Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 720 (жеті жүз жиырма) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:
      1) 2015 жылы:
      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 178 (бір жүз жетпіс сегіз) миллиард теңге;
      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 8 (сегіз) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
      Боржақты - Ерсай теміржол желісі құрылысын аяқтау үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 6 (алты) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;
      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға - 60 (алпыс) миллиард теңге;
      «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының жалға берілетін тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
      білім объектілерін салуға және реконструкциялауға, сейсмикалық күшейтуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 30 (отыз) миллиард теңге;
      білім және ғылым объектілерін салуға және реконструкциялауға, жоғары оку орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
      жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 39 (отыз тоғыз) миллиард 200 (екі жүз) миллион теңге;
      2) 2016 жылы:
      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 143 (бір жүз қырық үш) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;
      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 7 (жеті) миллиард теңге;
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының бюджеттік кредиттеу және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға - 100 (бір жүз) миллиард теңге;
      «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының жалға берілетін тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
      білім объектілерін салуға және реконструкциялауға, сейсмикалық күшейтуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 30 (отыз) миллиард теңге;
      білім және ғылым объектілерін салуға және реконструкциялауға, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
      жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 52 (елу екі) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен субсидия бөлу үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев