"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 ақпандағы № 200 Жарлығы

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2016 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында шақырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев