015 № 1003; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2015 № 81; 17.11.2015 № 114; 20.02.2016 N 200; 13.09.2016 № 337 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) бюджеттік кредиттеу және республикалық бюджеттен субсидия бөлу үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.02.2015 № 1003 Жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев