Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша);";
2) "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша);".
Премьер-Министр | А.Мамин |