Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №11-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
"М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті" акционерлік қоғамы Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша);
"Nur Otan" партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісу бойынша) енгізілсін;
мына:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Нұр Отан" партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары – заң қызметінің басшысы (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша);";
"Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамының Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);"
деген жолдар алып тасталсын;
2) "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссияның құрамында:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
мына:
"Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және даму вице-министрі;" деген жолдар алып тасталсын.
Премьер-Министр | А. Мамин |