ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 Жарлығында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 80 (сексен) миллиард 848 (сегіз жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге:
68 (алпыс сегіз) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
12 (он екі) миллиард 348 (үш жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге сомасына «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін;»;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығында:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 962 (тоғыз жүз алпыс екі) миллиард 438 (төрт жүз отыз сегіз) миллион 475 (төрт жүз жетпіс бес) мың теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:»;
1) тармақшада:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайту үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға - 5 (бес) миллиард 792 (жеті жүз тоқсан екі) миллион 601 (алты жүз бір) мың теңге;»;
оныншы, он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық стандарттар мен регламенттерді бақылау үшін зертханалық базаны нығайтуға - 1 (бір) миллиард 107 (бір жүз жеті) миллион 826 (сегіз жүз жиырма алты) мың теңге;
жер қойнауының перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға - 4 (терт) миллиард 609 (алты жүз тоғыз) миллион 118 (бір жүз он сегіз) мың теңге;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде қажетті инфрақұрылымды тартуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 9 (тоғыз) миллиард 781 (жеті жүз сексен бір) миллион 530 (бес жүз отыз) мың теңге;»;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші кезекте үш ауысымдық оқытуды және мектептердің авариялығын жою үшін білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге — 19 (он тоғыз) миллиард 447 (төрт жүз қырық жеті) миллион 400 (төрт жүз) мың теңге;»;
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық ғарыш станциясына Қазақстан Республикасы ғарышкерінің ұшуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу - 5 (бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;»;
2) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервін ұлғайтуға - 225 (екі жүз жиырма бес) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге бөлінсін.».
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев