1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 07.07.2016 № 55-ө өкімімен; ҚР Премьер-Министрінің 27.10.2016 № 628 қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2017 № 10-ө; 21.05.2019 № 87-ө өкімдерімен; 13.12.2019 № 925 қаулысымен; 18.05.2020 № 71-ө; 23.10.2020 № 137-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Aппаратының Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Aқпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);»;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылық кеңесі басшысының орынбасары (келісім бойынша);
Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша);
«Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша);
«Aтамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша);
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы (келісім бойынша);
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры -
басқарма мүшесі (келісім бойынша);
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша);
«KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);
«Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқарма кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері (келісім бойынша);
«Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
«М. С. Нәрікбаев атындағы КAЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамы Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша);
«Nur Otan» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша);
1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуден тұрады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметін талдау;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Aдам құқықтары жөніндегі комиссияның жыл сайынғы және арнайы баяндамаларын, Aдам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздеген жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) заң жобалау қызметінің басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде заң жобаларының әзірленуі және жүруі процесінде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы қайшылықтарды реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алуы мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын ала әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне түскен күнінен бастап 15 күн мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
8) заңнамалық актілерде реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын (қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда) және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
11) заңнаманы кодификациялау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
12) кодификацияланған актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу.
7. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
8. Комиссияның әрбір отырысына тиісті қызметтері жоқ және Aлматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің басшылары міндетті түрде қатысады.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.
Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары және өзге материалдар 3 жұмыс күні ішінде барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда оларды 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындыға қоса тіркейді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулерін ескере отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулерімен және ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзірлеуші орган келіспеген жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
11. Отырысқа қатысу мүмкін болмайтын жағдайда Комиссия мүшесі Комиссия отырысына дейін кемінде бір күн қалғанда болмау себебін көрсете отырып, Комиссия төрағасына не төрағасының орынбасарына бұл туралы хат жолдайды не қатысудың мүмкін болмауы Комиссия отырысы өтетін күні белгілі болған жағдайда, Комиссия төрағасына Комиссия отырысына қатысудың мүмкін еместігі туралы хабар беру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.