РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысын қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.26. N 291 Жарлығымен.1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы 2027 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.03.24. N 1530; 2008.12.29 N 722, 2011.01.26 N 1141 Жарлықтарымен.2. Қоса беріліп отырған:
1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейі бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.03 № 314 Жарлығымен.3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығымен бекітілген |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.05.03 № 314 Жарлығымен.
Осы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен қағидаттарын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана – жаңа қала" АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі болып табылады және 7634,71 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, алаңы 433,1 гектар № 2 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі кіреді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2013 № 681 Жарлығымен.2. АЭА:
1) инвестициялар тарту және құрылыстағы озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.
3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 25.11.2016 N 377 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
6. АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
2. АЭА-ны басқару
7. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
3. АЭА-ның аумағындағы салық салу
9. АЭА-ның аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4. Кедендік реттеу
10. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бөлігінде қолданылады.
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен қызметін АЭА-ға қатысушы ретінде жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың АЭА аумағында орналастыруына және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар орналастырылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2013 № 681 Жарлығымен.12. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2013 № 681 Жарлығымен.13. АЭА аумағында Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
14. АЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және қолданылуы мүмкін.
15. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерде орналастырылған ретінде қаралады.
16. Уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, тауарларды кедендік тазартумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізумен байланысты кедендік операциялар Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. АЭА-ның аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі
17. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келу, кету, транзиті мен болу тәртібі қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
18. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
19. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
20. АЭА-ны тарату рәсімін Астана қаласының әкімдігі жүзеге асырады.
21. АЭА-ның құрылған мерзімінің өтуіне байланысты таратылған кезде Астана қаласының әкімдігі:
1) көрсетілген мерзімнің аяқталуынан үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы уақытта таратылатыны, оның таратылуына байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру жариялайды;
2) АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеудің тәртібі жөнінде түсініктеме берілуін қамтамасыз етеді;
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
22. АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрын таратылған кезде, рәсім алты айдан аспайтын мерзімде осы Ереженің 21-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.
23. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығымен бекітілген |
|
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге ҚОСЫМША |
"Астана – жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2013 № 681 Жарлығымен.
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы S=7634,71 га
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс
істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға
қол жеткізбеудің сынақты деңгейі
Ескерту. Жарлық қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.05.03 № 314 Жарлығымен.
№ | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары) | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең (2011) | 2017 жылға қарай қол жеткізу | ||||||
2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | Сынақты деңгей | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Жалпы инвестиция көлемі, соның ішінде (ұлғайтумен)**: | млрд. теңге | 911 | 975,8 | 1040,6 | 1105,4 | 1170,2 | 1235 | 1300 | 1100 |
Шетелдік инвестиция көлемі | млрд. теңге | 101 | 101,2 | 101,3 | 101,5 | 101,6 | 101,8 | 102 | 101 | |
Отандық инвестиция көлемі | млрд. теңге | 810 | 874,6 | 939,2 | 1003,8 | 1068,4 | 1133 | 1198 | 999 | |
2 | АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі** | млрд. теңге | 35 | 40,8 | 46,6 | 52,4 | 58,2 | 64 | 70 | 40 |
3 | Қатысушылар саны | компаниялар | 24 | 28 | 33 | 37 | 41 | 45 | 50 | 30 |
4 | Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны | адам | 50 | 58 | 64 | 72 | 81 | 89 | 100 | 50 |
5 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (ұлғайтумен) | адам | 950 | 1375 | 1800 | 2225 | 2650 | 3075 | 3500 | 1500 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі | % | 15 | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | 45 | 25 |
7 | Астана қаласының аумағындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігің деңгейі*** | % | - | 3,7 | 4,8 | 6,2 | 8,0 | 10,0 | 11,8 | 8,0 |
кестенің жалғасы
№ | 2022 жылға қарай қол жеткізу | 2027 жылға қарай қол жеткізу | ||||||||||
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | Сынақты деңгей | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | Сынақты деңгей | |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | |
1 | 1350 | 1400 | 1450 | 1500 | 1550 | 1300 | 1620 | 1690 | 1760 | 1830 | 1900 | 1500 |
104 | 105 | 107 | 108 | 110 | 102 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 110 | |
1246,4 | 1294,8 | 1343,2 | 1391,6 | 1440 | 1198 | 1509 | 1578 | 1647 | 1716 | 1785 | 1390 | |
2 | 80 | 90 | 100 | 110 | 120 | 60 | 126 | 132 | 138 | 144 | 150 | 75 |
3 | 52 | 55 | 58 | 60 | 62 | 35 | 64 | 67 | 70 | 75 | 80 | 50 |
4 | 110 | 120 | 130 | 140 | 150 | 75 | 160 | 170 | 180 | 190 | 200 | 100 |
5 | 3700 | 3900 | 4100 | 4300 | 4500 | 2000 | 4700 | 4900 | 5100 | 5300 | 5500 | 2750 |
6 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 30 | 52 | 54 | 56 | 58 | 60 | 35 |
7 | 12,2 | 12,5 | 12,9 | 13,2 | 13,5 | 12,5 | 13,7 | 13,9 | 14,1 | 14,5 | 15 | 13,9 |
Ескертпе:
* - индикаторлар көрсеткіштері ұлғаю қорытындысымен келтірілген;
есептеу кезінде қолданылған бағам: 1 АҚШ доллары - 147 теңге.
** - инвестициялар сомасы АЭА құрылған сәттен (2002 жылдан) бастап ұлғайтыла көрсетілгеніне, ал тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі 2010 жылдан бастап іске қосылған өндірістерге сәйкес көрсетілгеніне байланысты АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі инвестициялар сомасынан аз. Бүгінгі күнге өндірісті 7 кәсіпорын жүзеге асырады, 16 объекті салыну сатысында және 27 жоба жобалау сатысында.
Астана қаласының № 1 индустриялық паркі бойынша инвестиция көлемі 135 774 млн. теңгені құрайды, кәсіпорындардың жобалық қуатына шыққанынан кейінгі өндіріс көлемі жылына 175 720 млн. теңгені құрайды.
*** - бұл көрсеткішті Қазақстан Республикасының статистика органдары есептейді