Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы 2010 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2005.03.24.
N 1530
жарлығымен.
2. Қоса беріліп отырған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы" ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен
бекітілген
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президенті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына сәйкес әзірленді және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен принциптерін белгілейді.
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Есіл өзенінің сол жақ жағалауында, Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1566,3 гектарды құрайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2005.03.24.
N 1530
жарлығымен.
2. АЭА Есілдің сол жақ жағалауын құрылысқа инвестицияларды тарту және озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау арқылы жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы
N 2823
Жарлығымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4. АЭА-ның аумағында ерекше құқықтық режим белгіленеді.
2. АЭА-ны басқару және атқарушы органның өкілеттіктері
5. АЭА-ны басқаруды оның аумағында орналасқан Астана қаласының әкімияты жүзеге асырады.
6. Астана қаласының әкімияты:
АЭА-ны дамытудың стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады;
АЭА-ның аумағындағы мемлекеттік және өзге де органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
АЭА-ны дамыту және оны құрудағы мақсаттарға қол жеткізу үшін отандық және шетелдік инвестициялардың, сондай-ақ кредит қаражатының тартылуын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7. АЭА-ның қызметін қамтамасыз етумен байланысты жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыру үшін Астана қаласының әкімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құруға құқылы.
3. АЭА-ның аумағындағы салық салу
8. АЭА-ның аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
9. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасына
сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасының аумағы ретінде қаралады. АЭА-ның шекарасы күллі периметрі бойынша арнаулы қоршаумен жабдықталады.
10. АЭА-ның аумағында кедендік ресімдеу және бақылау кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. АЭА-ның аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі
11. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келу, кету, транзиті мен аймақта болу тәртібі қолданылады.
12. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
13. АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы
N 2823
Жарлығында көзделген негіздер бойынша таратылады.
14. АЭА-ны тарату рәсімін Астана қаласының әкімияты жүзеге асырады.
15. АЭА құрылатын мерзімнің өтуіне байланысты таратылған кезде Астана қаласының әкімияты:
аталған мерзімнің аяқталуынан үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы уақытта таратылатыны, оның таратылуына байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру жариялайды;
АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік режимде қайта ресімдеудің тәртібі жөнінде түсініктеме берілуін қамтамасыз етеді;
АЭА таратылғаннан кейін бір айдың ішінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері жөнінде есеп береді.
16. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен АЭА мерзімінен бұрын таратылғанда, тарату рәсімі алты айдан кешіктірілмей осы Ереженің 15-тармағында көзделген барлық рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.
17. Осы Ережемен реттелмеген АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.