Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансфе

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1003 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 28.08.2015 № 35/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың арасынан туберкулез ауруының шығуына байланысты, Дубовка ауылдық округі Алабас ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Н. Кобжанов

       "КЕЛІСІЛДІ"     
 
 

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Бұқар жырау аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы
      _____________ Е. Садиров

      2015 жылдың 18 ақпан